План урока "Сөйлемнің бірыңғай мүшелері" 8 класс
Предмет: | Другое |
---|---|
Категория материала: | Конспекты |
Автор: |
Cарина Алтынгуль Темиртасовна
|
Сабақтың тақырыбы: Сөйлемнің бірыңғай мүшелері
Сабақтың мақсаты: Оқушылардың бірыңғай мүшелер туралы білімдерін кеңейту.
Сабақтың міндеті
1 Білімділік
Берілген сөйлемдердегі бірыңғай мүшелерді талдату арқылы оған тән белгілерді тапқызып, оқушылардың өзіндік жұмыстар арқылы білімдерін кеңейте отыра игеруіне басшылық жасау.
2 Дамытушылық
Ойлау қабілеттерін , жылда ойлау қабілеттерін дамыту, өз ойларын қорыта білуге дағдыландыру
3 Тәрбиелік
Отанының елі мен жерін сүйетін, саналы да сезімтал ұрпақтарын тәрбиелеу
Сабақтың көрнекілігі:
Слайдтар, оқулық, сызбалар,суреттер
Сабақтың әдісі:
Сын тұрғысынан ойлау мен жазуды дамыту, ақпараттық технологиялар
Сабақтың барысы:
І Ұйымдастыру кезеңі
Бой сергіту
Сұрақтарға жауап беру
1 Тұрлаулы мүшелерді ата/ бастауыш, баяндауыш/
2 Пысықтауыш тұрлаусыз мүше ме/ иә/
3 Анықтауыштың сұрақтары/ қандай, қай, кімнің, ненің/
4 Бастауыш қай сөз таптарынан болады/ барлық/
5 Атау мен іліктен басқа септіктіктерде тұрған сөздер қай сөйлем мүшесінің қызметін атқарады / толықтауыштың/
6 Кім, не қай сөйлем мүшесінің сұрағы/ бастауыштың/
7 Негізгі сөйлем мүшелері/ тұрлаулы мүшелер/
8 Ілік септігіндегі сөз қай сөйлем мүшесінің қызметін атқарады/ анықтауыштың/
ІІ Жаңа сабақ
1 Сабақтың мақсатымен таныстыру
2 Зерттеу жүмысы
1. Бірыңғай мүшелерді табу;
2. Сұрағы;
3. Қай сөйлем мүшесі;
4. Тыныс белгісі;
5. Байланысатын сөзі;
1 жұп: Түйе, жылқы, өгіз көлік ретінде пайдаланылады.
2 жұп: Жылқы – қазақтың кәделі де қымбат қазынасы.
3 жұп: Өнеркәсіпке керекті заттар мыналар: тас көмір, мұнай, мыс, болат, жез, темір, қорғасын, шойын т.б.
4 жұп: Үйге Әсия, шешем, мен – үшеуміз ғана кірдік.
3 Қорытынды. Ереже шығару
«Ассоцациялық аймақ» құру арқылы
Сөйлемдегі қызметі тұлғасы, сұрақтары бірдей және бір ғана ортақ мүшемен байланысатын сөздер бірыңғай мүшелер болады
ІІІ Бекіту
1 Абай Құнанбаевтің өлеңіне талдау жасау
Төмендегі өлеңде бірыңғай сөйлем мүшелерінің тыныс белгілері қойылмаған, қойып шығып, ондағы сөйлем мүшелерін анықтаңдар.
Шоқпардай кекілі бар қамыс құлақ,
Қой мойынды қоян жақ бөкен қабақ.
Ауыз омыртқа шығыңқы майда жалды,
Ой желке, үңірейген болса сағақ.
Теке мұрын салпы ерін ұзын тісті,
Қабырғалы, жоталы болса күшті,
Ойынды еті бөп-бөлек омыраулы,
Тояттаған бүркіттей салқы төсті
Жуан тақыр бақайлы жұмыр тұяқ
Шынтағы қабырғадан тұрса аулақ
Жер соғарлы сіңірлі аяғы тік,
Жауырыны етсіз біткен тақтайдай-ақ
2Сызба арқылы бірыңғай мүшелерге сөйлем құрау
О, О және О-
Әрі О, әрі О-
3 Бірыңғай мүшелерді қатыстыра мәтін құрау
- Балалар, осы желтоқсан айында барлық қазақстандықтар үшін есте қаларлықтай атаулы мереке болып өтті. Ол қандай мереке еді?
- ҚР Тәуелсіздігінің 20 жылдығы
- Ендеше алдарыңда экранда пайда болған суретке қарай отыра сендер бірыңғай мүшелерді қатыстырып шағын мәтін осы тақырыпта құрай қойыңдар.
ІV Қорытынды
1
V Бағалау
VІ Үйге тапсырма беру
Көркем шығармалардан мысалдар келтіру
Солтүстік Қазақстан облысы
Айыртау ауданы
Әлжан орта мектебі
Сабақтың тақырыбы:
Сөйлемнің бірыңғай мүшелері
Пәні: қазақ тілі
Сыныбы: 8-сынып
Пән мүғалімі : Сарина Алтынгүл Теміртасқызы
2011-2012 оқу жылы
Тип материала: | Документ Microsoft Word (docx) |
---|---|
Размер: | 30 Kb |
Количество скачиваний: | 14 |