Поурочные планы по казахскому языку 11 класс

Предмет: Иностранные языки
Категория материала: Рабочие программы
Автор:

Сабақтың тақырыбы: Тоқтар Әубәкіров
Сабақтың мақсаты:
Білімділігі: Өлеңнің мазмұнын түсіне отырып, Байқоңыр ғарыш аймағы туралы түсінік беру.
Дамытушылығы: Сөздік қорын, тіл байлығын дамытуға, дүниетанымын кеңейтуге ықпал ету.
Тәрбиелігі: Ғалам құпияларын оқып, білуге шақыру. Өз елін, жерін, мәдениетін сүюге баулу.
Көрнекіліктер: Суреттер, қима қағаздар, фишкалар
Сабақтың түрі: Аралас сабақ
Сабақтың әдістері: түсіндіру, сұрақ - жауап, топтық, ұжымдық

Ұйымдастыру кезеңі.
1. Оқушылар назарын сабаққа аудару.
Психологиялық дайындық:.
Әрбір адам, туысым, досым жұрағат,
Әрбір сабақ, үйрену, ұғу ұлағат.
Әрбір ісің, тірлік, тірек, адамдық,
Әрбір сөзің, шындық, бірлік, адалдық.
Оқушыларды топқа бөлу:
1 - топ «Ай» 2 - топ «Күн»
«Қызығушылығын ояту» Жұмбақ шешу
Самұрық құс самғады,
Көктен өтіп.
Айға жетіп,
Жеңілдеді салмағы. (Ғарыш кемесі)
 Аспанда бір алып құс,
Ызғып ұшып барады.
Қарап тұрсақ ғажайып,
Соңында із қалады.(Зымыран)
 Құстан аумайды,
Көкте зулайды.( Ұшақ )

1.        2. Үй тапсырмасын тексеру.
Жаңа сабақ а) Кіріспе
-«Ай», «Күн» топтары өздеріне берілген аспан денелері туралы білетін білімдерін ортаға салады.
 - Қандай ғарышкерлерді білесіңдер? Қазақ ғарышкерлерінің есімдерін ата?
- Бүгін біз қазақтың тұңғыш ғарышкері Т. Әубәкіров туралы кенінен мағлұмат аламыз.
( Сызба арқылы әңгімелеу )
- Т. Әубәкіров 1946 ж маусымның 27 - де Қарағанды облысы, Қарқаралы ауданы, 1 - май ұжымшарында дүниеге келген. Ұлты қазақ. Білімі жоғары. техника ғылымдарының доктары, профессор. 1965 - 69 ж. Армавир Әуе қорғанысы ұшқыштар - ң жоғары әскери оқу орнында оқыған, ұшқыш - инженер.
1991ж қазанның 2 - де зерттеулік ғарышпен Александр Волков және Австралия ғарышкері Франц Фибон Союз ТМ - 13 ғарыш кемесімен ғарышқа ұшуға кірісті.
Апта бойы «Мир»орбиталды кешенінде жұмыс істеді. 1991 ж қазанның 10 - да
Жерге қайтып қонды. Ғарышта болған мерзімі 7 күн, 22 сағ 13 мин Қазақтың тұңғыш ғарышкері. Техника ғылым докторы, профессор. Кеңес одағының батыры. Сонымен Тоқтар ағаның ізін басқан яғни ғарышқа ұшқан ғарышкер Талғат Мұсабаев. Жыл сайын 12 сәуірде ғарышкерлер мейрамын барша Қазақстандықтар тойлайды.
- Бүгінгі сабағымызда Е. Өтелеуовтың «Тоқтар - тұңғыш ғарышкер» өлеңімен танысамыз
1. Әр топ өлеңді мәнерлеп оқиды, түсінігін талдайды
2. Түсініксіз сөздерге топта жауап ізделінеді.
3. Үлкен ұжымда талқыланады.
4. Сөздік жұмысы жүргізіледі

