По казахскому языку тема доклада :Модульное технология

Предмет: Другое
Категория материала: Конспекты
Автор:

           тема: Модульдік оқыту технологиясы 
Модульдік оқыту технологиясы қазіргі уақытта Қазақстанда білім берудің өзіндік ұлттық үлгісі қалыптастасуда. Білім берудегі ескі мазмұнның орнына жаңасы келуде. Бұл процесс білім парадигмасының өзгеруімен қатар жүреді. 
Жаңа білім парадигмасы бірінші орынға баланың білімін, білігі мен дағдысын емес, оның тұлғасын, білім алу арқылы, дамуын қойып отыр. 
«Педагогикалық технологиялар – бұл білімнің басымды мақсаттарымен біріктірілген пәндер мен әдістемелердің: оқу –тәрбие процессін ұйымдастырудың өзара ортақ тұжырымдамамен байланысқан міндеттерінің, мазмұнның, формалары мен әдістерінің күрделі және ашық жүйелерін, мұнда әр позиция басқаларына әсер етіп, ақыр аяғында баланың дамуына жағымды жағдайлар жиынтығын құрайды» 
Қазақстанда Ж.А.Караевтің, Ә.Жүнісбектің және т.б. ғалымдардың оқыту технологиялары белсенді түрде қолданылуда. 
Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңыңда оқыту формасын, әдістерін, технологиялар таңдауда көп нұсқаулық қағидасы бекітілген, бұл білім мекемелерінің мұғалімдеріне, педагогтарының өзіне оңтайлы нұсқаны қолдануға, педагогикалық процесті кез-келген үлгімен, тіпті авторлық үлгімен құруға мүмкіндік береді. 
Модуль дегеніміз –қандайда бір жүйенің, ұйымның нақты біршама дербес бөлігі. 
Модульдік оқыту технологиясы – баланың белсенді оқу қызметін ұйымдастырады, бала өз әрекетін жоспарлай, талдай, өзі бақылай білуге үйренеді. 
Модульдік оқытудың құрылымы 
Педагогикалық технология негізінде оқу циклін қайта жаңғырту идеясы алынған. 
Оның мазмұнына: 
1. Оқытудың жалпы мақсатын қою; 
2. Жалпы құрылған мақсатты нақтыландыруға көшу; 
3. Балалардың білім деңгейін алдын ала бағалау: 
4. Оқу әрекетінің жиынтығы; 
5. Нәтижені бағалау: 
Осының арқасынды оқу процессі «модульдік» сипат алып, құрылымы ортақ, бірақ мазмұны әр түрлі жеке блокттардан жасалады. Қайта жаңғыртатын оқу циклі ретінде оқу модулі үш құрылымдық бөлімнен тұрады: кіріспеден, сөйлесу бөлімінен және қорытынды: 
• Кіріспе бөлім(модульге, тақырыпқа енгізу) 
• Сөйлесу бөлімі(оқушылардың танымдық қызметін өзара сөйлесу негізінде ұйымдастыру) 
• Қорытынды бөлім(бақылау) 
Оқу модулін құрудың тағы бір ерекшілігі- мұғалімнің даярлық жүйесі. мұғалім бір оқу модуліне бөлінетін сағат санын анықтап алғаннан соң, оның мақсатын, мазмұның және нәтижелерін, сондай-ақ осы модуль сабақтарын ұйымдастырудың формасын ойластырып, оқу модулін құрайды. 
Бұл технология 
-бала тұлғасының танымдық қабілеттерін дамытуға: 
-танымдық процестерін дамытуға; 
- жағымды қызығушылық қалыптастыруға; 
-белсенді сөздік қорын, ауызша және жазбаша тілін дамытуға: 
-тұлғаны қиындықтарға даяр болу және білу, қарым-қатынас, ойын, танымдық, қауіпсіздік, сыйласу, шығармашылық, өзін-өзі өзектілендіру, өзін-өзі бекіту қажеттіліктерін қанағаттандыруа ықпал етеді. 
Кіріспе бөлімінде мұғалім оқушыларды оқу модулінің жалпы құрылымымен, оның мақсат-міндеттерімен таныстырады. Сонан соң мұғалім осы модульдің барлық уақытына есептелген оқу материалын қысқаша (10-20 минут ішінде), сызба, кесте және т.б. белгілік үлгілерге сүйене отырып түсіндіреді. Тақырып мазмұнына (тұтас тақырып немесе тарау бойынша) «өсу» бағытымен – қарапайымнан күрделіге, репродуктивтік тапсырмалардан шығармашылық сипаттағы тапсырмаларға, зерттеушілік қызмет элементтеріне қарай бірнеше мәрте қайта оралып отыру арқылы, әр балаға оқу материалымен жұмыс істете отырып, өз қабілеттерін, жадын, ынтасын, ойлауын, тілін дамытады. 
Сөйлесу бөлімінде балалардың танымдық қызметі артады, әрбір баланың әр сабақта үш күрделік деңгейде берілген оқу материалын тыңдау, көру және айту мүмкіндігі болатындай етіп құрылған. 
Оқу модулінің сөйлесу бөлімін даярлағанда мұғалім оқу материалының негізгі мазмұнын бөліп, құрастырады. Мұнда оқушылар оқу материалына қайта оралып, пысықтап, бекіту үшін оның әр сабақта жеке бөліктермен берілетінін біледі, бұл бөліктерде қысқаша сыйымды түрде тұтас тараудың мазмұны беріледі. 
Пысықтауды қажет ететін материалды мұғалім үш күрделілік деңгейінде дайындайды. Үш деңгейдің қайсысын тандайтынын әр оқушының өзі шешеді. Бұның бір маңызы - күрделі, ізденушілік, шығармашылық сипаттағы тапсырмаларды кез келген күрделілік деңгейіндегі бағдарламалық материал тапсырмаларын орындаған оқушыға, іс жүзінде бәріне де беруге болады. 
Қорытынды бөлім. 
Бұл бөлім тарауды немесе тақырыпты оқытудың тұтас циклін анықтайтын, соңғы бөлімі. Ол балалардың сөйлесу бөліміндегі танымдық қызметі барысында қалыптасқан білім, білік , дағдыларын бақылауға, тексеруге және бағалауға арналған. Осы бөлімде балалар өз қызметін талдайды – яғни, баға алады, бұл сонында әр баланың танымдық қызметінің жалпы оқу нәтижесін анықтайды. Оқу модулінің қорытынды бөлімі-бақылау.Қорытынды бөлімінде бақылаудың бірнеше түрі бар. 
Біріншісі, міндетті – диогностика өткізу. Екіншісі, мұғалімнің өз тандауы бойынша тапсырмалар, бақылау жұмысы немесе диктант алынады

 

Тип материала: Документ Microsoft Word (doc)
Размер: 34.5 Kb
Количество скачиваний: 9
Просмотров: 119

Похожие материалы