Презентация-урок по технологии на тему “Құрал-жабдықтар және Қылара” (8 класс)

Предмет: Технология
Категория материала: Презентации
Автор:

Сабақ жоспары

Сыныбы: 8

Күн, айы, жылы: 18.04.1015 ж

Пән аты:Технология

Тоқсан: ІҮ

Мұғалім:Бақытқали Азат Бақытқалиұлы

Сабақ тақырыбы: “Құрал-жабдықтар және Қылара”

Сабақ мақсаты:

Білімділік: Қылара құралымен таныстыру , қалай жұмыс жүргізуіне үйрету қауіпсіздік ережесін түсіндіру.

Дамытушылық: Оқушылардың пәнге деген қызығушылықтарын арттыру ,өнерге баулу , ойлау қабілеттерін дамыту.

Тәрбиелік: Оқушылардыадамгершілікке ,сыпайлыққа , тианақты жұмыс жасауга , құралдарды ұқыпты ұстауға тәрбиелеу.

Сабақ түрі: Дәстүрлі сабақ

Сабақтың әдіс тәсілдері : түсіндіру , сұрақ жауап ,жұмыс жасауға үйрету.

Сабақ көрнекілігі: құралдар , слайд қосымша оқулықтар.

Пәнаралық байланыс: Бейнелеу , география .

Сабақ барысы:

І.Ұйымдастыру кезеңі:

а) Оқушылармен салемдесу

ә)Оқушылардың сабаққа қатысын тексеру

б)Оқушылардың зейіндерін сабаққа аудару

ІІ.Үй тапсырмасын сұрау тексеру: Оушылар жұмыстарын тексеру , сұрақтар қою. Жұмыстың қателігінтүзету.

1.Фанер дегеніміз не?2. ПВА желімі дегеніміз қандай қалай қолданады ?3. Шпон ағашы дегеніміз не ?

ІІІ.Білімдерінжан-жақты тексеру.Сыр сандық

1.Қашау дегеніміз не?

2.Бұрғы дегеніміз не?

3. Шеберүстел дегеніміз не?

4. Ағаш оюдың қандай түрлері бар ?

5. Сандық дегеніміз не, түрлерін атаңдар ?

6.Асадал дегеніміз не ?

7. Ағаш мүкісі дегеніміз не

ІҮ. Жаңа сабақты түсіндіру .

Адамзат барлық барлық уақытта өзінің үйін , үйге керекжарақтарды ойып, қашап жасаған, сондай-ақ оны ою-өрнектермен әшекейлеп,ағашқа күйдіркп өрнек салып, бедер, нақыш қондырып сәндік қолданбалы өнер түрлерімен безендірген. Қазіргі кезде жұқатақтайларды аса шеберлікпен аралап өрнектеу кеңінен тарағанжәне үйге керек жарақтарды жасап алаламыз жұқа ағаштардан әр түрлі заттар жасау үшін қылара құралымен танысуымыз керек.Қыларамен өрнектеп, әшекейлер аралауға балаларғана емес, ересек адамдарда қызығадыаралап үйренушыдамдылыққа , ұқыптылыққаұйретеді.Жұмыс істегенде тапжылмай отыруға тура келедіқ.Қыларалардың барлығыПтәрізді доға пішінді тұтқалы немесе ара төсеміне арналған қыспақ ерінді болып келмейді, олар әр түрлі құрылымды болады.Қылара құрылысы ара жақтауы, сабы сақинасы, бұранда, тығырық, сомын не (бұрандалық),қосқұлақ, қыспақ , ара төсемі, оймасы не ( бұрандама)болады. Қылараға арналған ара төсемдері .Қайырылған ірі тістіқыларамен фанерді аралауға ,ұсақ тістікішкентай қыларамен қатты материалдарды аралауға болады.Мұндай аралармен аралағанда төмен қарай бірбағытта аралайды.Үстелге- білдек ұсақ болшектерді өңдеуге ыңғайлы болу үшін қолданылады.Оны жұмыс үстеліне бұрандамақысқышпен не бұрамашегемен бекітеді.Бұрандамақысқыш желімделген бұйым болшектерін қысып ұстауға , сондай-ақ материадарды өңдеу кезінде оны жұмыс үстеліне бекітуге арналған.

Ү. Жаңа сабақты бекіту.

1.Үстелше-білдек дегеніміз не?2.Бұрандамақысқыш дегеніміз не?3. Қыларамен жұмыс жасағандағы қауіпсіздік ережесін түсіндір?4. Бұранда бұрандалық дегеніміз не?5. Қылараның қандай түрлері бар, жұмыс жасау тәсілін түсіндір?6. Қыларамен қандай бұйымдар жасауғаболады?

ҮІ. Сабақты қорытындылау.

Сұрақ – жауаптар арқылы ,оқушыларғаөткен сабағымыздың түсінгенін түсінбегенінтолықтырып , сабағымызды қортындылау.

ҮІІ. БағалауОқушылардың сабаққа қатынасуын бағалау.

ҮІІ.Үйге тапсырма беру. Сабақта аяқталмай қалған жұмыстарын үйірме сабағында аяқтау

Тип материала: Презентация Power Point (pptx)
Размер: 18.52 Mb
Количество скачиваний: 6
Просмотров: 155

Похожие материалы