Презентация по английскому языку на тему "Тeenagers and their idiols of music" '8'кл

Предмет: История
Категория материала: Презентации
Автор:

8 класта «Teenagers and their idiols of music» атты тақырыбында өткен сабағымда оқушылардың сөйлеу мәнерін қалыптастыру,сұрақтарға тұжырымды ой пікір айтуға дағдыландыру,тілге ,музыкаға қызығушылықтарын оятуды мақсат еттім.Сабақ ақпараттық технологияны қолдану,интерактивті тақта арқылы,слайд түрінде өткізілді.Сабақ музыка тыңдау арқылы оқушылардың жақсы  көңіл күй ояту,музыкаға жағымды көзқарас қалыптастырудан басталды. Сабақ барысында «топтастыру» әдісі бойынша «музыка» сөзіне түрлеріне топтастыру жасалды.Содан соң әйгілі рок- н- ролл королі ,белгілі актер,музыкант Элвис Преслидің өмірбаяны ,отбасы , білімі,достары ,қызметі таныстырылып , мәтінге қосымша Элвистің портреті,достарымен бірге түскен суреті және т.б суреттермен көрнекіленді. «Жуан- жіңішке сұрақтар»стратегиясы бойынша оқушылардың түсініктері тексеріліп,мәтінге қысқаша талдау жасалды.. «Инсерт» әдісі бойынша мәтінді ағылшын тіліне аудару жұмысы жүргізілді . Мәтінмен алдын  ала оқып танысқандықтан оқушылар бұл жұмысты еш қиындықсыз орындады.Содан кейін Элвистің әндері таныстырылып, « Are You Lonesome Tonight » атты өлеңі Элвистің өз орындауында тыңдалды.Әйгілі рок- н- ролл королінің өз дауысын есту оқушылардың қызығушылығын оятып,ән орындау шеберлігіне тәнті етті.Әннің бір шумағы әншінің дауысымен оқушылардың орындауымен қосыла айтылып оқушыларды ерекше әсерге бөледі.Сабақ соңында оқушылардың сабақтан алған білімдері әртүрлі тапсырмалар арқылы бекітіліп, әйгілі әнші ,актер туралы эссе жазу тапсырылды.Бұл сабақтың оқушыларды ағылшын тіліне ынталандыру,шетел тіліне деген қызығушылықтарын арттыру,өз ана тіліне сүйіспеншілік сезімдерін арттыруда маңызы зор болды

Тип материала: Презентация Power Point (pptx)
Размер: 980.96 Kb
Количество скачиваний: 8
Просмотров: 70

Похожие материалы