Поурочный план по казахской литературе на тему «Шәкәрім Құдайбердіұлы шығармашылығы» (10 класс)

Предмет: Другое
Категория материала: Конспекты
Автор:

Сабақтың тақырыбы: Шәкәрім Құдайбердіұлы шығармашылығы

Сабақтың мақсаты: Оқушыларға Шәкәрім Құдайбердіұлы т уралы толық мәлімет бере отыра, білімдерін кеңейту. Өмірлік жолы мен шығармашылық жолын зерделеу. Оқушылардың ізденімпаздық қасиеттерін дамыту, шығармашылыққа баулу, өзінің ойын еркін жеткізуге дағды ландыру. Халқымыздың тарихына, әдебиетіне, ұлы тұлғаларға деген сүйіспеншілігін арттыру.

Күтілетін нәтижелер: Білімді өзі алуға ұмтылады.Оқушы сөйлеу дағдысын дамытады.Оқушы белсенді іс-әрекет жасауға үйренеді. Бірін-бірі және өзін-өзі бағалап,қателерін түзей алады.Топта ынтымақтаса жұмыс жасай алады. Жұптық, топтық жұмыстар барысында мәтіндегі негізгі ойды ұғынады.Бірлесіп жұмыс жасай алатын болады. Өз ойын айтуға , салыстыруға, талдауға үйренеді.

Стратегиялар: « Кір қыстырғыш» стратегиясы, «Сен білесің бе?», «Парасатты диалог» , «Бір айналым сөйлесу»

Модульдер: «Оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер», «Сыни тұрғыдан ойлауға үйрету», «ОүБ және ОБ», «Оқыту мен оқуда АКТ-ны пайдалану», «Оқушылардың жас ерекшеліктеріне сәйкес оқыту мен оқу», «Талантты және дарынды балаларды оқыту», «Оқытудағы басқару және көшбасшылық».

Мұғалімнің іс-әрекеті:

Оқушыларды топтарға бөлу, топтастыру. «Мозаика» әдісімен құрастырылған суреттер артында сабақ тақырыбы шығатындай топтастыру. Сыныпта жақсы көңіл күй қалыптастыру.

Оқушының іс-әрекеті:

Сурет қиындыларын біріктіру арқылы шыққан суреттеріне қарай топтасуы. Оқушылар «Мен сізге тілеймін» тренингі арқылы бір-біріне жақсы тілек айту.

І.Қызығушылықты ояту

« Кір қыстырғыш» стратегиясы.

«Сен білесің бе?»

Ол Л. Толстойды өзіне ұстаз тұтқан, онымен хат алысып тұрған.

Ол түйеқарын өсімдігін қайнатып, қойылтып, оған ашудас қосып, қолдан сия жасай білген, өзі сол сиямен жазған. Өз тұсындағы құсбегі, мерген, аңшы болған. Ол орыс, араб,түрік, парсы яғни төрт тілге жетік болған.

Геометрия заңдарын үйренген, тік үшбұрыш тың есебін білген. 14-15 жасынан бастап өлең шығарады.Домбыра, скрипка жасайтын шебер болған.

Оқушының іс-әрекеті:

Оқушылар берілген сұрақ арқылы Жамбылдың шығармашылығы туралы жауап жазып, жіпке қыстырады.

Оқушылар жаңа тақырып туралы болжам жасайды.

Оқушылар «ой қозғау» арқылы ойланады.

Әркім өз ойларын айтады.

Сұрақтарға жауап бергенде көшбасшы анықталады?

Болжау жасайды.

Өз жауаптары дұрыстығын салыстырады,көз жеткізеді.

Тип материала: Документ Microsoft Word (docx)
Размер: 129.63 Kb
Количество скачиваний: 12
Просмотров: 94

Похожие материалы