План урока Жиһаз фурнитурасын алмастыру
Предмет: | Технология |
---|---|
Категория материала: | Конспекты |
Автор: |
Журманбетов Калдыбек Жаксылыкович
|
Сабақтың тақырыбы : Жиһаз фурнитурасын алмастыру Сабақтың мақсаты : Жиһаздық фурнитураны алмастыру арқылы сарамандық дағдыларды қалыптастыру Жұмысқа қажетті материалдар : Жиһаздық фурнитураның нұсқалары ( құлыптар , сұқпа , кілттер , ілмектер , ілгектер , магнитті ілгіштер т.б.), бұрандалы бекіткіштер , балға , бұрауыш , тығындар , қол бұрғысы , бұрандалар т.б. Жұмыстың орындалу реті : 1. Босаңсыған жиһаздық фурнитураны алмастыру . 2. Магнитті ілгішектерді орнату . 3. Жиһаздық фурнитураны орнату . Сабақ барысы : Ұзақ уақыт пайдаланғаннан кейін жиһаздық фурнитуралардың бұрандалы бекіткіштері босаңсиды .Бұл жағдайда оларды көлемі ірілеу бұрандалы бекіткіштермен алмастырады . Егер оның жағдайы болмаса , онда тесіктерге ағаш өзекшілерін қағады , солардың әрқайсысына қолданылған бұрандалы бекіткіштермен бұрайды . Жиһаздық түйме – тұтқалары бұрандалар арқылы бекітіледі . Керек жағдайда олардың түбіндегі тесіктерді қол бұрғысымен бұрғылайды . Фурнитура элементтерін жаңа орынға қондырудан бұрын олардың негізгі орын дәл анықтау қажет . Бұрандалы бекіткіштердің орнын бізбен теседі . Мысалы , магниттік ілгішекті былай орнатады. Ең алдымен жапсырманың негізгі орнын анықтайды . Бекіту орнын бізбен белгілейді . Одан соң диаметрі кіші бұрғымен бекіту орнын бұрғылайды . Мұндағы мақсат – бұранданың бұралымен жеңілдету және оны тгелімен ағашқа кіргізу . Содан соң жапсырманы бекітеді . Корпусты есікпен біріктіру үшін есікті жапқан кезде жапсырмамен түйісетіндей ету керек . Ілгешектің корпусында бұрандаға арналған сопақша тесіктер бар . Қорытындылау кезеңі . Сұрақтар : 1. Магнитті ілгішектің жүйелі орнатылуын айтыңдар . 2. Жиһаздық фурнитураның бекітпе элементтері босап кетсе , оны қалай бекітуге болады ? Ескерту : Жиһаз фурнитурасының кейбір элементтерін таңдап алып , оны қалай орнатудың жобасын қарастырыңдар . Материалды бекіту , үйге тапсырманы беру , баға қою .
Тип материала: | Документ Microsoft Word (doc) |
---|---|
Размер: | 28 Kb |
Количество скачиваний: | 17 |