Сабақты бекіту:
1 - топ - Басқа планета туралы білетіндері туралы әңгімелеу.
2 - топ - «Құдіретті Жер - Ана» туралы әңгімелеу
3 - топ - «Ғарыш әлемі» туралы сурет салу
7. Бағалау. 8. Үйге тапсырма беру: 1. Өздеріңе ұнаған өлең шумағын жаттау
2. Ғарышкер ағаларға арналған өлең шығар

 

 

11- сынып  қазақ тілі

Күні: 27.11.14

Сабақтың тақырыбы: Тоқтар –Әубәкіров

Сабақтың мақсаты:
Білімділігі:  Байқоңыр ғарыш аймағы туралы түсінік беру. Ғарышкер жайында әңгіме қозғау
Дамытушылығы: Сөздік қорын, тіл байлығын дамытуға, дүниетанымын кеңейтуге ықпал ету.
Тәрбиелілігі: Ғалам құпияларын оқып, білуге шақыру. Өз елін, жерін, мәдениетін сүюге баулу.
Көрнекіліктер: Суреттер, қима қағаздар, флипчарт, тірек схемалар, т. б.
Сабақтың түрі: Жаңа сабақ
Сабақтың әдістері: түсіндіру, сұрақ - жауап, топтық, ұжымдық жұмыс, т. б.
І. Ұйымдастыру кезеңі.
1. Оқушылар назарын сабаққа аудару.
Психологиялық дайындық:
Әрбір адам - туысым, досым жұрағат,
Әрбір сабақ - үйрену, ұғу ұлағат.
Әрбір ісің - тірлік, тірек, адамдық,
Әрбір сөзің - шындық, бірлік, адалдық.
Оқушыларды топқа бөлу:
1 - топ
2 - топ
«Қызығушылығын ояту» Жұмбақ шешу

Самұрық құс самғады,
Көктен өтіп.
Айға жетіп,
Жеңілдеді салмағы. (Ғарыш кемесі)

Аспанда бір алып құс,
Ызғып ұшып барады.
Қарап тұрсақ ғажайып,
Соңында із қалады.(Зымыран)

Құстан аумайды,
Көкте зулайды.( Ұшақ )
ІІ. Үйге берілген тапсырмаларды тиянақтау.
- Жаңа сабақ мазмұнын жоспар бойынша айту, алды - ала іздену.
1. Ғарыш  туралы білетіндерін айту.
2. Ғарышкерлер туралы не білеміз?
Кристина 1. Ай - Жердің табиғи серігі, Жерге ең жақын аспан денесі.
Анатолий  2. Күн - қызған газды шар. Жерге ең жақын жұлдыз. Күн жерге жақын болғандықтан ғана үлкен болып көрінеді.
Дмитрий 3. Жұлдыз - өте күшті қызған газдан тұратын, өзінен жарық шығаратын және табиғаты жағынан Күнге ұқсас аспан денелерінің бірі
Арнагүл
1991 ж. 2 қазанда тұңғыш қазақ ғарышкері Т. Әубәкіров «Союз Т - 13″ ғарыш кемесімен Байқоңырдан ғарышқа көтерілді.

Сырым
Ресеймен бірлескен бағдарлама бойынша қазақ ғарышкері Т. А. Мұсабаев ғарышта 2 рет (1994, 1998) болды.
Артур
1991 ж қазанның 10 – да Жерге қайтып қонды. Ғарышта болған мерзімі 7 күн, 22 сағ 13 мин Қазақтың тұңғыш ғарышкері.
Ермек
Техника ғылым докторы, профессор. Кеңес одағының батыры.
Сонымен Тоқтар ағаның ізін басқан яғни ғарышқа ұшқан ғарышкер Талғат Мұсабаев. Жыл сайын 12 сәуірде ғарышкерлер мейрамын барша Қазақстандықтар тойлайды.

