Презентация проекта по казахскому языку на тему "Жүз жасаған кейуана"

Предмет: Начальные классы
Категория материала: Презентации
Автор:

Әрбір адам – тарих, әрбір адам – құпия сырға толы сандық. ?

 Өткен өмір толқындары бізді бесікте жатқан сәбиді тербегендей әсер қалдырса, өзімшіл жастар аз болар ма еді, шіркін?!

 Өзгені арбау, алдау, өзіне қол жұмсау – тәрбиенің басқаша болғанына байланысты шығар.

 

Көпті көрген, өмір тауқіметін өз мойнында көтерген абзал жандар көп қой. Соның бірі туралы айтып бергім келеді.

Жобаның мақсаты: тарихымызды қасымызда жүрген адамдар естеліктері көмегімен ұмытпауға тырысу, жадымызда ұстау, оны бізден кейінгі ұрпаққа қалдыру.

Гипотезасы:

 

кейуана туралы мәліметтерді ұрпақ көкейіне жеткізу арқылы өткен өмірді зердеден, ой елегінен өткізу - өскелең ұрпақтың тарих алдындағы парызы. Парыз арқылы өткен өмірге қарыз болып қалмау жағын көздейміз. Тылсым күштің жетегінде отырып, тарихымыздың сырын, қырын осы қарт кейуана арқылы ұғынамыз.

Осындай ғажайып жандар туралы мәліметтерді жинап, әңгіме жазғым келеді.

Халық сандығына үңілсең қаншама сыр, қаншама құпия жатыр

 Ел білмеген, ел естімеген оқиғалар ұмытылып қалып жатыр ғой.

 Осындай әңгімелерді біздің қатарымыз естіп, тыңдап отырса, тәрбие де басқаша болады.

 

Үлкенді құрметтеу, кішіні сыйлау деген ұмытылып бара жатқан сияқты.

Тип материала: Презентация Power Point (pptx)
Размер: 1.3 Mb
Количество скачиваний: 9
Просмотров: 99

Похожие материалы