Проект по истории Казахстана на тему «Байғанин ауданы топонимдерінің тарихи-лингвистикалық ерекшеліктері»
Предмет: | История |
---|---|
Категория материала: | Другие методич. материалы |
Автор: |
Батпенова Венера Хабибулловна
|
Байғанин ауданындағы жергілікті өзен, су,бұлақ,көл (гидронимдерді); елді мекендердің(ойконимдерді) атауларының тарихи-лингвистикалық ерекшеліктерін жан-жақты зерттеу.
Байғанин ауданының топонимдерінің тарихи-лингвистикалық ерекшеліктеріне жан-жақты талдау жасай отырып географиялық нысандардың атауларын анықтау.
Белгілі топонимист А.Әбдрахманов «...Бұрын топонимика лексикологияның жер-су аттарын зерттейтін бір саласы деп танылып келсе, соңғы жылдары ол география, тарих және лингвистиканың түйіскен жерінде пайда болған, жеке ғылым ретінде қалыптасып келеді.Қазіргі талап тұрғысынан ономастиканы, соның ішінде топонимиканы бір ғылымның әдістерімен зерттеу жеткіліксіз, өйткені атаулардың шығу, даму тарихы айналаны қоршаған табиғатпен, түрлі әлеуметтік-тарихи өзгерістермен тығыз байланысты. Осыдан келіп атаулардың мағыналық және этимологиялық құпияларын ашу үшін бірнеше ғылым салалары деректерімен хабардар болып, оларды жете пайдалану қажеттігі туып отыр»,-деген болатын. Ал біз өзіміздің жобамызда топонимиканың бұл айтылған жәйтерін де ескере отырып және өскелен өмір талабына сай оны одан әрі жүйелеу, дамыту,тереңдете ұғу қажеттілігін нысанаға ала отырып әдебиет пен топонимиканы, тарих пен топонимиканы, қазақ тілі мен топонимиканы тығыз бірлікте алып қарастыруға тырыстық. Алған бағытымыз бойынша ашар сыры әлі де көп, әрбір аудан, әрбір облыс өзінің тарихына және лингвистикалық ерекшеліктеріне қатысты атаулар, ұлан - байтақ алқапты алып жатқан, табиғаты сан қилы болып келетін өлкеміздің жер - суына, елді мекендерін қағаз бетіне түсіріп,жазып шығарса, онда Республика бойынша әрбір облыстың тарихы жинақталып, құнды дерек шығатынына сеніміміз мол.
Байғанин ауданының топонимдерінің тарихи-лингвистикалық ерекшеліктеріне жан-жақты талдау жасай отырып географиялық нысандардың атауларын анықтау.
Тип материала: | Документ Microsoft Word (docx) |
---|---|
Размер: | 20.2 Kb |
Количество скачиваний: | 18 |