Презентация лидер 21 века

Предмет: Начальные классы
Категория материала: Презентации
Автор:
  • Өтетін уақыты: 26. 03. 2015 ж Сыныбы: 3 « Ә » Тақырыбы: «XXI ғасыр көшбасшысы» Интеллектуалдық ойын.
    Мақсаты: Білімділік: Оқушыларды әр түрлі пәндерге деген қызығушылығын арттыру, батылдығын шыңдау, танымдық қабілеті мен білім деңгейлерін тексеру.
    Дамытушылық: Жылдамдыққа тәрбиелей отырып, сөйлеу қабілетін, мәдениетін, логикалық ой - өрісін дамыту, интеллектуалдық қабілетінің дамуына ықпал жасау.
    Тәрбиелік: Туған еліне, жеріне деген сүйіспеншілігін арттыру, халықтың әдет - ғұрпын, салт - дәстүрін сақтап, оны әрі қарай жалғастыруға тәрбиелеу.
    Тәрбие сағатының түрі: Сайыс.
    Көрнекілігі: Интерактивті тақта, презентация
    Пәнаралық байланыс: қазақ тілі, математика, ана тілі, музыка, дене шынықтыру,ағылшын,орыс тілі
    Тәрбие сағатының жүрісі: 5 айналымнан тұрады. 1. Бәйге 2. Полиглот 3. «Жорға», 4. «Сөз ойла, тез ойла» 5. «Ойлан,тап»
    Мұғалім: Мінекей залда тыныштық
    Естілмейді дыбыс түк
    Мұны біз де қоштаймыз
    Кешіккендерді тоспаймыз
    «ХХІ ғасыр көшбасшысы» сайысын біз бастаймыз! Армысыздар, құрметті ұстаздар мен сайыскерлер!
    «Тәуелсіз ел тірегі – білімді ұрпақ», «Білікті бірді жығады, білімді мыңды жығады» – деп халқымыз бекер айтпаса керек. Шын жүйрік шабысынан танылады,
    Қатты білім, терең ойда саналады.
    Баға берер әділқазы ортамызда
    Сіздерге құрметпен қол соғылады.
    Қазылар орнықтырар әділдікті
    Кімдердің жауаптары кәміл шықты,
    Білім мен тапқырлардың сайысында,
    Жеңіске жетер дейміз нағыз мықты. (Әділқазылар мүшесімен таныстыру)
    1.
    2.
    Мұғалім:
    - Бәйгеге түсіп жарыспай,
    Жүйріктің бағы жанар ма?
    Білім мен өнер жарысып,
    Тәрбие - тәлім табар мән.
    Бұл бәйге ойдың бәйгесі,
    Кім жүйрік ойға сол – алда, - дегендей ой мен білім жарысына қош келдіңіздер! Сайыскерлер 1. «Жас ұлан» 2. «Жас қыран» 3. «Қазақстан» үш топ болып сайысқа түседі. Енді әр топ өздерін таныстырып өтсін. Топтардың өздерін таныстыруы.
    Мұғалім: Енді сайысымызды бастаймыз. Сайысымыз 4 айналымнан тұрады:
    1. Бәйге 2. Полиглот 3. «Жорға», 4. «Сөз ойла, тез ойла» 5. «Ойлан,тап»
    Мұғалім: «Мыңнан тұлпар, жүзден жүйрік» демекші баршаңызға сәттілік тілеймін!
    I – айналым «Бәйге»
    Білім деген биік шың,
    Бақытқа сені жеткізер.
    Білім деген ақылшың,
    Қиындықтан өткізер –
    деп білімді сарапқа салар сәтті бастайық
    Шарты:
    1. Мұнда барлық сайыскерлерге ортақ 10 сұрақ оқылады, қойылған сұрақтың дұрыс жауабын білген топ қолдарындағы жалауды көтереді де жауап береді. Әр дұрыс жауап 10 ұпай.