ІІІ. Жаңа сабақ
- Бүгінгі сабағымызда.
Байқоңыр — ғарыш алаңы. Қызылорда облысы Қармақшы ауданының аумағында орналасқан. Іргесі 1955 ж қаланған. Байқоңырдың ұшу трассасы Арал теңізінен Камчатка түбегіне дейін созылып жатыр. 1957 ж. 4 қазанда Байқоңыр ғарыш алаңынан тұңғыш ғарыш ракетасы сәтті ұшырылды.
Байқоңырдан 1961 ж. 12 сәуірде адамзат тарихында тұңғыш рет Ю. А. Гагарин «Восток» ғарыш кемесімен ғарышқа аттанды.
Т. Әубәкіров 1946 ж маусымның 27 - де Қарағанды облысы, Қарқаралы ауданы, 1 - май ұжымшарында дүниеге келген.
Ұлты қазақ. Білімі жоғары. техника ғылымдарының докторы, профессор. 1965 - 69 ж. Армавир Әуе қорғанысы ұшқыштардың жоғары әскери оқу орнында оқыған, ұшқыш - инженер.
1991ж қазанның 2 - де зерттеулік ғарышпен Александр Волков және Австралия ғарышкері Франц Фибон Союз ТМ - 13 ғарыш кемесімен ғарышқа ұшуға кірісті. Апта бойы «Мир»орбиталды кешенінде жұмыс істеді.
Марс - Аңырақай
Аңырақай немесе Қызыл жұлдыз деп те атайды. Қазіргі зерттеулер бойынша Аңырақайдағы жыл Жердегіден екі еседей ұзақ.
Оқулықпен жұмыс .Морфологиялық талдау
1. Күнге ең жақын планета. Оны бақылау өте қиын. Радио – бақылау көмегімен оның өте баяу айналатынын анықтаған.
Сергіту сәті
Ұста қолды алдыңа, қайшылашы беріліп.
Ұста қолды жаныңа, кеудең тұрсын керіліп.
Бүйір таяп оң қолмен, көтер қанат сол жаққа.
Бүйір таяп сол қолмен, көтер қанат оң жаққа.
Шығармашылық жұмыс
Оқушылар ғарыш жайында эссе жазу
Жұмыстарын қорғайды..


Тест  Бекіту
1. Ғарышқа ұшудың мақсаты не?
а) аспанды саяхаттап айналып келу
ә) аспанды зерттеп, оның жұмбақ, түсініксіз жақтарын білу
б) әр ғарышкер өзінің батыр, мықты екенін көрсету
2. Ғарыш алаңы қалай аталады?
а) Астана 
ә) Байқоңыр 
б) Арал
3. Тоқтар ағаның ізін басқан ғарышкер кім?
а) Талғат 
ә) Гагарин 
б) Фибон
4. Ғарышкерлер мейрамы қашан тойланады?
а) 22 наурыз 
ә) 9 мамыр 
б) 12 сәуір
5. Тоқтар Әубәкіров қай жылы ғарышқа ұшты?
а) 1962 жыл 
ә) 1991 жыл 
б) 1992 жыл
Тест жауабы
1. ә) аспанды зерттеп, оның жұмбақ, түсініксіз жақтарын білу
2. ә) Байқоңыр
3. а) Талғат
4. б) 12 сәуір
5. ә) 1991 жыл
Рефлексия.

-мен сабаққа…..белсенді  қатыстым                                                                                                                                        

аз қатыстым.

өз жұмысыма…..көңілім толады

көңілім толған жоқ.

-меніңше сабақ… ұзақ болды

тез бітті.

Мен сабақта… шаршадым

Шаршаған жоқпын

 Үйге тапсырма беру: Мәтіннің мазмүұнын айту

Бағалау парағым

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Тип материала: Документ Microsoft Word (docx)
Размер: 68.62 Kb
Количество скачиваний: 50
Просмотров: 131

Похожие материалы