План урока по казахской литературе в 9 классе на тему: «Мерзімі:»

Предмет: Иностранные языки
Категория материала: Рабочие программы
Автор:
-сынып            Қазақ әдебиеті               Мерзімі: Сабақтың тақырыбы: Ыбырай Алтынсариннің өмірі мен шығармашылығы Сабақтың мақсаты: Қазақ даласының дара ұстазы Ыбырай Алтынсариннің ұстаздық жолы мен қазақ даласының, келешек ұрпақтың қамы үшін жүргізілген еңбектері туралы оқушыларға түсіндіре отырып, сабаққа деген қызығушылықтарын арттыру. а) Білімділігі: Ыбырай Алтынсариннің адамгершілік, ақындық қасиеттерін таныту және тіл шеберлігін ұғындыру. ә) Дамытушылық: Оқушылардың ой тұжырымдарын, әдеби тіл байлықтарын, есте сақтау қабілеттерін, көркем сөз оқу шеберлігін дамыту. б) Тәрбиелік: Ақын – жазушылардың, жалпы өнерді құрметтей білуге, басқа да ұлы адамдардың көзқарасын сыйлай білуге тәрбиелеу. Сабақтың міндеттері: Зейін қойып тыңдау, мәнерлеп оқу, мазмұндама беру, өнегелі білім алу. Сабақтың түрі: Аралас сабақ Сабақтың әдісі: Сұрақ – жауап, топтастыру. Сабақтың көрнекіліктері: Әдеби кітаптар, үлестірмелі қағаздар, сурет, бүктемелер және өлең жолдары жазылған қағаздар. Пәнаралық байланыс: тарих, қазақ тілі, әдебиет теориясы. Сабақтың барысы: Ұйымдастыру кезеңі: Оқушыларды сабаққа әзірлеу, оқу құрал – жабдықтарын тексеру, бір – біріне жақсы тілектер айту. Үй тапсырмасын сұрау: Махамбет Өтемісұлы кім?махамбеттің «Қызғыш құс»өлеңін жатқа, мәнерлеп айтыңдар. Махамбеттің досы кім? Ақынның «Соғыс» өлеңінде оқиға қалай суреттелгенді түсіндіріп беріңдер. Жаңа сабақ: Ыбырай Алтынсарин (1841 – 1889)             Ыбырай Алтынсарин – қазақ балалар әдебиетінің атасы, ұлы ұстаз. Ыбырай Алтынсарин 1841 жылы Қостанай облысы, Қостанай ауданында дүниеге келген. Өз әкесі Алтынсары 4 – жасар кезінде қайтыс болады да, Ыбырай атасы Балқожа бидің тәрбиесінде өседі.             1844 жылы Орынборда қазақ балаларына арналған жеті жылдық мектеп ашу туралы патша ережесі бекітіледі. Балқожа би осы ашылмақ мектепке 1846 жылы бес жасар немересі Ыбырайды жазғызып қояды. 1850 жылы 23 тамызда орыс – қазақ мектебі ашылып, қазақтан 30 бала алынады, солардың бірі Ыбырай болады.             Қазақ балаларын орысша оқыту арқылы олардан қазақ даласын билейтін патша шенеуктеріне көмекші әкімдер даярлау мақсатымен ашылған мектепке Балқожа би де немересін осы үмітпен берген. Бірақ Ыбырай мектепті жан – жақты білім алуға пайдаланған. Сондықтан ол сабақты ерекше ынтамен оқиды. Сөйтіп, мектепті 1857 жылы «өте жақсы» деген бағамен бітіреді.             Ыбырай мектепте оқып жүрген кезде, атасы Балқожа бидің жазған хаты: «Үміт еткен көзімнің нұры  - балам.» Үміт еткен көзімнің нұры – балам, Жаныңа жәрдем берсін хақ тағалам.
Тип материала: Документ Microsoft Word (docx)
Размер: 19.75 Kb
Количество скачиваний: 14
Просмотров: 120

Похожие материалы