Power Point бағдарламасы

Предмет: Информатика
Категория материала: Конспекты
Автор:

Power Point бағдарламасы

Тақырыбы: Power Point бағдарламасы (презентациясымен)
Сабақтың мақсаты:
● Білімділік: PowerPoint программасының қолданылу мақсатын, оны іске қосу мен жұмысты бастауды үйрету. Презентация құруда слайдтармен жүйелі жұмыс жасау дағдыларын қалыптастыру.
● Дамытушылық: PowerPoint программасын қолдану аймағын анықтауды, программаны іске қосу мен компоненттерін ажырата білуді үйрету.
● Тәрбиелік: Оқушыларды өз бетімен жұмыс істеуге, тиянақтылыққа, ұқыптылыққа тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: дәстүрлі сабақ.
Сабақтың әдісі: Вассерман әдісі
Сабақта қолданылатын көрнекті құралдар: интерактивті тақта, компьютер, оқулық, жұмыс дәптері, плакат.

Сабақ барысы:
1. Ұйымдастыру бөлімі. Сабаққа алғашқы дайындық (2 минут).
2. Ой қозғау (3 минут).
3. Жаңа материалды түсіндіру. (15 минут).
4. Жаңа материалды бекіту. Ақпараттық диктант (2 минут).
5. Компьютердегі практикалық жұмыс. (20 минут).
6. Қорытынды. Оқушыларды бағалау. (3 минут).

Ой қозғау
/үй тапсырмасын сұрау, сұрақтар беру/
Компьютердің программалық жабдықтамасы.
Жүйелік жабдықтаманы қалай түсіндіресіңдер?
Жүйелік программалар ұсынатын қандай қызметтерді атайсың?
Амалдық жүйе дегеніміз не?
Амалдық жүйенің негізгі қызметі.
Амалдық жүйенің дамуына не себепші болды?
Қазіргі АЖ – лерге қандай талаптар қойылады?
WINDOWS жүйесіндегі пайдаланушы интерфейсін қалай түсінесің?

Жаңа сабақ.
Презентация (көрме) – ойды, адамдар мен өнімдерді, шикізатпен қызмет түрлерін көрнекі түрде ұсыну.
MS Power Point программасының әрбір презентациясы слайдтар жиынынан тұрады. Ал слайдта графикалық фонда орналастырылған обьектілер немесе текст тұруы мүмкін.
Слайд – көзге көрінетін күрделі көрініс. Оның құрылымына тақырып, мәтін, кесте, графикалық бейнеклиптер дыбыс үзінділері, сызбалар енгізуге болады.
Слайд фильмдерді жасау құралы – MS Power Point графикалық пакеті. Ол әр түрдегі презентацияны көрсетуге мүмкіндік береді.

Power Point бағдарламасын іске қосу.
Бастау®Бағдарламалар®MS Officce®Power Point.
Power Point бағдарламаны іске қосу тәсілі.
Power Point терезесінің элементтері
Слайдтарды көрсету режимдері:
Слайд мынадай объектілерден тұрады.

Презентация құру кезеңдері төмендегідей:
Презентацияны безендіру

3. Слайд дегеніміз не?
а) Көзге көрінетін күрделі объект.
ә) Презентацияларға әр түрлі объектілерді кірістіру.
б) Шикі зат пен қызмет түрлерін ұсыну.
Ребус
Сұрақ: Тақырыптарды, мәтінді, кестелерді, графикалық обектілерді, дыбыстық фрагменттерді іске қосатын күрделі объект не деп аталады?

.
Тапсырма: Оқушыларға мәдени астана Алматы, рухани астана Түркістан, елордамыз Астана қалаларының көрікті орындарының суреттері беріледі.
1 - кезең
Бағдарламаны іске қосып, бірнеше слайдтан тұратын презентация жасаңдар. Слайдқа тақырыпқа сай фон таңдаңдар.
2 - кезең
Жобаның мақсаты мен міндетін енгізіңдер.
3 – кезең
Жоба мақсатына қарай суреттер қойыңдар.

Алматы қаласының көрікті орындары:
Астана қаласының көрікті орындары:
Түркістан қаласының көрікті орындары:

Пысықтау сұрақтары:
● Рower Point бағдарламасының терезесі неден тұрады?
● Слайд дегеніміз не?
● Бағдарламаны іске қосу жолдары қандай?
● Презентацияның қолданылу мақсаты.
● Презентация құру кезеңдерін ата.

Үйге тапсырма:
1. «Презентация» тақырыбына сөзжұмбақ құрау.
2. Төменде берілген тақырыптарға презентация құру:
● “ Тәуелсіз Қазақстан” тақырыбына;
● “Табиғат” тақырыбына;
● “Менің жанұям” тақырыптарына презентация дайындау.

Тип материала: Документ Microsoft Word (docx)
Размер: 45.98 Kb
Количество скачиваний: 13
Просмотров: 110

Похожие материалы