Презентация по химии: Открытый урок в виде урока игры Бинго - Миллион "Бейорганикалық қосылыстардың тарауын қайталау"
Предмет: | Химия |
---|---|
Категория материала: | Презентации |
Автор: |
Камелхан Имашхан Камелханович
|
Открытый урок был проведен в виде игры Бинго - Миллион
Ашық сабақ
Камелхан Имашхан
Қарағанды теміржол колледжі
химия пәнінің оқытушысы
Сабақтың тақырыбы: Бейорганикалық қосылыстар тарауын қайталау
Мақсаты:
Білімділік: Бейорганикалық қосылыстар тарауын қайталау, оқушылардың
интелактуалдық деңгейін арттыру, білімдерін шыңдау
Дамытушылық: Оқушылардың ойлау, есте сақтау қабілетін дамытып, өз ойын еркін
жеткізуді, нақты тез шешім қабылдау дағдысын дамыту
Тәрбиелік: Оқушыларды жеке жұмыс жасауға, жарысқа баулу, өз-өзіне сенімді болуға
тәрбиелеу
Сабақтың түрі: «Бинго-Миллион» ойыны, жарыс түрінде
Сабақтың әдісі: Сұрақ-жауап, жеке жұмыс.
Құрал жабдықтар: Проектор, интерактивті тақта, тұсаукесер «Бинго-Миллион»
кестесі, қоржынға салынған жетондар.
Пән аралық байланыс: Химия, математика, физика, биология, қазақ тілі.
Сабақ барысы
I. Ұйымдастыру кезеңі
II. Жаңа сабақты түсіндіру
а) Үй тапсырмасын тексеріп болған соң мұғалім оқушыларға ойынды қалай ойнау
туралы қысқаша түсінік береді.
б) Оқушылардың ұпайын санап отыратын бір оқушы немесе оқытушы тағайындау
Жарыс барысы:
Жарысқа сыныптағы барлық оқушылар қатысады. Алдымен оқушыларға 15 сұрақ беріледі. Сұраққа бірінші болып қол көтерген оқушы жауап береді. Берілген жауап дұрыс болмаса келесі қол көтерген оқушы жауап береді. Осылайша 15 сұрақтан ең көп жауап берген оқушы «Бинго-Миллион» жарысына қатысуға жолдама алады. Келесі 2-ші және 3-ші орын иеленген оқушылар да дайын отырады. Егер 1-ші оқушы ойыннан жеңілсе,
2-ші орын алған оқушы, ол жеңілсе 3-ші орын иеленген оқушы ойынды жалғастырады және осылай жарыс жалғаса береді.
Ойынға жолдама алған оқушы алдыға шығып қоржыннан жетон тартады. Жетондарда 1-ден 45-ке дейін сандар жазылған. Осы сандар «Бинго-Миллион» кестесінің ішіне де үш бөлімге бөлініп жазылған. Кесте интерактивті тақтада тұсаукесер арқылы беріледі.
Кестедегі бөлімдер:
1-ші бөлім – Жалпы сұрақтар
2-ші бөлім – Периодтық жүйе
3-ші бөлім – Бейорганикалық қосылыстар
Оқушының алған жетонында қандай сан болса, оқушы сол сан орналасқан бөлімдегі сұраққа жауап береді және дұрыс жауап берсе сол санның ұпайын алады. Егер оқушы жауабына сенімсіз болса ол екі түрлі көмек ала алады. Сыныптағы оқушылар көмегі және мұғалімдер көмегі. Бірақ бұл көмектер бір-ақ рет беріледі. Егер оқушының жауабы дұрыс болмаса ойын аяқталып келесі оқушы ойынға қатысуға мүмкіншілік алады. Егер оқушы бір бөлімнен 5 сұраққа дұрыс жауап бере алса оның ұпайлары қалады және қанағат деген бағаға ие болады, дұрыс жауаптары 5-ке жетпесе ұпайлары жанып кетеді. Ал бір бөлімнен 10 сұраққа дұрыс жауап берсежақсы деген бағаға ие болады және бір бөлімнен 15 сұраққа дұрыс жауап бере алса өтежақсы деген бағаға ие болады.
