Здесь была ссылка на работу Педагогтік дәреже номинацияларының сипаттамасы автора Тасимова Алима Утегеновна.
Ссылка на нее удалена по требованию посредника Инфоурок.
Если вы являетесь автором этой работы и хотите подтвердить её публикацию на этом сайте,
.
педагогикалық жұмыстардың әдістемесі мен техникасын, ақпараттық және білім беру технологияларын еркін меңгереді, оқушыларды тәрбиелеуде, оқытуда жоғары нәтижелерге қол жеткізеді, психологиялық-педагогикалық және акмеологиялық ғылымдардың жетістіктерін, озат тәжірибелерді шебер әрі шығармашылықпен қолданады. Тиісті нормалар мен гуманистік шеберлік және педагогикалық этика кодекстерін сақтай отырып, оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамытуға жағдай жасайды. Ол психолог, әрі тәрбиелі тәрбиеші. Шебер мұғалім сыныбын мектеп және білім бөлімі бекіткен бағдарлама бойынша оқытады, сол аймақтағы білім жүйесі үшін маңызды педагогикалық және ғылыми-әдістемелік жұмысты көрсетеді. Мұндай дәреже кәсібиліктің жоғары деңгейіне жеткен және педагогикалық ұжымда беделге ие болған мұғалімге беріледі. Шебер мұғалім баланың өзін-өзі дамыту және шығармашылық қабілетін арттыратын жеке басқа бағытталған акмеологиялық тәжірибелерді сәтті жүзеге асырады, ол өз қабілетін дамыта отырып, білімді әрі тәрбиелі балалардың өсіп жетілуіне жағдай жасайды.Мұғалім дегеніміз-нағыз жеке тұлға мәдениетінің үлгісі. Мәдениет дегеніміз-адам жөніндегі ақпарат жинақталып, ұрпақтан ұрпаққа беріліп отыратын қасиеттер жиынтығы. Мәдениет дегеніміз-шығармашылық, ақыл-ой, қайырымдылық, еңбексүйгіштік, гуманизм, сенім...