Презентация по биологии на тему:"Қауырсын жабынды жануарлар"(7 класс)

Предмет: Биология
Категория материала: Конспекты
Автор:

Жаңа сабақты түсіндіру
Оқушылардың өз ойларын тыңдау.
Сабақ тақтадағы суреттерді, тұлыпты, қаңқаны пайдаланып түсіндіріледі.
          Жүзетін құстар. Ұша алмайтын, мұхит суында тіршілік ететін ұстардың ерекше тобы – Пингвиндер. Алдыңғы аяқтары суда жүзгенде ескек сияқты. Аяғы тұлғаның артқы бөлігінде орналасқандықтан денесін тік ұстайды. Антарктидада, Оңтүстік Американың оңтүстік жағалауында, Австралияда тіршілік етеді.

Құстар – омыртқалы жануарлар. Жер бетінде 8600 түрі бар. Қазақстанда 489 түрі мекендейді. Олардың дене температурасы – тұрақты, жоғары. Құстардың денесі бас, мойын, тұлға бөлімдеріне бөлінген. Құстардың терісі жұқа, әрі құрғақ, бездері өте аз. Құс қауырсындары бүкіл денесін жауып тұрады. Мүйізді өзегі – сояуы, оның екі бүйіріндегі ұсақ шашақ тәрізді түзілістері – пәрі. Пәрі мұрттан және мұртшалардан тұрады. Құстардың асқорыту жүйесі ауыз қуысы жақсүйектері мүйізденген тұмсықтан тұрады. Тістері жоқ, жемнің мөлшері үлкен болса оны тұмсығымен шоқып жейді. Дәнмен  қоректенетін құстарда өңеші кеңейіп жемсауға айналған. Бунақденелілермен қоректенетін құстарда жемсау болмайды. Жем бірден өңештен қарынға өтеді.

              Құстарды зерттейтін ғылым – орнитология деп аталады. 8600 – ға жуық түрі бар. Қазақстанда 500 ден астам түрі кездеседі.Дене температурасы тұрақты және жылықанды +41,+43градус. Дене бөліктері. Суреттен құстың дене бөліктерін атап көрсету: бас, мойын, тұлға. Қосымша бөліктері: қауырсын, тұмсығы, қанаттары, аяғы, тырнағы құйрық қанаттары.  Тақтадан көрсету. Қауырсының құрылысын түсіндіру.

           Асқорыту жүйесі.Тұмсық —–өңеш —–жемсау——безді  қарын—– етті қарын ——- аш ішек ——-клоака.

        Тыныс алуы: Өкпе арқылы тыныс алады. Сонымен қатар қосарлы тыныс алу да тән. Құстар ұшқан кезде өкпеде ауа құрамындағы оттегіне қан екі рет қанығады. Бұл қосарлы тынысалу деп аталады. Дыбысты  - көмекей арқылы шығарады.

        Көбеюі: жұмыртқа арқылы. Жұмыртқа арқылы іштей ұрықтану арқылы көбейеді. 21 тәуліктен кейін жұмыртқа басып шығарады.

          Құстың миы. Құстардың орталық жүйке жүйесі өте жақсы дамыған. Миының көлемі үлкен және алдыңғы ми айқын ми сыңарларына бөлінген.

       Шығу тарихы: Құстар – табиғаттың ажары. Олар табиғаттың сұлулық сәнін, сазды әнін келтіреді. Ауыл, орман шаруашылықтарына зиянды бунақденлілермен қоректеніп, пайдасын тигізеді. Белгілі болған ең қарапайым құс – көнеқұс. (археоптерикс). Оның жорғалаушыларға да құстарға да ұқсас белгілері болады. Ол бұдан 150 млн жыл бұрын тіршілік еткен. Ал одан әрі 223 млн жыл бұрын өмір сүрген ілкіқұс (протоавис) осы құстардың арғы атасы болып табылады.

Тип материала: Документ Microsoft Word (doc)
Размер: 92.5 Kb
Количество скачиваний: 10
Просмотров: 148

Похожие материалы