Праздничное мероприятие Ко Дню Независимости. 1 класс.

Предмет: Классному руководителю
Категория материала: Другие методич. материалы
Автор:

1 сынып               Мерекелік іс-шара:  Егеменді ел жасасы!

 

 

Мақсаты: Оқушыларды Отан сүйгіштікке, патриотизм мен халықтың өткен тарихын құрметтей білуге, тәуелсіздік, бостандық, еркіндік ұғымдарының тарихи маңызын түсіне білуге тәрбиелеу.

Көрнекілігі: «Тәуелсіз ел» плакаты, Елтаңба, Жалау, 1986 ж. ҚР Конституциясы

Сабақтың түрі: әдеби-музыкалық монтаж

Сабақтың барысы:   1. Жүргізушінің сөзі

2. Әдеби-музыкалық монтаж

3. Тәуелсіздік хронологиясы

4. Қорытынды

 

Кіріспе сөз:

 Сәлеметсіздер ме, мұғалімдер және оқушылар! Сіздерді келе жатқан еліміздің Тәуелсіздігі күнімен құттықтаймыз! Ел үшін, жер үшін, болашақ үшін қан төгіп, күрескен ата-бабаларымыздың арманы міне, бүгінде орындалып жатыр. Тәуелсіздік оңайлықпен келген жоқ, қазіргі қол жеткен еркіндігіміздің басы сонау аласапыран кезеңде бір жағадан бас, бір жеңнен қол шығарып күрескен ата-бабаларымыздың болашақ ұрпағы үшін қан төккен ерлігінен басталып, 1986 жылғы Желтоқсан оқиғасымен жалғасын тапты. Тәуелсіздігіміздің он сегіз жылдығын атап өтер тұста сол желтоқсан оқиғасына да міне 28 жыл толып отыр. 

1986 жылдың 17-18 желтоқсан күндерінде Республиканың бас алаңына шерулеп шыққан жастардың ұрандарының бірі «Тіліміз жоғалмасын!», «Жеріміз тоналмасын!» болды. Империя құрсауынан құтыла алмай келе жатқан қазақ халқының тарихындағы бұл алғашқы бас көтеру емес екендігі белгілі. 1986 жылғы оқиға осындай қозғалыстардың жалғасының бірі. Жарылғалы тұрған жараның көзі ашылды. Ұлттардың теңдігі әбден жалықтырғанына да көзі ашық жастар шыдамады. Сол жастардың көрген азабын ұмыт қалдыруымызға болмайды. 

 Тәуелсіздіктің қарлығашы бодандықтан босауымызға түрткі болған желтоқсан құрбандары біздің есімізде мәңгі сақталады.

(Құрбан болған жастардың рухына 1минуттық үнсіздік)

 

Мұғалім: Кұрметтi қонақтар, ата-аналар, Ұстаздар  сiздердi Республикамыздың Тәуелсiздiк күнiмен құттықтаймыз! Сiздерге тiлейтiніміз  зор деңсаулык, мол бақыт, ашық аспан! 

 


Мерей:

Отаны бар, елі бар жан - әманда 
Бақытты ғой мына байтақ ғаламда. 
«Отан» деген оттан ыстық жалғыз сөз. 
Жалын берген маған-дағы, саған да. 


Мерей:  Қымбатты, балалар! Құрметті қонақтар! Міне осы салтанатты күн де келді! Бүгін біз егемен Қазақстан Тәуелсіздік күнін атап өтеміз. Егеменді деп аталуының себебі, өйткені бұл бай, мықты, тәуелсіз еркін мемлекет! Содықтан еліміз гүлдену, бейбітшілік, бақыт тілейміз! 


Әнұран РҚ ...

 

Қожанасыр кіреді...    оның сөздері...


Мерей: Құрметті Қожанасыр , біздің балалар мектепке келгендеріне үш ай өтті....Әріптерді де, сандарды да және жатқа тақпақ, өлеңдерді де біледі... 

Ал осы мерекеге орай олар ОТАН туралы тақпақтар жаттап келді.....

Мына орындыққа отырыңыз.  Оқушылардың тақпақтарын тыңдайық. 

