Презентация по воспитательной работе на тему "Таң қалдырар қазақтың қолөнері"
| Предмет: | Классному руководителю |
|---|---|
| Категория материала: | Презентации |
| Автор: |
Капарова Даметкен Зиналовна
|
Мы восстанавливаем материалы только с согласия их авторов.
Ø Қолөнер түрлері. Қолөнер шеберлерінің жасайтын бұйымдары.
Ø Киіз үй – қазақ қолөнерінің ең биік туындысы.
Ø Қазақ халқының музыкалық аспаптары.
Ø Қазақ халқының киім үлгілері, зергерлік бұйымдары.
Ø Қолөнер бұйымдарының ою – өрнектері
Ø Қазақ халқының ұлттық тағамдары
Қолөнер, қолданбалы өнер – дәстүрлі тұтыну және сәндік бұйымдарын жасайтын ұсақ өндіріс. Қолөнершілер негізінен табиғи шикізаттарды пайдаланып, қарапайым еңбек құралдарының көмегімен көркем композицияның шешімімен тұрмысқа қажетті мүліктер, музыкалық аспаптар, қару-жарақ, құрал-саймандар жасайды. Әрбір қолөнер туындысы өз заманының материалдық мәдениетінің үлгісі және халық талғамының, әлеуметтік қоғамдық жағдайының, діни сенімінің, салт-дәстүрінің нақтылы көрінісі.Қазақстанда көшпелі шаруашылықтың қажетіне сай қолөнершілер мал шаруашылығына керекті желі, шылбыр, ноқта, бұршақ, жүген, құрық, бұғалық, тұсау,өре, шідер, кісен, қада, ер-тұрмандар жасаумен шұғылданды. Олар құмнан, тастан, саздан құмыра, көзе, ыдыс-аяқ; мүйізден, сүйектен, мал мен аң терісінен, ағаштан әшекейленген нақышты дүние-мүлік, домбыра, қобыз, сыбызғы, шаңқобыз сияқты музыка аспаптарын; темірден, мыстан қылыш, найза, қанжар, айбалта, күрзі секілді құрал, қару жасады. Қазақ халқының қолөнерінде киіз үй жабдықтарын, ағаш төсек жасау, түйін түю, ши орау, кесте тігу, өрмек тоқу, киіз басу, сондай-ақ моншақ, білезік, сақина, сырға, алқа, шолпы сияқты зергерлік бұйымдар жасау кең дамыды.
| Тип материала: | Презентация PowerPoint (pptx) |
|---|---|
| Размер: | 5,13 МБ |
| Количество скачиваний: | 5 |