Презентация. Тақырыбы: "Үндістан мемлекеті"
Предмет: | Другое |
---|---|
Категория материала: | Презентации |
Автор: |
Тлеулесова Динара Кайырбековна
|
Мы восстанавливаем материалы только с согласия их авторов.
Бұл материал «Үндістан» мемлекеті жайлы. Жалпы интернеттен қазақ тілінде мұндай материалдар өте аз кездеседі. Бұл слайдты менің балам орындаған еді. Басқа оқушыларға үлгі әрі көмек болсын деп жариялап отырмын.
Үндістан - Оңтүстік Азияда орналысқан мемлекет. Үндістан – өзінің аса бай мәдениетімен және ежелгі өркениетімен әйгілі ел. Ол – терең тамырлы философияның, мол өзіндік ізгі рухани мұраның, сыры да, сыны да сақталған әдет-ғұрыптар мен дәстүрдің, жер-жаһанға әйгілі махаббат күмбезі Тәж-Махал, Лотосхрам сынды сәулеттік жауһарлардың, терең қайнарлы би мен саздың, ғажайып үнді киносы мен жұпар иісті үнді шайының елі! Ол – "барлық халықтардың жүрегін біртұтас өмірдің ырғағында тоғыстырған” (Үндістанның "Халықтың жан жүрегі” мемлекеттік Әнұранынан) әр түрліліктегі бірлестіктің үлгісі. Археол. ескерткіштер Үндістанда тас ғасыры кезеңінің өзінде-ақ адамзат қоғамының өмір сүргенін дәлелдейді. Бұл дәуірдің қабаттарынан шелль-ашель мәдениетіне жататын тас құралдар табылған. Үндістан халықтары – өте ежелгі, терең өзіндік ерекшеліктері бар музыкалық мәдениеттің мұрагерлі болып табылады.
Тип материала: | Презентация Power Point (pptx) |
---|---|
Размер: | 897.19 Kb |
Количество скачиваний: | 257 |