План конспект урока на тему "Солнце" (5 класс)

Предмет: География
Категория материала: Другие методич. материалы
Автор:

Тақырыбы

Күн

Жалпы мақсаты

Күннің Күн жүйесіндегі орны және Күннің тіршілік үшін маңызын анықтау. Ертедегі адамдардың Күн туралы түсінігін білу.

Сабақтың түрі

аралас

Пәнаралық

байланыс

тарих

әдістері

жеке, жұптық, топтық жұмыстар

Күтілетін нәтиже

оқушылар Күннің біздің ғаламшарымыз үшін маңызын анықтайды, Күн туалы жалпы мәліметтерді меңгереді

Тірек білімдер

оқушыларда жалпы Күн, Күн жүйесі туралы түсініктер бар.

Терминдер

Күн,ғарыштық денелер

Оборудование и ресурсы

Оқулық, презентация, видео, фломастерлар, бағалау парақтары,

Жоспар

кезеңдері

Жоспарланған іс-шаралар

Уақыт

Ұйымдастыру кезеңі

Үй тапсырмасын қайталау

Ұйымдастыру кезеңі.

Психогимнастика.

Мұғалім: Сәлеметсіңдерме балалар!

Бүгінгі аптаның қай күні?

Жылдың қай мезгілі?

Оқушылар: Күз

«Жыл мегілдері» (баяу музыка)

Ия, казір күз мезгілі. Күннен күнге күннің жылуы азайып, суық желдер соғып тұр. Біз мектепке келе жатырмыз. Күн суық , тоңдық. Біз не істейміз? Тоңғанда не істейміз, тітіркенеміз, бөкебайға оранамыз, құлағымыз тоңады.Енді жаздың жайма-шуақ жылы күндерін елестетеміз. Кеудемізді көтереміз, бетімізді күннің шуағына тосамыз, көзімізді жұмамыз. Күн сәулесінің жылуын қабылдап, күлімсірейміз.

Ақырын отырамыз (карточкалар алып топ бойынша отырады)

«Өз жауабыңды тап». Бірінші топқа сөйлемнің бірінші жартысы екінші топқа екінші жартысы беріледі.Оқушылар өз жауаптарын тауып жұптасу керек.

Жұлдызды аспан- аспан күмбезінде түнде көрінетін шырақтардың жиынтығы.

Жұлдыз - бірнеше мың градус температураға дейін қызып тұрған аспанның жарық денесі.

Күн мен Жердің ара қашықтығы- 150 млн км.

Жеке жұлдыздар тобын Галактика деп атаймыз.

Ең жоғары жылдамдық- жарық жылдамдығы , секундына 300мың км құрайды.

Біздің Галактикамыз Құс Жолы деп аталады.

Жарық Галактиканы 100000 жылда кесіп өтеді.

Бізге ең жақын Андромеда галактикасы

2 мин

10 мин

Сабақ тақырыбын мақсаттарын айқындау.

Кіріспе жаңа ұғыммен танысу

Бізге аспанда Күннің жарқырап тұрғаны , ашық ауа райы болғаны ұнайды.Ондай ауа райында біз достарымызбен қыдырғымыз келеді.Сендер: “Мен Күн туралы не білемін?”деген сұраққа ойланып көрдіңдер ме? Ендеше осы сұраққа жауап беру үшін сендерді ғарыштық саяхатқа шақырамыз. Қалай ойлайсыңдар, біз бүгінгі сабақта не туралы өтеміз? Дұрыс айтасыңдар біз бүгінгі сабақта Күн туралы көптеген мағлұматтар аламыз. Бүгінгі сабағымыздың тақырыбы «Күн» (сабақ тақырыбын дәптерге жазу)

Бірінші біз Күн дегеніміз не деген сұраққа жауап беруіміз керек.

- Бір минут уақыттың ішінде күн сөзіне барлық ассоцациаларды жазып шығамыз.

(Оқушылар өз орындарында кластер құрады)

- Енді, жұппен болған соң, топпен бірлесіп жұмыстарыңды толықтырыңдар

(Оқушылар жұптасып және топпен кластермен жұмысты аяқтайды)

- Енді бірігіп ортақ кластер құрайық:

(Әр топтан оқушылар шығып кластерді жазады).

- Енді осы кластерді пайдаланып топпен күн дегеніміз не деген сұраққа анықтама берейік.

( Оқушылар топ бойынша Күн сөзіне анықтама береді.)

- Енді оқулықтың бетін ашып салыстырайық: Күн дегеніміз балқыған ыстық газды жарқырап тұрған өте үлкен шар.

- Күн туралы не білгілерің келеді? Топ бойынша ақылдасып екі сұрақтан ұсынамыз. (Сұрақтар оқылып , тақтаға жазылады)

Көрсетілім (Күн) ЦОР

- Бұл сұрақтардың біразына оқулық мәтінінен жауап таба аласыңдар.

Топпен жұмыс

1 топ Күнге сипаттама береді (17 бет)

2 топ Күннің тіршілік үшін маңызын анықтайды (18 бет)

3 топ – Күн туралы ертедегі адамдардың ойы (қосымша ресурстар)

Топ мүшелері постерді қорғайды.

Постерді бағалау: «Екі жұлдыз бір тілек»

2 мин

5 мин

5 мин

15 мин

Бекіту

«Күн» сөзіне синквейн

1 – зат есім

2 – 2 сөз сын есім

3 – 3 іс-әрекет (етістік, тақырыпқа байланысты)

4 – 4 сөзден тұратын тақырыпқа қатысты сөйлем

5 – осы сөзге синоним

(Қалаулары бойынша синквейн оқылады)

Бағалау.Оқушылар өз жұмыстарын бағалайды.

Бағалау парақтары мұғалімге тапсырылады

Тапсырмалар

ассоциация

сұрақ құру

постермен жұмыс

синквейн құру

Өзін өзі бағалау

Мұғалім бағасы

Келесі тапсырма: §6 «Мен Күн…» тақырыбында эссе жазу

Оқушыларға сабақты қорытындылап , бүгінгі сабақта не өтілді, қандай жұмыстар атқарылды, не ұнады , не ұнамады ойларын ортаға салу ұсынылады.

2 мин

1 мин

1 мин

1 мин

Тип материала: Документ Microsoft Word (docx)
Размер: 47.41 Kb
Количество скачиваний: 25
Просмотров: 113

Похожие материалы