    Сұрақтар: 1.Қазақтың ұлттық музыкалық аспабы (домбыра) 2. Қасиетті рухани тілек. (Бата) 3. Қазақстанның эмблемасындағы қай жануар Қызыл кітапқа енгізілген? (барыс) 4. Үш байлық деген не?(денсаулық, ақ жаулық, он саулық) 5.Астана қаласының символы (Бәйтерек) 6.Мұсылмандар діні (Ислам) 7. Шығыстың Аристотелі кім (Әбу Насыр әл-Фараби) 8. Абайдың шын аты (Ибраһим) 9.Наурыз көжеден ауыз тию қандай ұғымды білдіреді? (тоқшылық) 10. Киіз үйдің төбесі қалай аталады? (шаңырақ) 11.Жер серігі (Ай) 12.Қазақтың тұңғыш 1909 жылы дүниежүзілік чемпионы атағын алған палуан? (Кажымұқан Мұнайтпасов) 13.Қазақ алфавитінде неше әріп бар? (42) 14. Қазақ қыздарының ұзатылғанда киетін бас киімі (сәукеле) 15.Үш арсыз (ұйқы, күлкі, тамақ) 16.Сүйекті пайдаланып ойнайтын ойын (ақсүйек) 17.Ең үлкен жұмыртқа салатын құс қалай аталады? (Түйеқұс) Мұғалім : Келесі айналым – Полиглот. «Жеті жұрттың тілін біл, жеті түрлі ғылым біл» дегендей, өз ана тілімізбен қоса орыс, ағылшын тіліндегі білімдеріңіз сараланады. Шарты: Жасырған жұмбақтардың жауаптарын үш тілде айтуларың керек.Әр топқа 4 жұмбақтан жасырамын әр дұрыс жауап 10 ұпайды құрайды. № 1 слайд. «Жас ұлан» тобына.
    1. Алыстан қарасаң, аппақ,
    Татып көрсең, тәтті - ақ (Қант – сахар - sugar )
    2. Жұдырықтай қызыл шар,
    Тілді үйірген шырын бал. ( алма – яблоко - аpple )
    3. Бұл үйге көзсіз боп басың сұғасың,
    Бұл уйден көреген болып шығасың.(мектеп - школа - school)
    4. Кең әлемді кернейді,
    Көзің бірақ көрмейді. ( ауа-воздух-air ) «Жас қыран» тобына
    1. Қазақтардың қасиетті саны... «жеті, семь, seven»
    2. Кеудесінде жаны жоқ,
    Тамырында каны жоқ
    Май жейді, су ішеді (көлік - машина - car)
    3. Мамықтай ұлпа, қанаттай ақ
    Қыста жер бетін басады,
    Жазда сайға қашады (Қар - снег - snow)
    4. Сөзі дана, үні жоқ,
    Сөйлемейді тілі жоқ.
    Қолына алсаң шешен,
    Ақылы асқан көсем
    (Кітап - книга - book) «Қазақстан» тобына
    1. Ұшып - қонып тынбайды,
    Тасқа соқсаң сынбайды.
    Суға салсаң батпайды,
    Түскен жерге жатпайды
    (Доп - мяч -. ball)
    2. Жолбарыстан аумайды
    Пеш түбінде аунайды (мысық – кошка-cat )
    3. Ашылып жабылады
    Әр үйден табылады
    4. Жылт – жылт еткен
    Жылғадан өткен (су – вода - water ) «Бәйтерек» тобына
    1. Жұпар иісі еседі,
    жайнап бақта өседі ( гүл – цветок - flower)
    2. Қоймасын қыс ақтарып,
    Жерді жапты ақ мамық. (қар – снег - snow)
    3. Тар шеңберді айналып,
    Тұр қазықта байланып.
    Қаға берер таңдайды,
    Әдетінен таңбайды.
    (Сағат - часы - clok)
    4. Бойын жерге жасырған,
    Бұрымы бар жасылдан (Сәбіз - морковь - carrot.)
    Мұғалім: Келесі айналым «Жорға» бұл сайыста негізгі 4 пән бойынша және де жолда жүру ережесіне байланысты сұрақтар беріледі.Әр пән 5 сұрақтан тұрады.Әр ұяшықта жазылған сандарына байланысты ұпай сандары беріледі. Топтар ұяшықтарды кезектесіп таңдайды. № 2 слайд. Математика:
    1. Көбейтудің қасиеттерін ата? (ауыстырымдылық, терімділік, үлестірімдік)
    2. Тік төртбұрыштың периметрін қалай табамыз?
