Здесь была ссылка на работу Панорамалық ашық сабақ автора Ергажина Гулайым Еркеновна.
Ссылка на нее удалена по требованию посредника Инфоурок.
Если вы являетесь автором этой работы и хотите подтвердить её публикацию на этом сайте,
.
Панорамалық ашық сабақ 7-8 сыныптары Лексикалық тақырыптар : Ыбырай Алтынсарин . Менің әуесім – кітап оқу Грамматикалық тақырыптар : Тұйық етістік. Термин сөздер. Ырықсыз етіс. Еріндік дауыстылар орфоэпиясы. Сабақтың мақсаты: Оқушыларға Ы.Алтынсариннің өмір жолы мен шығармашылығын таныту; кітап оқудың адам өміріндегі маңыздылығына оқушы назарын аудару. Міндеттері: а) білімділік- оқушыларға Ы.Алтынсарин шығармаларының маңызды тақырыптарға арналғанын , көтерген идеяларының мәңгілік өміршеңдігін оқушылардың жүрегіне жеткізіп, дүниетанымын, ой- өрісін кеңейтіп, жетілдіру; ә) дамытушылық- оқушылардың шығармашылық қабілетін дамыту, ойын ашық айта білуге баулу; б) тәрбиелік- адамдыққа, мейірімділікке , жақсы жолдас бола білуге баулу. Сабақтың түрі: панорамалық сабақ. Оқыту формасы: жеке-дара, жұптық және топтық жұмыс. Сабақтың көрнекілігі: портрет, тірек сызба, компьютер, интербелсенді тақта, фломастер, ватман, үлестірмелі материал. Пәнаралық байланыс: қазақ әдебиеті, тарих, орыс тілі. Сабақ барысы: I. Ұйымдастыру кезеңі (2 мин.). Кезекшімен сұхбаттасу: - Бүгін кім кезекші? - Сыныпта кім жоқ? - Бүгін нешесі? - Аптаның қай күні? - Жылдың қай мезгілі? - Қазір қай сабақ? - Нешінші сабақ?