Презентация по географии "Сусыз тіршілік жоқ"

Предмет: География
Категория материала: Презентации
Автор:

Презентация  была  создана в  связи  с  декадой.   

 

Географиядан     «Сусыз тіршілік жоқ»  атты сайыс сабағы

 

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: Оқушыларға гидросфера және дүниежүзілік су ресустары туралы терең мағлұматтар бере отырып, жер беті суларын қорғаудың алғы шарттарымен таныстыру.

Дамытушылық: Су туралы оқушылардың түсінігін кеңейту, халықтық педагогиканы қолдану арқылы судың маңыздылығын ұғындыру, логикалық, шығармашылық ойлау дағдыларын кеңейту.

Тәрбилік: Болашақ ұрпақтың елін, жерін қорғауға, «Судыңда – сұрауы бар» - деген мақалды негізге ала отырып, экологиялық, тәрбие беру.

Сабақтың әдісі: Жаңа технология бойынша, иновациялық әдіс.

Пәнаралық байланыс: Әдебиет, география, химия

Сабақтың көрнекілігі: Интерактивті тақта, Дүние жүзінің физикалық картасы, ұяшықтар, кесте.

 

                                      Сабақтың барысы:

 

І.  Ұымдастыру кезеңі.  

     Амандасу, оқушыларды сабаққа дайындау. Оқушыларды түгендеп, оларға сайыстың шарттары түсіндіріледі. Оқушыларды екі топқа бөліп, топтардың аттарын оқушылар өздері таңдайды. «Ертіс» және «Есіл» деген екі ат ұсынылады. Әр топтың ұраны болады. Сайысты бақылап ұпай беретін әділқазылар алқасы 3 адамнан құралады. Әділқазыларды сайыс сабағына келген мұғалімдерден таңдаймыз.  

 

ІІ.  Сайысты өткізу кезеңдері

ØІ – кезең.         Таныстыру

ØІІ – кезең.        Топ басшылар сайысы

ØІІІ – кезең.       Дода

ØІV – кезең.      Мақал-мәтелдер сайысы

ØV – кезең.       “Ең ерекше”   сайысы

 

І – кезең: Әр топтан бір оқушы шығып, топтарын таныстырады. Топтың атын атап, ұранын айтады. Таныстыруларына байланысты әділқазылар ұпай береді. Ең жоғарғы ұпай – 10.

ІІ-кезең. Әр топтың басшыларына 7 сұрақтан беріліп, жауаптарына қарай ұпай беріледі.  Алдымен бірінші топтың басшысы шығып 7 сұраққа жауап беріп шығады. Сұрақтың барлығы интерактивті тақта арқылы беріліп, топ басшысы жауап бергеннен кейін дұрыс жауап көрсетіліп, оның жауаптарының дұрыстығы тексеріледі. Жауап “иә” немесе “жоқ” деген жауаппен қайтарылады. Бір дұрыс жауап 1 ұпаймен бағаланады.  Дәл осылай екінші топтың басшысы да жауап береді.

 

 

 

                   «Ертіс» тобының топ басшысына 7 сұрақ:

1.     Гидросфера – Жер шарының су қабығы бола ала ма?  (иә)

2.     Су әртүрлі агрегаттық күйде бола ала ма?   (иә)

3.     Дүниежүзінде  6 мұхит бары дұрыс па?    (жоқ)

4.     Су қатқан кезде оның көлемі ұлғая ма?  (иә)

5.     Су табиғатта таза күйінде бол ма?      (жоқ)

6.     Судың келесі молекулалық формуласы дұрыс па:  Н2О2?  (жоқ)

7.     Атлант мұхиты Солтүстік Мұзды мұхитынан кіші ме?    (жоқ)

 

              «Еcіл» тобының топ басшысына 7 сұрақ:

1. Теңіздер мұхиттың құрамдас бөлігіне жата ма?  (иә)

2. Суды қатыру үшін жылу жұмсала ма?   (жоқ)

3. Мұхиттардың суы тұщы ма?   (жоқ)

4. Көлдердің дүниежүзілік мұхиттармен тікелей байланысы бар ма? (жоқ)

5. Ангара өзені Байкал көліне құя ма?   (жоқ)

6. Каспий теңізі Қазақстан жерінде орналасқан ба?   (иә)

7. Өзендер мұхиттардан бастау ала ма? (жоқ)

 

ІІІ – кезең.  Бұл сайыста тақтада берілген ұяшықтар ішінен өздерінің таңдауы бойынша алады. Сондағы сұрақтарға дұрыс жауап берсе, таңдаған ұяшықтағы ұпай саны өз үлестеріне тиеді.

 

20

30

40

 

 

 

40

30

20

 

 

 

 

 

1 – қатар, 20 ұяшық: Мұхиттың, теңіздің немесе көлдің құрлыққа сұғына еніп жатқан құрамдас бөлігін не деп атайды?                                (Шығанақ)

1 – қатар, 30 ұяшық:  Әр түрлі су айдындарын жалғастыратын және құрлықтың жеке бөліктерін бөліп жатқан, жіңішке су кеңістігін не деп атайды?                                                                                                     (Бұғаз)

1 – қатар, 40 ұяшық:  Табиғи қазан-шұңқырда, ойыста орналасқан су айдынын не деп атайды?                                                                           (Көл)

2 – қатар, 20 ұяшық: Байкал көлі қай елде, қай жерде орналасқан?

                                                                                     (Ресейде, Сібір жерінде)

2 – қатар, 30 ұяшық: Өзен жүйесі суын жинайтын аумақты не деп атайды?                                                                     (Өзеннің су жинау алабы )

2 – қатар, 40 ұяшық: Балхаш көлі қай облыстың жерінде орналасқан?

