Презентация "Қиянат жасамау" Өзін-өзі тану

Предмет: Другое
Категория материала: Презентации
Автор:



   «Өзін-өзі тану » пәнінің білім мазмұны үлкендерді және жасөспірімдерді  адамгершілікке, азаматтыққа, елжандылыққа тәрбиелеуге негіз болатын жалпыадамзаттық  құндылықтар жүйесінен тұрады.  Сабақ барысында, сабақтың соңында ,өтіп жатқан курсымызда   бұл пән әр адамның көңіл-күйін, сезімін,  сабақтан алған әсерін, анықтауға жол ашады. Біз қандай да болмасын тақырыптарды өткенде оларды өмірдегі болып жатқан жағдаяттармен дәлелдеп , қандай қателіктер кеткенін немесе қандай жетістіктерге жеткенімізді аңғардық. Сабақ барысында шынайы ойлап, жүрегімізге түйіп, сол тақырыптағы кейіпкерлермен бірге өмір сүргендей болып қиналдық та, қуандық та. Бұның өзін мен ойлаймын  өз-өзіңді танудың сатылары деп. Осындай жағдайларда   дұрыс әрекет жасауға, дұрыс шешімдер қабылдауға өзіміз сабақ барысында оқушыларымызға көмектескендей,  тренеріміз Дидар Бериковнаның еңбегі зор болды. 

Абай данышпанымыз айтқандай : «Балама мылтық үйреттім ,

Ол мерген боп , мені атты» -деп өзінің ұстазы Айгуль Рымбаевна білім нәрін алып,  өзінің жақсы оқушы, жақсы ұстаз болғанын мақтан тұтады.Осылай өмірден жақсы адамдардан  жақсы білім алып, жанындағыларға тек нұрын жаудырып отырса, әр қазақ азаматы  өз елінде, көптеген биік жетістіктерге жетері сөзсіз. Мен халқымның  ең мәдениетті, әділетті, ынтымағы мол, нағыз тәуелсіз ел боларына сенемін.

Курс басталғанда  кәдімгі үйреншікті, жылда өтіп жүрген дәріс сияқты қабылдадым. Күндер өте тренеріміз әр түрлі тақырыптарға байланысты, өмірімізге, өз өміріне байланысты жағдаяттарды  талдағанда ,оның арасында видиороликтерді көргенде  жан дүнием өзгеріп отырды. Өйткені тренеріміз Дидар Бериковна , уақыт тауып біздерді, қайтсем осы ұстаздарға көмегім тие ме?- деген , мазалап жүрген сұрағына жауап табумен болған. Иә, жауабы табылды.  Бәріміз жауап алған сайын шабыттанып, ұстаздар өз өмірінен мысалдар келтіріп, әр берілген сұрақтың шешімін тауып отырдық. Яғни көптеген құндылықтардың түрлерін аштық. Бұл курс мені өзін-өзі тану пәніне деген құштарлығымды арттыра түсті, шабытым шыңдай түсті.

 

Тип материала: Презентация Power Point (pptx)
Размер: 614.97 Kb
Количество скачиваний: 236
Просмотров: 505

Похожие материалы