План урока по казахскому языку "Ет тағамдары" (5 класс)
Предмет: | Иностранные языки |
---|---|
Категория материала: | Рабочие программы |
Автор: |
Мухамедкалиева Бибигуль Марденовна
|
Сабақтың тақырыбы: Ет тағамдары (1 сабақ)
Сабақтың мақсаты:
1. жаңа сөздермен таныстыру, сөз тіркес ,сөйлем құрастыруға үйрену, етістікті, етістіктің шақтарын еске түсіру
2. Ауызекі тілдерін сұрақ- жауап арқылы дамыту
3. тамақты қадірлеуге тәрбиелеу
Сабақтың көрнекілігі: сурет , кесте, интерактивті тақта
Сабақтың барысы
І. Ұйымдастыру кезеңі
1.Сәлемәтсіңдер ме
2.Сыныпта кім жоқ?
3.Қазір қандай сабақ?
4.Қазақ тілі нешінші сабақ?
5.Қазақ тілі сабағында не істейміз?
ІІ. Тіл дамыту
1. Қымыз қандай сусын?
2. Қымыз ненің сүтінен әзірленеді?
3. Қымыздың қандай қасиеттері бар?
4. Қымыз ашытатын ыдыстарды атаңдар.
ІІІ. Үй жұмысын тексеру
Сөздер жаттау
Мәтінінң мазмұнын айту
ІУ. Жаңа тақырып
1. Жаңа сөздер
- сөздерді мұғалім айтады
- хормен қайталау
- сөз тіркес құрастыру
- сөздікке көшіру
- сызылған сөзге ауызша фон. талдау жасау
Ет - мясо
Ет тағамдары – мясные блюда
Бесбармақ- мясо по-казахски
Қуырдақ – жаренное мясо
Бұрыш-перец
Тұздау-посолить
Қуыру-жарить
2. мәтінмен жұмыс
-оқу
-аудару
- сұрақтарға жауап беру
Қуырдақ- майға қуырылған ет. Қуырдақ мойын етінен және өкпе- бауырдан пісіріледі. Алдымен өкпе, содан соң бауыр, пияз қосып майға қуырады. Бұрышталып, тұздалады. Кейде сәбіз, картоп қосып қуырады. Қуырдақ- өте дәмді әрі тез дайындалатын ет тағамы.
3. Сұрақтарға жауап беріңдер.
1. Қуырдақ – қандай тағам?
2. Қуырдақ неге қуырылады?
3. Қуырдақ неден пісіріледі?
4. Қуырдаққа не қосуға болады?
4. Мәтінді пайдаланып, бұрыс-дұрысын анықтаңдар.
№
Сөйлемдер
дұрыс
бұрыс
1
Қуырдақ майға қуырылмайды
2
Қуырдақ мойын етінен дайындалады
3.
Алдымен бауыр қуырылады
4
Қуырдаққа бұрыш, тұз салынбайды
5
Кейде сәбіз, картоп қосып қуырады
5. Тұздау - етістігін келер шақта жіктеу
У. Қорытынды
1. Ет тағамдарын атаңдар?
2. Қуырдақ қандай тағам?
3. Қуырдақ қалай дайындалады?
УІ. Үйге тапсырма
Сөздер жаттау
«Қуырдақ» мәтіннің мазмұнын айту
УІІ. Бағалау
Тип материала: | Документ Microsoft Word (docx) |
---|---|
Размер: | 13.76 Kb |
Количество скачиваний: | 18 |