Презентация тақырыбы: "Синтаксис және оның объектілері" (8 сынып)

Предмет: Другое
Категория материала: Презентации
Автор:

 

Синтаксис және оның объектілері Синтаксис – (грекше syntaxis) грамматиканың морфология сияқты өзекті саласының бірі. Грамматиканың тең праволы, әрі өзара  тығыз байланысты  бұл екі саласының   қарастыратын объектілері  тілдің грамматикалық  құрылысының  мәселелері болады:  морфология сөздердің  грамматикалық жүйесін, құрылысын, сөз таптарының грамматикалық  жүйесін, құрылысын зерттейді.  Синтаксис грамматикалық ілім ретінде  мынандай негізгі екі салаға бөлінеді:  1. Сөз тіркесінің синтаксисі,  2. Сөйлемнің синтаксисі. Сөз тіркесі –сөйлем құраудың  материалды негізі де, сөйлем –кісінің ойын айтудың негізгі  формасы.  Синтаксис сөз тіркесін, сөйлемді, олардың түрлерін,  сөйлем  мүшелерін  және басқа синтаксистік  формаларды адамның ойын білдірудің  грамматикалық тәсілдері  ретінде өзара  байланысты категориялар  ретінде қарастырады.  Синтаксис сөздерді  сөйлемнің бөлшектері  ретінде, ал  жалғауларды сөйлемдегі сөздерді бір-бірімен қиюластырып  тұратын морфологиялық-синтаксистік  категория ретінде тексереді.               Сөйтіп, сөз тіркесінің, сөйлемнің  грамматикалық құрылысын зерттейтін               ілімді синтаксис десек, тілдің синтаксистік құрылысын  да сол термин арқылы атаймыз.    
Тип материала: Презентация Power Point (ppt)
Размер: 137.5 Kb
Количество скачиваний: 33
Просмотров: 170

Похожие материалы