Презентация по истории Казахстана "Тарихтан тагылым- откенге тагзым"

Предмет: История
Категория материала: Презентации
Автор:

1913 – 1916 жылдары Омбы мұғалімдер семинариясында оқыды.

Өткен күнді ойласам,

Ойға терең бойласам,

Кешегі қайранқазақтың,

Сәулеті мен дәулеті

Көз алдыма келеді.

Мағжан Жұмабаев

1921-33 жылдары геноцидтік репрессия - 2млн.200мың адамқырылды, 1млн. Астам адам босып кетті.

1937-38 жылдары халықтың генофондық репрессия - 135 мың қазақ интеллигенциясы саяси репрессия

зобалаңының құрбаны болып атылды.

Мағжан Жұмабай (Әбілмағжан) Бекенұлы (25 маусым 1893, Солтүстік Қазақстан облысы, қазіргі Мағжан Жұмабаев ауданы, Сасықкөл жағасы – 19 наурыз 1938, Алматы) – Алаш қозғалысының қайраткері, ақын, қазақ әдебиетінің жарқын жұлдызы өкілі.

1905 – 1910 жылдары Қызылжардағы (Петропавл) №1 мешіт жанында

белгілі татар зиялысы, мұсылман халықтарының азаттығы жолында

күрескен М.Бегишевтің ұйымдастыруымен ашылған медреседе оқыды.

1910 – 1913 жылдары Уфа қаласындағы “Ғалия” медресесінде білім алды.

1923 – 1927 жылдары Мәскеуде Жоғары әдебиет-көркемөнер

институтында оқиды

Өнер-білімді

насихаттауға арналды

"Алтын хакім Абайға“

"Жазғы таң",

"Өнер-білім қайтсе табылар",

“Қазағым”

“Айда атыңды, Сәрсембай”

“Шойын жол”

"Мен Жастарға Сенемін"

Ел мен жер тарихына арналды

"Пайғамбар“

"Күншығыс“

"Түркістан“

“От”

"Орал тауы“

ПОЭМАЛАРЫ:

“Батыр Баян”, “Оқжетпестің қиясында”, “Қойлыбайдың қобызы”, “Өтірік ертегі”,

“Шын ертегі”

” Жүсiп хан”

Халыққа білім беру, педагогика саласына арналды

“Педагогика”

“Бастауыш мектепте ана тілін оқыту мәні”

“Сауатты бол”

Зерттеу еңбектері:

Ақан сері,

Базар жырау,

Әбубәкір Диваев

Мағжан мен Алашорда

1917 жылы Ақпан төңкерісінен кейін қалыптасқан саяси жағдайға сай қоғамдық өмірге белсене араласып, Ақмола облыстық қазақ съезін өткізуді ұйымдастырушылардың қатарында болды. Осы жылы сәуірде Ақмола облысы қазақ комитеті құрамына сайланды. Мәскеу қаласында өткен Бүкілресейлік мұсылман съезіне қатысты. Бірінші жалпықазақ съезінің шешімі бойынша Бүкілресейлік Құрылтай жиналысына депутаттыққа кандидат ретінде ұсынылды.

“Алаш” партиясының Ақмола облысының комитетінің мүшесі болды. “Үш жүз” партиясы өкілдерінің жалған айыптауымен бір айға жуық абақтыға отырып шықты. Екінші жалпықазақ съезіне делегат ретінде қатысып, онда оқу мәселесі бойынша құрылған комиссияға төрағалық етті.

1918 – 1919 жылдары Петропавл уездік земство басқармасында қызмет

етті.

1919 – 1923 жылдары Ақмола губерниялық “Бостандық туы” газетінде, “Шолпан”, “Сана” журналдарында, “Ақжол” газетінде қызмет істеп жүріп, халық ағарту жұмысына белсене араласады.

Ақын және репрессия

1924 жылы 24 қарашада Мәскеу қаласындағы Шығыс еңбекшілері коммунистік университетінде қазақ жастарының жерлестік ұйымында жиналыста ақын шығармаларын теріске шығаратын қаулы қабылданды. Бұл қаулы “Еңбекші қазақ” газетінің 1925 жылы 14 ақпандағы санында басылды. Орынсыз сыннан көңілі жабыққан ақын “Сәлем хат” деген өлең жазды.Ол “Тілші” газетінде жарияланды.

“Еңбекші қазақ” газетінің 1924 жылы 19 желтоқсанындағы санында С.Мұқановтың “Сәлем хат жазған азамат Мағжан Жұмабайұлына” деген ескертпемен “Сәлемге сәлем” деген жауап өлеңі басылды.

Жаңа құрылысқа, жаңа тұрмысқа қатысты нақтылы өлең жазбаса да,кедей сөзін сөйлемедің деген айыппен Жұмабайұлы қатаң сынға алынды.

1929 жылы Жұмабайұлы “Алқа” атты жасырын ұйым құрғаны үшін деген айыптаулармен Мәскеудегі Бутырка түрмесіне қамалып, 10 жыл айдауға кесіледі. 1936 жылы М.Горький мен Е.Пешкованың араласуымен бостандық алып, Қазақстанға қайтады.

1937 жылы наурызда Жұмабайұлы Алматыға келеді. Аударма ісімен айналысады. 1938 жылы қайтадан қамауға алынып, ату жазасына кесілді
Тип материала: Презентация Power Point (pptx)
Размер: 1.25 Mb
Количество скачиваний: 28
Просмотров: 163

Похожие материалы