 


Тәуелсіздік өлең: 
1-бала: Он алтыншы желтоқсан 
Тәуелсіздік алған күн. 
Ерекше боп мәңгілік 
Ел жанында қалған күн. 
2-бала: Он алтыншы желтоқсан 
Ел мерейі тасыған. 
Қазақ деген қалың жұрт 
Пәрін кешті басынан. 
3 бала: Біздің дала бай дала 
Алтын астық айнала 
Астық дала сәулеті 
Астық Отан сәулеті 
4 бала: Отан туған еліміз 
Отан туған жеріміз 
Отан ортақ үйіміз 
Көңілді ән күйіміз 
5 бала: Отан сенiң – ата-анаң, 
Отан – досың, бауырың. 
Отан – өлкен, астанаң, 
Отан – аудан, ауылың. 
6 бала: Отан – тарих, Отан – тiл, 
Жасаған елiн, өз халқың. 
Отан –өлең, Отан – жыр, 
Көтерген көпке ел данкың. 
7 бала: Отан осы достарым, 
Көңiлге оны түйе бiл! 
Отан деп осiп жас жаның, 
Оны ардақтап сүйе бiл! 
8-бала: Отан деген – атамекен 
Отан деген – туған ел 
Отан ана-отан үлкен, 
Қазақстан туған жер! 
9-бала: Бақытты ел-бұл Отан, 
Бәрiне мен иемiн, 
Бiздiн Отан – Ұлы Отан 
Ұлы Отанды сүйемiн. 


Қожанасы::: ООООО жақсы екен. Қандай жақсы балалар екен....Білім әлемі осымен ғажап екен....

Мерей:   Әрине, Қожанасыр. Біздің балалар әнді деайтады , би ді де билей алады.... біздің балаларымыз да мерекеге көңілді қазақ әні мен билерді  дайындап келіпті. 
олаарды  тамашалайық....

Тұлпарым  әні

Қазақ биі

Қамажай

Қара жарға

Мерей:   Балалар, Казақстан – үлкен, байтақ мемлекет! Мұнда әр түрлі ұлт тұрады, әр қайсысының өзінің тілі, дәстүрі бар, бірак бәрін біріктіретін нәрсе – бірлік пен түсіністік.

Ал, сендер, балалар, еліміздің ең қымбат байлығысыңдар. Қазақстаның болашағы сендердің қолдарында.

Құрметті Қожанасыр , біздің балалар үш тілде сөйлейді ...Ағылшын, қазақ және орыс тілінде де сөйлейді.....Ал мына балалардың өздерінің дайындап келген тақпақтары бар... балалар орыс және қазақ тілінде ҚАЗАҚСТАН туралы тақпақтарын айтады....тыңдайықшы

ОРЫС топтаға балалар орыс және қазақ тілінде ҚАЗАҚСТАН туралы тақпақтарын айтады...


1-бала: Балдырған баламыз, 
Достық көп табамыз, 
Қашан да, қайда да, 
Достар бiр – бiрiне, 
Сенiмді боламыз. 
2-бала: Қазақстан көгiнде 
Көк ту тұрган желбiреп, 
Казағым тұр бүгiнде 
Көк аспаны мөлдіреп. 

Ән :::Көк тудын желбірегені әні ....

Ән: Жаса, Қазақстан...

Мерей:


1-бала: Ана тiлiм – ұраным, 
Ана тiлiм – құралым, 
Ана тiлiм болмаса, 
Болмас едi жыр әнiм. 
2-бала: Отан-атам, 
Отан – әкем, 
Қате болса, неге бiздер, 
Деймiз оны атамекен. 


Мақал-мәтел: 
Отансыз адам, ормансыз – бұлбұл. 
Ердің көркі – ермек, отан көркі – жермен. 

Қожанасыр: Балалар, Мектепкте  көптеген нәрселерге үйреніпсіңдер. Жақсы демалып, ойнап, көңіл көтердік. Сол үшін достар, сендерге сыйлық берейін. 

бірақ осы сыйлықты сендерге Үлкендеріміз сыйласын. Ортаға әжелерімізді шақырайық...

1-ші   әжеміз тілек бата береді айтады.

2-ші    әжеміз шашу шашады.

Қожанасыр:: Осындай кәмпиттей өмірлерін тәтті болсың! 
Сыйлығымды алып, 
Анда-санда мені еске, алыңдар. 
Сау болыңдар, достар! Мен жол жүрейін! 
(шығады) 


Мерей:   Бізде кетейін, мерекеміз осымен аяқталады. Қазақстанда бейбіт, бай, бақыт өмір болсын дейміз! Мереке кұтты болсын!

АТАМЕКЕН әні




 

 

Тип материала: Неизвестен (mp4)
Размер: 3.3 Mb
Количество скачиваний: 10
Просмотров: 104

Похожие материалы