                                                                            (Алматы облысының жерінде)

3 – қатар, 20 ұяшық: Неге балықтар су астында тұншықпайды?

                                                        (Өйткені олар судағы оттекпен дамалады)

3– қатар, 30 ұяшық: Арал теңізі қай облыстың жерінде орналасқан?

                                                                   (Қызыл-Орда облысының жерінде)

3 – қатар, 40 ұяшық: Тұрақты арнасы бар, су жинау алабына түсетін жауын-шашын және жер асты суларымен толығып отыратын ағын суды не деп атайды?                                                                                               (Өзен)

 4 – қатар, 20 ұяшық:   Гидросфераны және оның құрамдас бөліктерін зерттейтін ғылымды не деп атайды?                                           (Гидрология)

4 – қатар, 30 ұяшық: “Гидросфера” – сөзі грек тілінен аударғанда қандай мағына береді?                                                      (“гидро”- су, “сфера”- шар)

4 – қатар, 40 ұяшық: Адам ағзасында қанша пайыз су бар?        (65-70 %)

 

 IV – кезең. Бұл сайыста  8 ұяшық беріледі. Әр ұяшықта аяқталмаған су туралы мақал бар. Екі топ кезекпен ұяшықтарды таңдап, таңдаған ұяшықтағы мақалды аяқтай алса, 10 ұпай беріледі.

2

3

4

1

8

5

7

 6 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

1. Сөз атасы — құлақ,Су атасы — . . .                                    ( бұлақ)

2. Адамзатты сөз бұзар,                                      (Тау мен тасты су бұзар)

3. Судыңда – . . .                                                                   (сұрауы бар)

4. Таулы жер бұлақсыз болмас,                        (Сулы жер құрақсыз болмас)

5. Бір тамшы су-  . . .                                                    (...- жерге пайда)

6. Батыр туса – ел ырысы,                                 (Жаңбыр жауса, жер ырысы)

7. Бұлақ көрсең - . . .                                                                     (...көзін аш.)

8. Қар мол болса, дән көп . . .                                       (Су көп болса, ну көп)

 

V-кезең.

Бұл сайыста ең, ең, ...  деген сұраққа жауап беру үшін кесте беріледі.  Кесте интерактивті тақта арқылы беріліп, сондағы сұрақтарға екі топтан оқушылар кезекпен шығып, сұрақтарға жауапты өз қолдарымен тақтаға жазу арқылы кестені толтырады. Одан соң мұғалім дұрыс жауапты ашып, оқушылардың жауаптарын тексеріп, 1 дұрыс жауапқа 1 ұпай береді. Кесте АктивСтудио бағдарламасы арқылы беріледі.  

 

Ең, ең, ең ...

Жауаптары

1

Дүние жүзіндегі ең суық  мұхит?

Солтүстік Мұзды  мұхит

2

Дүние жүзіндегі ең таяз  мұхит?

Солтүстік Мұзды мұхит

3

Дүние жүзіндегі ең жылы  мұхит?

Тынық мұхиты

4

Дүние жүзіндегі ең терең   мұхит?

Тынық мұхиты

5

Дүние жүзіндегі ең үлкен  мұхит?

Тынық мұхиты

6

Дүние жүзіндегі ең кіші  мұхит?

Солтүстік Мұзды мұхит

7

Дүние жүзіндегі ең үлкен өзен?

Амазонка өзені (7 млн км2)

8

Дүние жүзіндегі ең терең көл?

Байкал көлі  (1620 м)

9

Дүние жүзіндегі ең лайлы өзен?

Хуанхэ   (Сары өзен)

10

Дүние жүзіндегі ең ұзын өзен?

Ніл өзені  (6671 км)

11

Қазақстандағы ең үлкен өзен?

Ертіс өзені

12

Күн жүйесіндегі ең «сулы» ғаламшар?

Жер шары

13

Жер шарындағы ең көп таралған зат?

Су

14

Дүние жүзіндегі ең суы мол өзен?

Амазонка өзені

15

Дүние жүзіндегі ең мөлдір көл?

Байкал көлі

16

Дүние жүзіндегі ең лас теңіз?

Жер орта теңізі

17

Қазақстандағы ең үлкен көл?

Балхаш көлі

18

Қазақстандағы ең үлкен теңіз?

Каспий теңізі

19

Қазақстандағы ең тұзды теңіз?

Арал теңізі

20

Ресейдегі ең ұзын өзен?

Лена өзені (4400 км)

 

Қорытынды:  Сайыс  сабағымызды табиғат туралы келесі өлең  шумағымен аяқтаймыз:

Табиғат  сен  тіршіліксің  тұнып тұрған!

Сен күнсің, көтерілген  күліп қырдан!

Сен көлсің,  сен ормансың,  сен бұлақсың!

Адамды сұлулыққа құнықтырған!

Адамзат  - болашақта  бейбіт  таза,  ғаламшарда өмір сүруі тиіс.

Демек ғаламшардың  қауіпсіздігі – біздердің қолымызда!

       Сайыс соңында әділ қазылар алқасы барлық кезеңдер ұпайларын есептеп, жеңімпаз топты анықтайды. Жеңген топ марапатқа ие болады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қарағанды қаласы.

    2012 жыл

 

 

 

 

 

 

                                            Сайыс сабағын өткізген: 

                   Химия, биология және география пәнінің мұғалімі

 

                                Камелхан Имашхан

Тип материала: Презентация Power Point (pptx)
Размер: 1.01 Mb
Количество скачиваний: 74
Просмотров: 273

Похожие материалы