Псиологиялық тренинг, оның мақсаты, ережелері мен заңы.

Предмет: Иностранные языки
Категория материала: Рабочие программы
Автор:

 

Псиологиялық тренинг, оның мақсаты,ережелері мен заңы

ХХ ғасырдың 40 жылдарынан қолданыс таба бастаған тренингтер оған қатысушылардың өзара әрекеттесе отырып мәселені әр қырынан талқылауын қамтамасыз етеді. Тренинг ағылшын тілінен аударғанда «train»-жаттықтыру, жаттығу деген мағынаны білдіреді. Тренинг – өзін-өзі тануға, өзін-өзі реттеуге, тұлғааралық қарым – қатынасқа, коммуникативті және кәсіби біліктілікке бағытталған психотерапиялық, психокоррекциялық және оқыту әдістерінің жиынтығы.

Тренинг – басқа адамдарды жақсы түсінуге көмектеседі, өз бейнесін басқалар қалай көретіндігін салыстыруға мүмкіндік береді, өз мүмкіндігін байқауға, өзіндік санасын жетілдіруге жағдай жасайды.[1;38бет]

         Батыста білімді байыту, дағды мен машықтарды іскерлікке баулудың тиімді тәсілі ретінде танылады. Тренингтер рөлдік ойындарды қолдана отырып, топтағы жұмыс белсенділігін арттыру, теорияны практикалық тапсырмалармен байланыстыру, ақпараттар көлемін саналы меңгеру (миға шабуыл) арқылы эвристикалық әдістемеге жол ашады.

         Тренинг – жеке адам не топтың ақпаратты сол кезеңде не болашақта қажеттілігіне жарату мүмкіндігі. Тренинг саналы жұмыс түріне баулиды: қатысушылар пікір алмасады, өз көзқарасын қалыптастыру, жеткізуге, сұрақты дұрыс жүйелеуге, өз білімін практикада қолдануға дағдыланады. Адамды күтпеген оқыс жағдайда ойлану мен шешім қабылдауға үйретеді. Нағыз іске, шеберлікке баулу сәттерін тудырады. Басты жауапкершілік жаттықтырушы (сабақ үдерісінде мұғалім мен көмекшілеріне) жүктеледі, оның ойынды ұйымдастыру, қарым – қатынас тұлға ретінде балаларға әсер етіп, шәкірт қабілетін аша білер кәсіби шеберлігі де аса маңызды.

         Тренингтер ақпарат ала отырып түсініксіз сәттерді талқылауға, сұрақ қоюға мүмкіндік алса, онда берілген ақпарат тез меңгеріледі және алынған білімдер шәкірттердің мінез – құлық дағдыларын қалыптастыруға ықпал етеді.

         Тренинг жүргізуге қойылатын талаптар:

·        Оқушылар бір – біріне жүзбе – жүз отыратындай етіп айналдыра орындықтар қоюға мүмкіндігі бар кең бөлме (бұл жағдайда еркін пікір алмасуға, жаттығулар мен серігу кезеңдерін жүргізуге ыңғайлы болады. Бір – біріне сенімділік артып, назарға іліккен әрекеттерге қызығушылық танытады, ынталы болады);

·        тренингке қатысушылар саны 20 – 25 адамнан аспауы керек (бұл сенім атмосферасын туғызатын және барлық қатысушылардың назарын тұрақты аударуға мүмкіндік беретін қатысушылар саны);

·        тренингке қатысушыларды марапаттап отыру және барлығының қатысуын қадағалау;

·        мұғалім әрбір жаттығудың кесімді уақытта жүзеге асырылуын қадағалауы керек;

·        тренингтің бастапқы сәті «танысу» жаттығуына арналып және «келісім» (топтың жұмыс ережесі) қабылданады;

·        теориялық тапсырмалар мен интерактивті жаттығулардың, сергітудің арасында сабақтастық болуы керек;

·        кез келген тренинг – сабақ басталар алдында мақсаты – міндеттері айтылады, ал соңында қорытынды пікірлер жинақталады. [3;102]

