Планы на тему "Елін сүйген, елі сүйген - Елбасы"

Предмет: Классному руководителю
Категория материала: Рабочие программы
Автор:

Мақсаты:

а) білімділік: Оқушыларға Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев өмірі мен шығармашылыққа толы атқарылған істері туралы мәліметтер беру.

ә) Дамытушылық: Оқушыларға президенттің ел үшін жасаған істерін үлгі - өнеге ету.

б) Тәрбиелік: Оқушыларды өз Отанын, халқын сүйетін азамат болып өсуге, елжандылыққа, патриоттық сезімге тәрбиелеу.

 Көрнекілігі: Н. Ә. Назарбаевтың түрлі жанрларда түскен суреттері, кітаптар бұрышы, нақыл сөздер, слайдтар

Барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Әнұраны орындалады.

ІІ. Кіріспе

1 - жүргізуші: Желтоқсаннан бастау алған егемен, Егеменді елде берік керегем. Қазақстан бірлігімнің айғағы, Әлем білген басшысымен көреген.

2 - жүргізуші: Қазақ бүгін бар әлемнен баға алған,

Құт қонған ел қасиеттен жаралған.

Бірлігімнің туын биік ұстаған,

Жаңарған ел желтоқсаннан нәр алған.

1 - жүргізуші: Бірлігімнің бұзылмаған қаймағы,

Бейбіт күнде желбіреген байрағы.

Барлық ұлттар бақыт тапқан өзіңнен,

Қазақстан - ынтымақтың айғағы.

 

2 - жүргізуші: Былтыр ел тәуелсіздігінің 20 жылдық мерекесі қарсаңында Қазақстан Парламентінің Сенаты «1 желтоқсан – Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күні» мемлекеттік мерекесін бекіткен заңын қабылдағаны баршаға мәлім. Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күні – барша қазақстандықтарға құтты мереке болғай. Халық үшін қызмет етуді бақыт санайтын Елбасымыз тұрғанда Қазақстан келешекте дамыған, өркениетті ел боларына кәміл сенеміз.

Тип материала: Документ Microsoft Word (docx)
Размер: 482.1 Kb
Количество скачиваний: 8
Просмотров: 124

Похожие материалы