Презентация "Сөйлеу тілі бұзылған балаға Р дыбысын қою"
Предмет: | Логопедия |
---|---|
Категория материала: | Презентации |
Автор: |
Ешбагамбет Алтынгул Наукановна
|
Сөйлеу тілі бұзылған балаға Р дыбысын қою.
Жанерке Нарымбаева,
Байғанин ауданының психологиялық – педагогикалық
түзетім кабинетінің мұғалім – логопеді.
Сабақтың мақсаты: Р дыбысының артикуляциясымен таныстыру, сөз арасында талдау жасау, фонематикалық есту қабілетін дамыту. Р дыбысын буында, сөзде, сөйлем ішінде анық айтуға дағдыландыру Байланыстырып сөйлеу тілін дамыту. Артикуляциялық жаттығуларды меңгерту. Тыныс алуын дамыту. Қол мен саусақ бұлшық ет қимылдарының ұсақ моторикасын дамыту.Танымдық қабілеттерін дамыту. Сөздік қорын толықтыру.
Көрнекілігі: айна, зонд, кеспе әріптер, суреттер.
Сабақ барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі.
А) Сәлемдесу, сабаққа психологиялық дайындық.
Ә) Түзету жаттығуларын орындату.
Артикуляциялық жаттығулар: «Тәтті тосап», «Алтыбақан», «Ат шауып келеді», «Сағат», «Күрекше».
Дауыс жаттығу:
Оқушының дауыс күшін бір демалыста жай, қатты, қатты, жай алмасуын үйрету.
Тыныс жаттығулары.
«Құстарды ұшырамыз», «Балық аулау».
Жаңа сабақты баяндау.
1.Р дыбысының артикуляциялық кескіні.
Р дыбысы дауыссыз дыбыс.
Р дыбысын айтқанда тіл ұшында діріл пайда болады.
Бала айнаға қарап Р дыбысын айтады.
Механикалық әдіс.
Зонд көмегімен балаға Р дыбысын қою.
Р дыбысын балаға буындап айтқызу:
Ра, ро, ру,ре, ры,рі, ри.
Ар, ор, үр, ұр, ер,яр.
- Дауыстылар арасында:
Ара, ора, ұра, ыра.
- Дауыссыздармен қатар:
Кре, кра,гре,гра,тра,тру.
Суреттерді ата.
Радио,ара, қораз,мұрын, домбыра, тарақ, сарымсақ, бұрыш, барыс, жолбарыс.
Сурет бойынша сөйлем құра:(сюжетті суреттер)
Шатырда торғай отыр.
Үстелде қарындаштар жатыр.
Әйгерімде төрт қуыршақ бар.
Фонематикалық есту қабілетін дамыту.
- Р дыбысын естігенде қолыңды көтер.
А, о, л, т, у, д, ы ,р, н, у.
-Р дыбысын сурет арқылы ажырату.
Уық, ата, тауық, тарақ, машина, ыдыс, тау.
Жаңылтпаштар қайталау:
Ақ шар бар,
Көк шар бар.
Көп шар бар,
Төрт шар бар
***
Қыста боран болар,
Қар болар,
Қыздар шәлі,
Орамал оранар.
Сергіту сәті.
Ұсақ моторикаға жаттығу.
Нүктелерді қосып, « Р » әріпінің кескінін бастыру.
Қорытынды.
Сабақты бекіту,бағалау.
Тип материала: | Документ Microsoft Word (doc) |
---|---|
Размер: | 34.5 Kb |
Количество скачиваний: | 64 |