    3. Ең үлкен 2 таңбалы санға бірді қоссақ неше шығады? (99+1=100)
    4. Әлібек 1 күнде 2 ертегі оқыды. Ол 1 жұмада неше ертегі оқиды. Осы қарқынмен? (14 ) 5. Ауданның өлшем бірлігін ата. (1 квадрат сантиметр)
    Қазақ тілі:
    1. Дауыссыз дыбыстар нешеге бөлінеді, олардың түрлері? (қатаң, ұяң, үнді)
    2. Қарсы мағыналы сөздерді тауып ата: семіз – (арық), терең – (таяз), қою – (сұйық), қысқарды – (ұзарды)
    3. Қандай зат есімді туынды зат есім дейміз? (түбір сөзге жұрнақ жалғану арқылы жасалған зат есім)
    4. Жұмбақты шеш. Өзім сөзден тұрамын
    Біткен ойды құрамын (сөйлем) 5.Мәтіннің неше түрі бар ? Оларды ата.
    Дүниетану:
    1. Өсімдік бөліктерін ата? (тамыр, сабақ, жеміс, гүл, тұқым)
    2. Қимыл қозғалыс мүшелерін ата. (қаңқа мен бұлшық ет) 3. Ауаның 1жерден 2 - ші жерге ауысуы? (жел)
    4. Желдің күші мен бағытын анықтайтын арнаулы құрал? (Желбағар) 5.Құрғақшылыққа төзімді өсімдіктер. (Жантақ,сүттіген,жүзгін,сексеуіл ) Жолда жүру ережесі: 1. Нұсқау белгілері қандай түспен белгіленген? (Көгілдір.) 2. «Бағдаршам» грек тілінен аударғанда нені білдіреді? Жарық әкелуші. 3. Ескерту белгілері қандай түспен белгіленген? қызыл 4. Милиция таяқшасының түстерін ата? Ақ-қара 5. « белгінің ауысуын күт» бағдаршамның қай түсі білдіреді: (сары.)
    Әдебиеттік оқу:
    1. Қазақтың көрнекті ақыны, жазушы, тұңғыш ағартушы ұстаз. Қостанай облысында туған. Қазақ балаларына арнап мектеп ашқан бұл кім? (Ыбырай)
    2. «Дарабоз» атанған батыр? Батырдың шын аты кім? (Ерасыл – Қабанбай)
    3. Бата дегеніміз не? (той - жиында, дастарқанбасында айтылатын тілек түрі)
    4. Абайдың 5 асыл іс пен 5 дұшпанды атап шық?
    5 асыл: талап, еңбек, терең ой, қанағат, рақым
    5 дұшпан: өсек, өтірік, мақтаншақ, еріншек, бекер мал шашпақ 5. Бір тал шашы ағарған деген өлең жолдары қай өлеңнен алынған және өлеңнің авторы кім? (Қадыр Мырза Әли,Мұғалима өлеңі )
    Мұғалім: «Сөз ойла, тез ойла» сайысына да келіп жеттік. Мұнда сендерге әріптер беріледі, сол әріпке байланысты берілген сұраққа жауап бересіңдер. Мыс: С әрпі болса, с – дан басталатын жауаптар беріледі.
    Сенің атың кім?
    Сен нені армандайсың?
    Қайда барасың?
    Сен не ұнатасың?
    Досыңа туған күніне не алып бересің ?
    Қыста не болады?
    Мектепке немен келесің ?
    Демалыста қайда боласың?
    Алманың түсі қандай ?
    Достарыңа тілек тіле.
    Мұғалім: Келесі кезекте «Ойлан,тап » Шарты: Төрт топқа тапсырмалар беріледі.Дұрыс орындаған тапсырмаға 30 ұпай қосылады.Әр топ басшылары жұмыстарын қорғайды. 1. «Жас ұлан» Әліпбидің орналасуы бойынша жасырын жұмбақты тауып,шешу. 2. «Жас қыран» ребус шешеді 3. «Қазақстан» меңзердің көрсеткен жолымен мақалды тауып жазу. Мұғалім: Келесі сөзді әділқазы алқасына береміз
    Таң шуақ тәуелсіздік елімізде,
    Бақ - дәулет шалқи берсін жерімізде.
    Аман - сау болайықшы көріскенше
    Көк байрақ, желбірей түс көгімізде! Би: «флешмоб»
Тип материала: Презентация Power Point (ppt)
Размер: 275 Kb
Количество скачиваний: 120
Просмотров: 336

Похожие материалы