Презентация по родному языку на тему "Алдардың айласы" (2класс)

Предмет: Начальные классы
Категория материала: Презентации
Автор:

Маңғыстау облысы,Қарақия ауданы, Жетібай кенті

«№4 орта мектебі»коммуналдық мемлекеттік мекемесі

бастауыш сынып мұғалімі

Тажимова Дана Мейрбекқызы

Тақырыбы: Алдардың айласы

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: Оқушылардың Алдар көсе туралы білетін ақпараттарын кеңейту. Іздендіру арқылы жаңа тақырыпты меңгеруге ықпал ету.

Дамытушылық: Оқушылардың өзіндік ізденісін, ойлау қабілетін дамытуға, сөздік қорын молайтуға, сөйлеу мәдениетін дамытуға, өз пікірін ашық та еркін жеткізуге жағдай жасау.

Тәрбиелік: Оқушы бойында адамдық ізгі қасиеттерді қалыптастыруға, жақсы мен жаман қасиеттерді ажырата білуге, адамгершілікке, адалдыққа баулуға орта құру.

Сабақтың типі: Жаңа білімді меңгерту сабағы

Сабақтың әдіс-тәсілдері: түсіндіру, сұрақ-жауап, талдау.

Көрнекілігі: Кітап көрмесі, бейнетаспалар, суреттер

Пәнаралық байланыс: тарих,қазақ әдебиеті.

Сабақтың барысы:

Ұйымдастыру.

Үй тапсырмасын тексеру,сұрау. «Тамақтың иісі мен ақшаның сылдыры»

Жаңа сабақ.

. - Балалар! Дәптерлеріңе бүгінгі күнді жазыңдар. Бүгінгі өтілетін тақырып – «Алдар көсе». Сендердің Алдар көсе туралы білімдеріңді кеңейте отырып, жаңа мәліметтермен толықтыра отырып меңгерту менің басты мақсатым болып табылады.

Қызығушылығын ояту. Үнтаспадан күлкі естіледі

-Балалар, біз бүгін күлкі әлеміне аттанамыз. Алдар көсенің қызықты хикаяттарын естігенде езуімізге еріксіз күлкі оралады.

(Алдар көсе туралы мағлұматтар көрсету).

Ал, енді Алдар көсе кім? Алдаркөсе – қазақ ауыз әдебиетінің кейіпкері, ақылды айлакердің, зерделі қудың жиынтық бейнесі. Алдаркөсе өзінің асқан айлакерлігі арқылы мұратына жетіп отырады. Оның мақсаты – сараң байды, пайдакүнем саудагерді, озбыр ханды, т.б. әжуа ету. Мысалы, ол асқан сараңдығы үшін Шықбермес Шығайбай атанған байдың асын ішіп, атын мініп, қызын алады; алыпсатар саудагердің алдынан өгіздерін айдап кетеді, оның бұл әрекетін халық айыптамайды, қайта құптап, қошеметтеп отырады. Өйткені, Алдаркөсе әділетсіз билік иелерінен қиянат, қорлық көрген қарапайым халықтың өкілі. Алдаркөсе түркі тілдес халықтар (қырғыз, өзбек, қарақалпақ, түрікмен, т.б.) әдебиетінің көбіне ортақ тұлға. Бұл Алдаркөсе жайындағы аңыз әңгімелердің ежелден келе жатқан көнелігін, әлеуметтік мәнділігін көрсетеді. Оның өмірде болғанын, қай заманда өмір сүргенін дәлелдейтін тарихи дерек жоқ. Алдаркөсе бейнесі қазақ театр және кино өнері туындыларында да көрініс тапқан. Алдар көсе – бұл оған азан шақырып қойылған есім емес, халықтың қойған аты. Ал, оның нақты аты-жөні кім екенін, қай заманда өмір сүргенін, тіпті мұндай тұлғаның болған-болмағанын да ешкім дөп басып айта алмайды. Мүмкін біреу білер, біреу білмес Ш.Аймановтың «Алдар көсе» киносы Түркістанда түсірілген.

(Алдар көсе суреттерін көрсету)

Мәтінмен жұмыс.

Тақырыпты екі топқа бөліп, оқушылардың өздеріне түсіндіріп беру.

Оқулықпен жұмыс.

1.Іштей оқу

2.Тізбекбей оқыту

3.Сұрақ-жауап

1.Ой қозғау

№1

Осы мәтіннен не түсіндік?

(оқушылар өз ойларын айтуы)

№2

Тақырыптың қаншалықты ұнағандығын оқушылардан сұрап рөлдерге бөліп сахнада қойдыру.

Сыныппен жұмыс.

І топ. Сурет салу

ІІ топ. Алдардың бейнесін сомдаймыз

ІІІ топ. Алдар кім?Оның іс әрекетіне баға бер

Қорытынды:

Алдар көсе атындағы көше (Алматы қаласында)

Алдар көсенің атында ескерткіш (Алматы қаласында «Наурызбай мен Қабанбай саябағында»)

Өмірде Алдаркөсе болған ба?

Салыстыру кестесі

Алдаркөсе мен Қожанасырдың ұқсастығы

Үй тапсырмасы: 3-сынып

«Алдардың айласы» мазмұндау

Алдардың басқа да оқиғалары жайлы ізденіп келу.

Бағалау: Өз-өздерін баға беру

Тип материала: Презентация Power Point (ppt)
Размер: 11.81 Mb
Количество скачиваний: 10
Просмотров: 132

Похожие материалы