План-конспект по истории на тему "Сақтар туралы мәлімет"

Предмет: История
Категория материала: Конспекты
Автор:

     Сақ туралы алғашқы мәліметтер. Зерттеушілерге сақтар туралы мәліметтер беретін ежелгі мәтіндердің екі тобы белгілі. Олар: парсы патшаларының тастағы сына жазбалары және грек-рим авторларының шығармалары. Парсы патшалары Дарий мен Ксеркстің бұйрығымен жазылған мәтіндерде Қазақстандағы тайпалардың аты аталады. Грек және латын тіліндегі деректердің арасынан Геродот пен Страбонды айтуға болады. Осындай деректерге қарағанда Грекияда, Рим империясында, Персияда, Египетте, Үндістанда көшпелілерді жақсы білген.

 

Сақтар - б.з.б. I мыңжылдықта Орта Азия мен Қазақстан жерін мекен еткен ежелгі тайпа. Олар ежелгі дүние өркениеттерімен қарым-қатынас жасаған. Жалпы, сақ тайпалары атауының мағынасы жайында көп пікір бар. «Сақ» сөзінің мағынасын парсы жазбаларында құдіретті еркектер деп түсіндіреді, ал иран жазбаларында жүйрік атты турлар дейді. Ежелгі грек авторлары сақтарды «азиялық скифтер» деп атады.

Тип материала: Документ Microsoft Word (docx)
Размер: 967.86 Kb
Количество скачиваний: 19
Просмотров: 152

Похожие материалы