Презентация по химии «Этилен»

Предмет: Химия
Категория материала: Презентации
Автор:

"Описание материала:

Бұл презентацияда қанықпаған көмірсутек -этиленнің құрылысы, алынуы, химиялық қасиеттері және қолданылуы қарастырылған 

Жалпы формуласы СnH2n болып келетін, молекула құрамында бір қос байланысы(=) бар қанықпаған көмірсутектер алкендер немесе этилен қатарындағы қанықпаған көмірсутектер деп аталады

Алкендердің гомологтық қатары: СnH2n , мұндағы n ≥ 2 Этиленнен тұрмыс пен техникада аса қажетті полиэтилен, этил спирті, хлорэтан, дихлорэтан  т.б заттар алынады.

Полиэтилен диэлектрик болғандықтан электр сымдарын, кабельдерді оқшаулағыш материал ретінде электротехникада қолданылады

Су мен газ өткізбейтін болғандықтан полиэтилен тағамдық өнімдер мен түрлі бұйымдарды орап сақтауға және жылыжайлар мен саяжайларда шынының орнына , тұрмыста түрлі мақсаттарға қолданылады.

Этиленнің өзіне тән ерекше қасиеті –ол жеміс –жидектердің пісуін тездетеді. Алкендер–молекула құрамында бір қос байланысы бар, жалпы формуласы    СnH2n болып келетін қанықпаған көмірсутектер.

Алкендерге көміртегі қаңқасы бойынша  изомерия, қосбайланысорныбойынша изомерия, геометриялық изомерия және класаралық изомерия тән. Алкендер химиялық өте белсенді. Олар қос байланыстың үзілу арқылы тотығу,қосылуполимерлену реакциясына түседі.

Тип материала: Презентация Power Point (ppt)
Размер: 1.55 Mb
Количество скачиваний: 37
Просмотров: 208

Похожие материалы