Практикалық жұмыс. Тізімдерді құру. Сырғымылы жолдарды ұйымдастыру
Предмет: | Информатика |
---|---|
Категория материала: | Конспекты |
Автор: |
Калиева Гульназ Рахметуллаевна
|
Практикалық жұмыс
Тізімдерді құру. Сырғымылы жолдарды ұйымдастыру
Мақсаты: HTML-құжатында тізім жасауды және сырғымалы жолдарды ұйымдастыру үлгілерін үйрену.
Сабақ жоспары: Нөмірленген, маркерленген тізімдерге және сырғымалы жолдарға берілген жаттығуларды орындай отырып, оқушыларды өз бетінше жұмыс жасауға қалыптастыру.
HTML-тізімін қолдану. Тізімдер. Тізімдер анықтамасы.
Тізімдердің (lіsts) НТМL тіліне енгізілуінің басты себебі – мәтіндік редакторлардың тізімдермен жұмыс істеу мүмкіндіктерінің мол болуы әсерінен деп айтуға болады. Тізім құрғанда оның жолдарын нөмірлеу немесе белгілеуді біртіндеп орындау қажет етілмей, бұл жұмысты программа өз міндетіне алады. Егер тізім жаңа жолмен толықтырылатын немесе оның бірі қысқартылатын болса, онда нөмірлеу реттілігі де автоматты түрде түзетіледі. Тізім нөмірленбей, тек белгіленетін кездерде әрбір жол алдына маркерлеу белгілері: сызықшалар, дөңгелекшелер, тіктөртбұрыштылар, ромбылар және де басқа да таңбалар қойылады. Осының нәтижесінде тізім оқуға ыңғайлы түрдегі «фирмалық» сипатқа ие болады.
Тізім жасау үшін қолданылатын тэгтерді шартты түрде екі топқа бөлуге болады: олардың біріншісі – тізімнің жалпы көрінісін анықтайтын атрибуттық сыртқы белгілер, ал екіншісі – оның құрылымын қалыптастыратын ішкі белгілер. Соңғы ішкі белгілер үшін тек бір ғана ашылу тэгі қолданылады.
Нөмірленген тізімдер
Нөмірленген тізімдер алдына нөмір қойылады. <ОL> және </ОL> сыртқы тэгтерінің арасында орналасқан мәтін жолдары белгіленген тізім ретінде қабылданады. Мұнда әрбір белгіленетін мәтін жолын <LІ> ішкі тэгімен бастап отыру керек.
3 жаттығу. Сырғымалы жолдарды ұйымдастыруда тегтер мен параметрлерді пайдалану.
<HTML><HEAD>
<TITLE>Мысал</TITLE></HEAD>
<BODY text=red>
<CENTER>
<H2> Cырғымалы жолдар мысалдары </H2> <HR>
<H3> <MARQUEE BGCOLOR=”BLUE”
BEHAVIOR= “SCROLL”
DIRECTION=”RIGHT” HEIGHT=30> Бұл алғашқы сырғымалы жол
</MARQUEE></H3>
<P> <MARQUEE BGCOLOR=”Green” HEIGHT=30
WIDTH='90%'>Бұл екінші сырғымалы жол
</MARQUEE>
<P> <MARQUEE BGCOLOR=”Green” BENAVIOR=”ALTERNATE”>
DIRECTION=”LEFT” HEIGHT=30> Бұл үшінші сырғымалы жол </MARQUEE>
<HR>
</CENTER></BODY>
</HTML>
Тапсырмалар:
1. Нөмерленген тізімді қолданып, Қазақстанның облыстарын, қалаларының тізімін шығарыңыз.
2. Маркерленген тізімді қолданып, пәндер тізімін шығарыңыз.
Тип материала: | Документ Microsoft Word (doc) |
---|---|
Размер: | 148.5 Kb |
Количество скачиваний: | 81 |