Презентация по математике на тему "Арифметикалық прогрессияның алғашқы n мүшесінің қосындысына есеп шығару" (9 класс)

Предмет: Математика
Категория материала: Презентации
Автор:

Сабақтың тақырыбы: Арифметикалық прогрессияның алғашқы n-ші                           мүшесінің қосындысының формуласын қолданып  есептер шығару 

Мақсаты: 
- тақырып бойынша теориялық білімдерін қорытындылау; 

- формулаларды пайдаланып арифметикалық прогрессияның n-ші мүшесін және алғашқы n мүшелерінің қосындысын табу дағдыларын дамыту;

- пәнге қызығушылықтарын арттыру, математика мен айналадағы өмірмен байланысын көруді үйрету; 

- математика тілінде сауатты сөйлеуді үйрету;

- оқушылардың белсенділігін, ынтасы мен жауапкершілігін арттыру,  намысын қорғауға баулу;

- ұйымшылдыққа тәрбиелеу. 

Күтілетін нәтиже:

 А) Арифметикалық прогрессияның n-ші мүшесінің формуласын қолданып, есептерді шығара алады. 

B) Арифметикалық айырымын таба алады.

C) Арифметикалық прогрессияның алғашқы n-ші мүшесінің қосындысының формуласын қолданып, есептерді шығара алады. 

Сабақтың түрі: ашық сабақ

Сабақтың типі: бекіту, жүйелеу сабағы

Көрнекілігі: интерактивті тақта, слайдтар, стикер

Сабақтың құрылымы:

І. Ұйымдастыру бөлімі. Психологиялық ахуал

ІІ. Өткен тақырыпты қайталау

ІІІ. Білім бекіту (есептер шығару) 

1)    Топтық жұмыс

ІҮ. Сергіту ойыны: Математикалық вальс

     3) Деңгейлік тапсырмалар (жеке жұмыс)

ІҮ. Тарихи үзіліс. Сиқырлы шаршы

Ү. Үйге тапсырма беру 

VI. Бағалау

VII. Рефлексия

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру бөлімі. Психологиялық ахуал.

Ағашқа түрлі түсті жапырақты жапсыру арқылы жандардыру. Әр жапырақтың түсіне психологиялық тұрғыдан қарағанда, белгілі бір мағынаны білдіреді. Оны оқып есте сақтаңыздар. (Әр түске сәйкес бір баладан оқиды)

«Жасыл» - жетістікке жетесің

«Қызыл» - қарым-қатынасқа жақсы түсесің

«Көк» - өз ойынды жеткізе білесің

«Сары» - белсенділік таңытасың.

 

Топқа бөлу: Енді осы таңдалған түске сәйкес топтарға бөлініп отырайық.

Тип материала: Презентация Power Point (ppt)
Размер: 8.4 Mb
Количество скачиваний: 3
Просмотров: 156

Похожие материалы