Презентация по технологий на тему "Сүт және сүт өнімдері"

Предмет: Технология
Категория материала: Презентации
Автор:

Сабақтың тақырыбы:

Сүт және сүт өнімдері
Сабақтың мақсаты:сүт және сүт тағамдарының құнарлылығы мен дайындалу ерекшеліктері жөнінде түсінік беру.
Білімділік:төрт түлік малдан өндірілетін сүттің өзіндік жеке қасиеттері, сүтжасалатын тағамдар,оларды дайындау жолдары жөнінде түсінік беру.
Дамытушылығы: теориялы және практикада алған білімдерін күнделікті тіршілікте пайдалана білуге, адам ағзасы үшін пайдасын тани білуінен мәлімет беру, сүт тағамдарын дайындай білуге үйрету
Тәрбиелік: тағам жасаудың тәсілдерін үйрету тазалыққа, ұқыптылықпен үнемділікке тәрбиелеу.

Сабақтың түрі:саяхат сабақ, дамыта оқыту.

Әдісі: топпен жұмыс,түсіндіру , әңгімелесу,практикалық сабақ.

Сабақтың көрнекілігі:төрт түлік мал туралы буклет,осы төрт түлік малдың тек сүтінен даярланған тағам түрлерінен көрме, мақал-мәтелдер.

Керекті құрал-жабдықтар: миксер, блендр, табақ, т.б. ыдыстар.

Пәнаралық байланыс:тарих,биология,валеология,әдебиет.

Сабақтың барысы:

І.Ұйымдастыру кезеңі.

1.Оқушыларды түгендеу.

2.Сабаққа дайындықтарын тексеру.

3.Электрлі жүйемен жұмыс істеген кездегі техника қауіпсіздігі ережелерін еске түсіру.

ІІ.Өткен сабаққа шолу, пысықтау:

1)Тағамдық құндылығына қарай жармалар қандай топтарға бөлінеді?

2)Макарон пісірудің қандай жолдары бар?

3)Ботқа даярлаудың қандай ережесін білесің?

Сүт және сүт өнімдері

«Сүт - емдік тағам болып табылады»-деген тақырпта мектептің медбикесі мағлұмат береді.

Сүт – дәрумендердің көзі. Сүт тағамдары арқылы адам ағзасы А,В,С,Д тобындағы дәруменднрмен қанағаттанады. Халқымыздың ең қажетті де, пайдалы тағамы әрі сусыны төрт түлік малдан өндірілетін сүт болып табылады. Жылқының қымызы,түйенің шұбаты,қой ешкі мен сиырдың айраны, құрты тамақ пен сусын болумен қатар әрі қайсысының денсаулыққа пайда келтіретін дәрілік қасиеті болған.

Дәптермен жұмыс

«Қымызмұрындық», «іркіт», «мәйек», «ұйытқы», «қорыттық», «шалап» сөздерін дәптерлеріне жазғызу.

Тип материала: Презентация Power Point (pptx)
Размер: 15.52 Mb
Количество скачиваний: 48
Просмотров: 264

Похожие материалы