Презентация "Интернет кафе" по информатике
Предмет: | Информатика |
---|---|
Категория материала: | Презентации |
Автор: |
Джангалиева Махаббат Джолдыбаевна
|
Сабақтың тақырыбы: «Интернет кафе»
Сабақтың түрі: сайыс сабақ
Мақсаты: Оқушылардың танымдық белсенділігін, пәнге деген қызығушылығын арттыруда, логикалық ойлау қабілетін қалыптастыруда, сондай ақ шапшаңдыққа, жауапкершілікке, ізденімпаздыққа тәрбиелеу.
І. Ұйымдастыру
«INTERNET» кафеге билет сату
Оқу мен оқытудағы жаңа тәсілдер (топқа бөлу)
1 топ: «VIP» бөлмесі
2 топ: «Караоке» бөлмесі
3 топ: «Құрметтілер» бөлмесі
«INTERNET» кафе кезеңдері:
1. Таныстыру
2. Сұрақ-жауап
3. “Қонақ кәде”(өнерлерін көрсету)
4. Сиқырлы жәшік
5. Капитандар сайысы
6. Болашақ компьютер
7. Жарнама
1. «Таныстыру» кезеңі
Сәлем берем, сәлем беру салтымыз,
Сәлемменен сөз бастаған халқымыз.
Аман - есен жүрмісіздер баршаңыз,
Армысыздар жиналған жұрт халқымыз
2. Сұрақ-жауап
Бұл кезеңде әр топ өздеріне берілген сұрақтарға жауап беруі тиіс. Әр дұрыс жауап 10 ұпаймен бағаланады.
“VIP ” бөлмесі:
1. Мәліметті енгізу пернесі?
2. Принтердің неше түрі бар?
3. Интернетке қосылуды жүзеге асыратын құрылғы
4. Сызықтық алгоритм дегеніміз не?
5. Бас әріппен жазу батырмасы
6. Операциялық жүйе дегеніміз не?
7. Циклдік алгоритм дегеніміз не?
8. «Көбейтілуге» және басқа программаларға «жұғуға»
қабілетті шағын компьютерлік программа қалай
аталады?
9. «Компьютердің атасы» деп кімді атаған?
10. Графикалық редакторды ата
“Караоке” бөлмесі:
1. ЭЕМ-нің неше буыны бар?
2. Ақпараттық процесстерді жүзеге асыратын құрал?
3. Қай перне арқылы көшіруге болады?
4. Алгоритм дегеніміз не?
5. Алгоритм типтері
6. Паскаль программалау тілінің авторы
7. Паскаль программалау тілі неше бөліктен тұрады
8. ЭЕМ буындарын ата?
9. “Компьютерлік вирустар” дегеніміз не?
10. ОЖ түрлерін ата?
“Құрметтілер” бөлмесі:
1. Мәтіндік редактор?
2. Қағазды басып шығаратын құрал?
3. Қай перне арқылы символдарды өшіруге болады?
4. Паскаль тілінде санның квадраты қалай жазылады?
5. Алгоритм қасиеттерін ата
6. Ең алғашқы программист
7. Санау жүйелерінің түрлері
8. Логикалық амалдар
9. Ең кіші ақпарат өлшем бірлігі
10.Драйвер дегеніміз не?
3. “Қонақ кәде”(өнерлерін көрсету)
Бұл кезеңде әр топ өз бөлмелеріне қатысты берілген шарт бойынша өз өнерлерін көрсетеді
4. Сиқырлы жәшік
Бұл құралдың жасы 2000-5000 жылдар шамасы. Бұл құралды гректер мен Батыс Еуропалықтар «абак» деп, қытайлықтар «суанпан» деп, жапондықтар «серобян» деп атаған.
Жәшіктің ішінде қандай құрал бар? (жәшіктің ішінде есепшот)
5. Капитандар сайысы
Әр топтың капитандарына жеке – жеке сұрақтар қойылады. Бір минут аралығында сұрақтарды тыңдап үлгеріп және жауап береді.
6. Болашақ компьютер
Бұл турда әр топ өздерінің қиялындағы компьютерлерді ойлап шығарып, қорғап шығады.
7. Жарнама
Бұл кезеңде әр топ өзінің ойындағы компьютерлерін саудаға салып жарнамалайды
Ал енді оқушылар сайсымыздың бағасын беру үшін сөз кезегін әділқазыларымызға береміз.
Қорытынды
Уақыт бөліп келгендеріңіз үшін барлықтарыңызға көп рахмет. Келесі кездескенше қош сау болыңыздар.
Тип материала: | Презентация Power Point (ppt) |
---|---|
Размер: | 5.14 Mb |
Количество скачиваний: | 3 |