Презентация по геометрии "Жазықтықтағы тікбұрышты координаталар әдісі тарауын қорытындылау" (8 класс)

Предмет: Математика
Категория материала: Презентации
Автор:
ЖАЗЫҚТЫҚТАҒЫ ТІК БҰРЫШТЫ КООРДИНАТАЛАР ЖҮЙЕСІ. КООРДИНАТАЛАРЫ БОЙЫНША НҮКТЕНІ САЛУ


Сабақтың тақырыбы: Жазықтықтағы тік бұрышты координаталар жүйесі. Координаталары бойынша нүктені салу.
Сабақтың мақсаты: 1. Берілген нүктенің координаталарын таба білу.
Координаталары бойынша нүктені сала білу.
2.Ұқыптылыққа, нақтылыққа, жауапкершілікке, алға
қойған мақсатына жетуге тәрбиелеу.
3.Оқушылардың математикалық сөйлеу, ойлау
қабілетінің дамуына, ақпараттық мәдениетінің
сауатты қалыптасуына ықпал ету.
Сабақтың түрі: Қайталау сабақ.
Сабақтың әдісі: Сұрақ-жауап, жарыс сабақ.
Көрнекілігі: Интерактивті тақта, оқулық, бағалау парағы, кеспелер.
Сабақтың барысы:
I. Ұйымдастыру кезеңі: Сәлемдесу.Оқушылар назарын сабаққа аудару.
Үй тапсырмасын сұрау. 279 бет №1128, №1136 есептер

II. Өткенді қайталау.
1. Ой жинау (сұрақтарға жауап беру)
2. Кім тапқыр (Координаталары бойынша сөз құрау)
3. Оқулықпен жұмыс (оқулықтан есептер шығару)
4. Семантикалық карта (сәйкес жауабын белгіле)
5.Тест тапсырмасы
1. Ой жинау

1) Тік бұрышты координаталар жүйесі дегеніміз не?(Санақ басы О нүктесінде қиылысатын өзара перпендикуляр екі координаталық түзу)
2) Тік бұрышты координаталар жүйесі қандай ұлы математиктің есімімен аталады?(француздың ұлы математигі Рене Декарттың құрметіне декарттық координаталар жүйесі деп те аталады)
3) «Координаталар» сөзі қазақша қандай мағына береді(латынның «coordinatus» –қазақша «реттелген» деген мағына береді).
4) Координаталық түзулер қалай аталады? (координаталық осьтер)
5) Көлдененнен сызылған координаталық түзу қалай аталады?(абсцисса осі)
6) Тігінен сызылған координаталық түзу қалай аталады?(ордината осі)
7) координаталар осьтерінің қиылысу нүктесі қалай аталады?(координаталар басы)
8) Координаталар осьтері жазықтықты неше бөлікке бөледі және оларды қалай атаймыз?(4-ке бөледі, ширектер)
9) Ширектердегі абсциссалар мен ординаталардың таңбалары қандай?(І ширек (+;+); ІІ ширек(-;+); ІІІ ширек(-; -); ІV ширек(+;-))

2. Кім тапқыр (Координаталары бойынша сөз құрау)
«МАТЕМАТИКА ҒЫЛЫМДАРДЫҢ ПАТШАСЫ»

(-4;5) (5;-1) (3;6) (-2;-6) (-4;5) (5;-1) (3;6) (2;3) (4;-5) (5;-1)
М А Т Е М А Т И К А

(-2;3) (-3;-2) (-1;-3) (-3;-2) (-4;5) (-4;1) (5;-1) (4;4) (-4;1) (-3;-2) (-3;0)
Ғ Ы Л Ы М Д А Р Д Ы Ң

(-2;-2) (5;-1) (3;6) (-5;-3) (5;-1) (0;-2) (-3;-2)
П А Т Ш А С Ы

3. Оқулықпен жұмыс (оқулықтан есептер шығару)
№131
1) В(х;3) және А(-2;1) нүктелері абсциссалар осіне жүргізілген перпендикуляр түзуде жатыр. х-ті табыңдар.
Жауабы: х=-2

2) D(-2;у) және С(3;2) нүктелері ординаталар осіне жүргізілген перпендикуляр түзуде жатыр. у-ті табыңдар.
Жауабы: у=2

4. Семантикалық карта (сәйкес жауабын белгіле)

координаталар

Ширектер (-3;-2) (1;4) (3;-4) (-4;-5) (7;3) (-5;2) (-1;6) (3;-8)
І + +
ІІ + +
ІІІ + +
ІV + +

координаталар

Ширектер (-4;1) (2;-3) (6;4) (7;-6) (-3;-5) (1;6) (-2;-1) (-6;3)
І + +
ІІ + +
ІІІ + +
ІV + +

координаталар

Ширектер (4;-2) (-3;7) (-7;-2) (2;5) (6;2) (6;-7) (-2;-4) (-3;1)
І + +
ІІ + +
ІІІ + +
ІV + +

5. Тест тапсырмасы
I-нұсқа.

1. Координаталық осьтер бір-бірімен неше градус жасап қиылысады
А)600; Ә) 1800; Б) 900; В)3600
2. Көлденең орналасқан осьті қалай атаймыз
А)ордината; Ә)санақ басы;
Б) ширек; В) абсцисса
3. (-; +) мына таңбалармен берілген координаталар кай ширекте жатады
А)І; Ә)ІІ; Б) ІІІ; В) ІV;
4. Нүктенің координатадағы орны неше санмен анықталады
А)2; Ә)4; Б) 6; В) 8;
5. Координаталық осьтер бөлген жазықтықтың бөлігін қалай атаймыз
А) санақ басы; Ә) абсцисса;
Б) ордината; В) ширек

II-нұсқа

1. Екі осьтің қиылысқан нүктесін қалай атаймыз
А) абсцисса; Ә) ширек; Б) санақ басы; В) ордината
2. Координаталық осьтер жазықтықты неше бөлікке бөледі
А)2; Ә)4; Б) 6; В) 8;
3. Тігінен орналасқан осьті қалай атаймыз
А) ширек; Ә) абсцисса; Б) ордината; В) санақ басы
4. (+; -) мына таңбалармен берілген координаталар кай ширекте жатады
А)І; Ә)ІІ; Б) ІІІ; В) ІV;
5. Қай координаталардың жазылуы дұрыс
А)(х); Ә)(у); Б) (х; у); В) ( у;х);

VI. Үйге тапсырма: 281-бет №1141, №1143, №1145 есептер
VII. Қорытынды.
V. Бағалау.

Оқушылардың
аты-жөні 1. Ой жинау 2. Кім тапқыр 3. Оқулықпен жұмыс 4.Семантикалық карта 5.Тест тапсырмасы
Қорытындылау Бағалау
1
2
3
4
5
6

Тип материала: Презентация Power Point (pptx)
Размер: 1.9 Mb
Количество скачиваний: 305
Просмотров: 699

Похожие материалы