Практические занятия по агроэкологии
Предмет: | География |
---|---|
Категория материала: | Презентации |
Автор: |
Сыздыкова Гаухар Тулетаевна
|
ЖҰМЫСТЫҢ БАРЫСЫ:
ФПП материалынан жасалған фильтрдi бөлмеде 40-60 мин ұстап, содан соң пакетке салып ауасы зерттелетiн орынға əкеледi де, фильтр ұстағышқа бекiтедi. үлгi алынар алдында фильтр ұстағыштың дұрыстығын тексередi, ол үшiн оның ұшын тығынмен жауып, құралды iске қосады, фильтр ұстағыш дұрыс болса, құрал 0-дi көрсетедi. Үлгi алу 250-400 л/мин жылдамдықпен жүргiзiледi, фильтрдегi шаң массасы 4 мг — нан кем болмау керек. Үлгi алу 30 минут жүргiзiледi. Бұдан соң фильтрдi пинцетпен босатып алып, шаң жұққан бетiн iшке қаратып төрт рет бүктеп, пакетке салады. Лабораторияда фильтрдi 40-60 минут бөлме температурасында ұстап, тұрақты массаға жеткiзедi. Егер үлгi 100%— ке жақын салыстырмалы ылғалдылықта алынса, фильтрдi балқыған CaCl2 шыны тостағаншамен эксикаторға 30-50 минутқа қояды, содан кейiн 40-50 минут бөлме температурасында ұстайды.
Шаңның концентрациясын С (мг/м3) төмендегi формула бойынша есептеп табады: С = ; мұндағы, М — фильтрдегi шаңның массасы, ол таза фильтр мен шаңданған фильтр массасының айырмасына тең, мг; V0 — қалыпты жағдайдағы зерттеуге алынған ауаның көлемi, м3; Vt х Р х 273 (273 + t) х 1013
Қалыпты жағдайда температура 00С жəне атмосфералық қысым 1013 ГПА (760 мм.сын. бағ.).
V0 = ; мұндағы,
Vt — берiлген температурадағы жəне атмосфералық қысымдағы Р (гПа, м4) алынған ауаның көлемi, м4;
273 — газдардың ұлғаю коэффициентi;
1013 — қалыпты қысым, гПа.
Практикалық жұмыс № 2
Ауасы жиi желдетiлмейтiн тұрғын үй, қызмет орындары,мектептер, вокзалдар, т.б. орындардың ауасында түрлi микроорганизмдер көп болады. Мысалы, мектептерде сабақ басталғанға дейiн 1 м3 ауада 2 мыңдай бактерия болса, сабақ бiткен соң олардың саны бiрнеше ондаған мыңға жетедi. Əсiресе ауру туғызатын патогендi микроорганизмдер тұмау, т.б. аурулардың эпидемиясы кезiнде көп жиналады. Мұндай кезде күн сəулесi, бактерицидтiк лампалар немесе ылғал шүберекпен сүрту арқылы бактериялардың санын бiршама азайтуға болады. Бұны мен қатар қылқан жапырақты ағаштар бөлiп шығаратын фитонцидтер де бактерияларды жойып жiбередi. Бұл жұмыста студенттер ауасы ластанған орындардағы атмосфера құрамындағы микроорганизмдер санын анықтауды үйренедi жəне микроорганизмдер тiршiлiгiне фитонцидтердiң əсерiн анықтайды.
Тип материала: | Документ Microsoft Word (docx) |
---|---|
Размер: | 28.7 Kb |
Количество скачиваний: | 21 |