Презентация по казахскому языку на тему "Қазқ әдебиеті сабағында сатылай кешенді талдаудың маңызы" (10 класс)
Предмет: | Другое |
---|---|
Категория материала: | Презентации |
Автор: |
Шарафеден Арыстанбек Рахымулы
|
Бүгінгі күн талабы, әлемдік ғылым мен білім бәсекесі бізді дәстүрлі сабақтан бас тартуға мәжбүр етті. Бұған себеп – қарыштаған ғылым, жан-жақты ақпарат, әлемдік білім кеңістігі, өз пікірін ашық айтатын еркін шәкірт, демократиялық қоғам.
Әрине, қоғамның жекелей алғанда өз алдында отырған қажеттілігін біліммен қанағаттандыра білуі - әр мұғалім міндеті. Бұл мақсатқа жетуде теориялық біліммен қатар, жинақталған білімді оқушыға қалтықсыз жеткізіп, терең талдатып, өмірде қажетіне жаратуға мүмкіндік туғыза білгеніміз дұрыс.
Бұл мақсатқа жетуде мұғалімнің жаңа технологиямен қарулануы керек.
Жаңа педагогикалық технология ұғымы – жаңа оқыту амалдары, білім мен тәрбие берудегі ғылымның нәтижеге қол жеткізуі, жаңа істерін оңтайлы пайдалану, сол арқылы жоғарғы көрсеткіштерге жету деген сөз.
Технология туралы Президентіміз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев
«Бәсекеге қабілетті технологиялар иновациялық экономиканың өзегі ретінде өздігінен пайда бола қоймайды. Бұл ұзақ ғылыми зерттеулердің, шығынды эксперименттердің және ақыр аяғында идеялық нұрлануының қиындықпен келетін жемісі» - деген еді. Сол секілді жаңа технологияны шығару ғылымдарға қаншалықты қиын болса, мұғалімнің бұл технологияны жүзеге асыруы соншалықты қиын дер едім.
Технологияның тиімділігіне көз жеткізгенімізбен, оны пайдалану үшін оған қажетті жағдай керек. Ал оқулықтар оның қажеттілігін қанағаттандыра алмайды. Сондықтан мұғалім оқушыға да, өзіне де сүйенер дүниені өзі жасайды. Себебі олар нәтижеге жұмыс жасайды. Бұл жоба да осы мәселені шешуге арналған.
Әдеби материалдарды сатылай кешенді талдау технологиясы үлгісі жасалғанмен, оқушылар бұл талдау үлгісін аз уақытта меңгере қоюы қиын.. Себебі оқулықта барлық теориялық ұғымдар бірден берілмейді. Сол мәселені шешуде, яғни әдебиетке қатысты барлық теориялық ұғымдарды оқушыға үйрету және сол арқылы терең, толыққанды білім беру үшін осы жобаны жасауды қолға алдым.
Тип материала: | Презентация Power Point (pptx) |
---|---|
Размер: | 157.05 Kb |
Количество скачиваний: | 23 |