Презентация тақырыбы: "Пысықтауыш туралы жалпы түсінік" (7 сынып)
Предмет: | Классному руководителю |
---|---|
Категория материала: | Презентации |
Автор: |
Сайдахметова Дилдара Халхожаевна
|
Сөйлемнің тұрлаусыз мүшесінің бірі – пысықтауыш. Ол да анықтауыш сияқты, басқа сөздің, әйтеуір бір сапасының, ерекше белгілерін білдіру үшін жұмсалатын бағыныңқы мүшесі. Солай болғандықтан пысықтауыш анықтауышқа ұқсас. Пысықтауыш, негізінде, заттың қимылдық сапасының сапасын, белгісін білдіреді. Басқаша айтқанда, пысықтауыш етістіктен болған мүшені анықтайды. Мысалы: ол – жақсы оқушы дегенде, жақсы оқушы дегенде, жақсы – анықтауыш, ол жақсы оқыды, жақсысөйледі дегендерде – пысықтауыш; Үйге үш кісі кірді дегенде, үш – пысықтауыш. Сонымен, сөйлемде іс-оқиғаны мекен, мезгіл, сын-қимыл, себеп, мақсат жағынан сипаттайтын тұрлаусыз мүшені пысықтауышдеп атаймыз. Пысықтауыштар білдіретін мағыналарына қарай былай бөлінеді: м е з г і л пысықтауыш, м е к е н пысықтауыш, м а қ с а т пысықтауыш, с е б е п - с а л д а р пысықтауыш, а м а л пысықтауыш. Сөз тіркесі мен әр түрлі сөздердің түйдекті тіркестері күрделі мезгіл пысықтауыш қызыметінде жұмсалуы мүмкін: 1. Үстеу мен үстеу не үстеу мен зат есім тіркесіп күрделі пысықтауыш жасайды: б ү г і н к е ш к е Қарағайда ойын болады. 2. Шақтық мағынадағы зат есімдер атау күйінде не түрлі қосымшалар жалғанып, олардың алдында сілтеу есімдіктері қолданылады: с о л к е з д е жартыланған ай туған еді. 3. Септеулі, кейде атау тұлғалы есімдер кейін, соң, дейін көмекші сөздермен тіркесіп, күрделі мезгіл пысықтауыш болады: т ү н б о й ы аяз қаһарына мінді. Сілтеу есімдіктері мен жақын, алыс, жер, жақ, маң сияқты көлемдік мағынадағы есімдер тіркесіп соңғы сөздер септікте тұрып күрделі мекен пысықтауыш болады: б ұ л м а ң д а ел жоқ-ты. Таң ата, күн шыға, ел орнына отыра, жаз шыққанша тәрізді сөйлемдік құрамы бар тұрақты сөздер тіркесі үйірлі мезгіл пысықтауыш болады.
Тип материала: | Презентация Power Point (ppt) |
---|---|
Размер: | 159 Kb |
Количество скачиваний: | 337 |