«Бинго – Миллион» кестесі:
Бинго - Миллион
Жалпы
сұрақтар
45
39
21
24
1
18
36
12
5
27
30
15
3
42
333333
Периодтық
жүйе
38
23
10
7
32
6
35
26
2
41
14
20
29
17
8
Бейорганикалық
қосылыстар
22
43
13
34
11
44
25
4
40
16
28
9
19
37
31
Сонымен 1-ші кезекте берілетін 15 сұрақ:
1. Неге су астында балықтар тұншықпайды?
(өйткені олар судағы еріген оттекпен демалады)
2. Бейорганикалық химия нені зерттейді?(бейорганикалық қосылыстарды зерттейді)
3. Судың молекуласы қандай және неше атомнан тұрады?
(екі сутек атомы және бір оттек атомы)
4. Ел арасында ²марганцовка² деп аталатын химиялық заттың химиялық аты және
формуласы қандай? (калий перманганаты- КМnО4)
5. Мүсәтір спирті деп аталатын заттың химиялық формуласы? (NH4OH)
6. Кәдімгі ас тұзы формуласы қандай? (NаСl)
7. Адам ағзасында қан құрамында болатын металл? (темір)
8. Сұйық агрегаттық күйде болатын жалғыз металл? (сынап)
9. Табиғатта таралуы бойынша 1- орындағы металл? (алюминий)
10. Құрамы бірдей, бірақ құрлысы бойынша әртүрлі болатын заттар? (изомерлер)
11. Қалыпты жағдайда кез келген газдың көлемі? (22,4 л)
12. Химиялық құбылыс пен физикалық құбылыстың айырмашылығы қандай?
(химиялық құбылыста құрам өзгереді, ал физикалық құбылыста агрегаттық күй мен пішін өзгереді)
13. Күкірт қышқылының формуласы? (H2SO4)
14. Құрамы сутек пен оттектен тұратын күрделі зат? (Н2О)
15. Бейорганикалық қосылыстар неше және қандай кластарға бөлінеді?
(4, оксид, қышқыл, тұз, негіз)
Периодтық жүйе
2. Периодтық жүйені кім жасады? (Д.И Менделеев) 7. Қазіргі кезде периодтық жүйеде қанша элемент бар? (109- элемент)
6. Периодтық жүйедегі бірінші елемент? (сутек- Н )
8. Барлық элементтің нешесі металл? (87 металл)
10. Барлық элементтің нешеуі бейметалл? (22 бейметалл) 14. Периодтық жүйеде қанша период бар? (7 период бар) 17. Периодтық жүйе неше топтан тұрады? (8 топ) 20. Периодтық жүйеде қандай топтарды үлкен топтар деп атайды?
(4, 5, 6 периодтары) 23. Периодтық жүйеде қандай топтарды кіші топтар деп атайды? (1, 2, 3 периодтары) 26. Периодтық жүйеде қандай топшаларды А топшасы деп атайды? (негізгі) 29. Периодтық жүйеде қандай топшалар Б топшасы деп аталады? (қосымша) 32. Периодтық жүйеде химиялық элементтер қандай ретпен орналасады?
(салыстырмалы атомдық массасының өсу ретімен) 35. Периодтық жүйедегі элементтер металл және бейметаллдарға қалай бөлінеді?
(B-Si-As-Te-At диаганалы арқылы)
38. Периодтық жүйедегі әрбір элементтің электрон сандары нешеге тең?
(реттік нөміріне)
41. Периодтық жүйедегі элементтердің протон сандары нешеге тең?
( реттік нөміріне)
Жалпы сұрақтар
1. Су неше градуста қайнайды? &nbs
Тип материала: | Презентация Power Point (pptx) |
---|---|
Размер: | 779.12 Kb |
Количество скачиваний: | 23 |