Презентация по биологии на тему"Тұқымды өсімдіктер сипаттамасы"
Предмет: | Биология |
---|---|
Категория материала: | Презентации |
Автор: |
Калдасбекова Айшат Калдасбековна
|
№30 Көктөбе орта мектебі.
Ашық сабақ
Тақырыбы:
Сыныбы: 6а
Пән мұғалімі: Қалдасбекова А.
2013-2014 оқу жылы.
Сабақтың мақсаты:
Білімділігі: Оқушыларға тұқымды өсімдіктердің маңызы, ашық тұқымдылардың сыртқы құрылысы, ерекшелігі туралы түсіндіріп, жаңа білім қалыптастыру.
Дамытушылығы: Өз бетінше ізденіспен шығармашылық тұрғыда жұмыс істеуге дағдыландыру. Өз ойларын еркін де сауатты, нақты жеткізу қабілеттерін арттыру.
Тәрбиелігі: Жан – жақтылыққа, ізденімпаздыққа баулу, тыңдай және сөйлей білу мәдениетін арттыру.
Сабақтың түрі:Аралас сабақ
Сабақтың әдісі:СТО элементтері
Сабақтың көрнекілігі: электрондық оқулық, суреттер
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі. Оқушыларды топқа бөлу.
Бағалау критериймен таныстыру.
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру. Миға шабуыл.
Сұрақ – жауап
1) Плаун қандай жерлердеөседі?
2) Плаунның құрылысы қандай?
3) Плаундар қандай жолдармен көбейеді?
4) Плаунның спора жетілген масағы қандай өркенде жетіледі?
5) Плаундардың спораларынан не пайда болады?
Суреттер арқылы қызығушылығын ояту.
ІІ. Жаңа сабақ
Тұқымды өсімдіктер сипаттамасы
1. Электрондық оқулық.
2. Білгенге маржан
Денсаулық ағашы
Қазақстандағы адам денсаулығына ең пайдалы өсімдіктің бірі -ағаш тектес немесе бұтақ тұрпатты арша. Арша – ағаш-фармацевт. Осы өсімдік бөлетін фитоноцидтер адам денсаулығына ем болатын таза ауа тудырады. Мәселен, ғалымдардың мәліметіне сүйенсек, арша жылына орта есеппен 1 тоннадан аса шаңды жұтып, айналасына 1,5 мың литр оттегі бөліп шығарады екен.
Арша орманының 1 гектары жылына 18 миллион м3 ауаны көміртегі газынан тазартып, 50-65 тоннаға дейін шаң-тозаңды зиянды газдардан арылтып, сүзіп отыратын көрінеді. Қазақ халқы аршаны "денсаулық ағашы" деп атайды.
Аршалар кейде 4 мың жылға дейін өсе береді. Ал, 500-600 жыл арша үшін қарапайым жастың бірі саналады.
Қылқан жапырақты ағаштардың Қазақстандағы ең көп түрі - Алтайда. Мұнда шырша, май қарағай, қарағай, балқарағай, сібір самырсыны өседі.
Тянь-шаньдық шырша
Іле Алатауындағы жалғыз қылқан жапырақты ағаш – Тянь-шаньдық шырша. Тянь-шань шыршасының ең үлкенінің жасы – 600 жыл шамасында, ол Түрген өзені бойында (Іле Алатауы) бір ағаштан анықталған.
Тянь-шаньдық шыршаның ең жуаны 1913 жылы Алматы маңындағы Кіші Алматы алқабындағы Горельник шатқалынан табылған. Түбінің диаметрі – 3 м шамасында, шеңберінің ұзындығы – 9,45 м.
Термин сөздермен жұмыс
Кір жаятын жіп
Сүрек- ағаш діңінің (сабағының) су өткізгіш бөлігі
Дің- ағаш сабағы
Қылқанды- жапырақтары ине тәрізді жіңішке, кей түрінде ұшы үшкір
Микориза- “микос”-саңырауқұлақ және “риза” – тамыр.
Эндосперм- қоректендіруші ұлпа.
“Бүржидек”-бүр жұмсақ, шар тәрізді, жидекке ұқсас
Эрозия-латынша “ерозио”-жегідей жеу, бүлдіру
Фитоницид- бактерияларды жоятын ерекше ұшқыш зат.
Бір үйлі- аталығы мен аналығы бір өсімдікте орналасқан.
Екі үйлі- аналығы бір өсімдікте, аталығы екінші өсімдікте орналасқан
V. Рөлдегі оқушылар.
Мәтінмен жұмыс.
nБаяндаушы – мәтіннің мазмұнын баяндайды.
nБейнелеуші – суретін салады.
nЖасушы – мәтіннің қызықты жерін табады.
nДәнекер – оқиғаны бүгінгі өмірмен байланыстырады.
VІ. Топтастыру
SHAPE* MERGEFORMAT
VІІ. Ішіне-сыртына.
Электрондық оқулық тапсырма №6
VIIІ. Семантикалық карта
IХ. Венн диаграммасы
Х. Үйге тапсырма
Ашық тұқымды өсімдіктердің маңызы туралы қосымша мәліметтер жинақтау
ХІ. Бағалау.
Тип материала: | Презентация Power Point (ppt) |
---|---|
Размер: | 2.76 Mb |
Количество скачиваний: | 42 |