Педагогикалық оқулар "Қазіргі заманға сай білім беру технологиялары – білім сапасын арттыру құралы ретінде"

Предмет: Директору-завучу
Категория материала: Презентации
Автор:

Тәуелсіз ел тірегі- білімді ұрпақ десек, жаңа дәуірдің күн тәртібінде тұрған келесі мәселе- білім беру, ғылымды дамыту. Осы орайда білім ордасы мектеп, ал мектептің жаны мұғалім екендігі баршамызға мәлім. Бүгінгі тақырыпқа тоқталсақ, білім сапасы әрине мұғалімнің шеберлігіне байланысты.

Сондықтан жас ұрпаққа, жас буынға жаңаша білім беру жолында түбегейлі өзгерістер жүріп жатыр. «Келер ұрпақ алдында зор жауапкершілік жүгін арқалап келеміз» деген  Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың сөзі ұстаз қауымына үлкен тапсырыстарды артып отыр.

 

21-ғасыр – ғылым ғасыры. Қазіргі білім беру мазмұны жаңарып, жаңа көзқарас пайда болып, оқытудың жаңа технологиясы өмірге келді. Яғни педагогикалық технология ұғымы іс-әрекетімізге кеңінен еніп, қолданылуда.Білім беру жүйесінде педагогикалық технологияны қолдану келешек ұрпақтың еркін дамуына, жан-жақты білім алуына, белсенді, шығармашыл болуына жағдай жасау әрбір педагогтың міндеті болып табылады.

Тип материала: Документ Microsoft Word (doc)
Размер: 1.02 Mb
Количество скачиваний: 13
Просмотров: 105

Похожие материалы