Психологиялық сабақ: «Ғажайып әлем»

Предмет: Школьному психологу
Категория материала: Другие методич. материалы
Автор:
Мақсаты: 1. Оқушылардың бойындағы көңіл-күйді тұрақтандыру, жағымсыз әрекеттерін түзету; эмоциялық күйзелісті сейілту. 2. Танымдық қабілеттерін дамыту. 3. Достық қарым-қатынасты нығайту, ұжыммен бірлесіп жұмыс жасауға үйрету. Құралдар мен жабдықтар: кішкене тас, ырғақты классикалық әуен, пуфиктер, түрлі-түсті түймелер, бояу, ылғалды қағаз, қол сүртетін сулы салфеткалар, әр түсті қиықшалар . Сабақ барысы: 1.      Кіріспе бөлім (көңіл күйді тұрақтандыру ойыны) Психолог: Саламатсыздарма, балалар! Мен сендерді көргеніме қуаныштымын! Алдыңғы сабақта біз «Көк жұлдыздар» ғаламшарына саяхат жасаған едік, ал бүгін «Тас еліне» саяхат жасамақпыз.  2.      Жұмыс бөлімі (ойын терапиясы). Психолог: Кез-келген  ертегіде түрлі қаһармандар кездесіп, әр түрлі қызықты жағдайлар орын алып тұрады. Бүгін бізде талай қызыққа сапар шекпекпіз. Қалай ойлайсыңдар, менің қолымда не бар? Иә, бұл тас. - Тас туралы қане не біледі екенбіз? Ол ауыр (тасты жоғары-төмен көтереді), суық, сипағанда жағымсыз, оның қырлары өткір болады. Оны қолда ұстап тұру соншалықты жағымды емес. Бірақ мен бұл тасты сендерге бермес бұрын,  оны  жылытуға тырысамын. Психолог тасты алақанына алып, қысады.  Психолог: Тас, менің қолымдағы жылуды ал, жүрегімдегі жылуды ал, менің адамдарға деген махаббатымды ал. Менің ыстық сезімімді достарыма жеткіз. Осы сөздерді айтып, психолог тасты жанындағы отырған балаға береді. Бала тасты қолына алған кезде, оған сұрақ қойылады: -                     Сен не сезіп тұрсың? Бұл тас ауыр ма? Ол сипағанда қандай екен? Жұмсақ па, әлде бұдыр ма?  Егер бала жауап беруге қиналса, балаға жұмсақ затпен салыстыруға мүмкіндік беріледі.   -                     Ия,  ол тегіс емес. Ал енді айта қойшы, сенің қолыңдағы тас суық па? Осы жерде қолмен ұсталмаған тасты салыстырып көруге болады.  
Тип материала: Документ Microsoft Word (doc)
Размер: 47.5 Kb
Количество скачиваний: 43
Просмотров: 240

Похожие материалы