"Презентацияларды құру. Безендіру шаблондары."(6 сынып)

Предмет: Информатика
Категория материала: Рабочие программы
Автор:

Сабақтың тақырыбы:  Презентацияларды құру. Безендіру шаблондары.

Сабақтың мақсаты:

Білімділік:   Оқушылар слайд жасақтап,презентацияларды құру мен безендіру шаблондарыныңжаңа мүмкіндіктерімен танысып,жұмыс істеу принципін түсінеді.

Дамытушылық:   Презентация құруда слайдтармен жүйелі жұмыс жасау дағдыларын қалыптастырып ойлау  ұшқырлығын  дамытады.

Тәрбиелілік:    PowerPoint программасын қолдану аймағын анықтауды, программаны іске қосу мен компоненттерін ажырата білуді қалыптастырып оқушыны білімділікке, сауаттылыққа тәрбиелейді.

Міндеттері:

  1. Мазмұнға байланысты міндеті: Power Point бағдарламасында презентацияны басқарудың мүмкіндіктерін толық  игереді.
  2. Сын тұрғысынан ойлауды дамыту: Оқушы ойланып, толғанады. Зерттей отырып, жаңалықты қабылдайды. Салыстыру арқылы теориялық білімін лабораториялық жұмыста көрсете алады.
  3. Топтық жұмыс үрдісіне байланысты міндеті: Өз ойларын айту арқылы бірін-бірі оқытады. Басқалардың жауабын тыңдайды. Қорытынды пікір шығарады.

Сабақтың типі: кіріктірілген сабақ.

Пәнаралық байланыс: қазақ тілі.

Көрнекілігі: компьютерлер, мульти-проектор, парақшалар, плакаттар.

Стратегиялар: «БҮҮ», «Өзім үшін жазу», «Топпен зерттеу», «Топтастыру»,

«Бес жолды өлең»

Бағалау: Мұғалімнің бақылауы бойынша.

 

Сабақтың жүру барысы:

І. Ұйымдастыру. (3 минут)

Сабағымызды бастайық. Бүгін жаңа сабақ өтеміз және жарыса отырып үй жұмысын қайталап, жаңа сабақты практикалық игеруді де жарыса отыра жүргіземіз. Ол үшін үш топқа бөлінейік:

1-топ: «Слайд» тобы

2-топ: «Дизайн» тобы

3-топ: «Анимация» тобы болсын, әр топ өз басшысын сайлап алсын.

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру.

І-кезең. «Бәйге»   (5-минут)

Өткен тақырыпты тексеру бөлімін  «Бәйге» деп атайық. Бәйгеден қай топ озып алда келеді екенін білейік.

1. Презентация ұғымы қандай мағына береді? Латынша praesento тапсырамын немесе ағыл.present – ұсыну

2. Презентация дегеніміз не? Өзін көрсету, баяндама, жобаны, есеп беруді қорғау, жұмыс жоспарын, дайын өнім мен қызмет, енгізу нәтижесін бақылауды, сынауларды және басқа да  көптеген дүниені ұсыну

3. Power Point программасын іске қосу үшін: Пуск-Программы-Microsoft Office- Microsoft Office Power Point

 

4. Қандай бағдарлама көрмелерді жоспарлауға, жасауға және өңдеуге арналған? Microsoft Power Point 

Тип материала: Документ Microsoft Word (docx)
Размер: 20.71 Kb
Количество скачиваний: 10
Просмотров: 165

Похожие материалы