 

Тренинг түріндегі сабақты өткізген ұстаз:

·        өзара қарым – қатынас жасау мен хабарларды қабылдауға және ақпараттық мәліметтермен алмасуға дайын болу жағдайын жасау;

·        ой қозғау арқылы тілдік қарым – қатынас еркіндігі мен белсенділігін арттыру;

·        координация – іс қимылдағы өзара бағыттылық пен келісімділікті қамтамасыз ету;

·        мотивация – қажетті эмоциялар мен қызығу ынтасын тудыра білу, сол арқылы өзгерістерді бақылауға жол ашу;

·        қарым – қатынас орнату – байланыстар жүйесіндегі әркімнің өз орнын айқындай білуіне ықпал ету;

·        әсер етушілік – мінез – құлықтың және басқа да мүдде – тілектерінің өзгеруіне бағдар беруге жетекшілік жасауы керек.

         Қазіргі қоғамда қарым-қатынас сауаттылығы маңызды сипат алып отыр. Күннен күнге қарым-қатынас пен өмір, ойын тәрізді қарастырылады. Біз ойын арқылы ақиқатты танып білеміз, сондықтан берілген мақаламда психологиялық тренинг және шағын психологиялық жаттығулар, оның мақсаты мен ережелері және түрлері, жүргізу жолдарына қысқаша шолу жасадым.

ХХІ ғасырда әлемдік өркениет жаңа даму сатысына көтерілді деп айтсақ болады. Себебі, ҚР-ның қазіргі білім жүйесінің стратегиялық мақсаты жоғары білімді бәсекелестік қабілеті мол, шығармашыл тұлға қалыптастыру үшін қолайлы жағдайлар жасау болып табылады. Қазіргі мектептерде балалар белгілі бір білім ғана алып, біліктілікке үйреніп қана қоймай, сондай-ақ алған үлгі-өнегені өмір бойы пайдалана білуі тиіс.Әлеуметтік-экономикалық дамудың қазіргі кезеңінде, оқу-тәрбие жұмысының жаңару заманында ағарту саласының мектеп жасына дейінгі тәрбиелеу, білім беру буынында шешімін күткен келелі мәселелер тұр.[5;46]

         Бүгінгі таңда қарым-қатынастағы компоненттің дамуы әлеуметтік психологиялық тренинг аясында ойдағыдай шешілуде. Соңғы 30-40 жыл ішінде қарым-қатынас механизмін дамытуда белсенді, жедел әдіс-тренингтер ұйымдастырылып, қолданылуда. Психологиялық тренинг (немесе әлеуметтік психологиялық тренинг) жанұялық қарым-қатынастағы түзету тәжрибесінде, жасөспірімдерді бейімдеуде, т.б. өзін жақсы жағынан көрсетті. Нақты және зертханалық эксперименттердің элементтерін өзіне біріктіре отырып, қарым-қатынас біліктілігінің саласында кең көлемдегі міндеттерді шешетін тренингтер психологиялық ықпалдың тиімді құралы болып табылады. Тренингтің мақсаты:

         - өзін-өзі тану, тұлғалық даму тәсілдерін таба білу;

         - ойдың икемділігін, тапқырлығын талап ету, өзгешелігін дамыту;

         - ойдың дәлдігі мен жылдамдығын жаттықтыру;

         - қиялды, шығармашылық қабілетті дамыту;

         - өзінің және өзгенің даралығын бағалау, өзін-өзі құрметтеу;

         - комуникативтік дағдыны дамыту, қарым-қатынастың түрлі әдіс-тәсілдерін меңгеру;

         - өзі, өз құқығы мен міндеттері туралы ойларын дамыту;

         - көңіл-күйді көтеру, сезім мен эмоцияны реттеу.

         Жоғарыда көрсетілген тренинг мақсаттарының қайысысы болмасын адам психологиясына тікелей қатысты болғандықтан, тренинг топтамаларының мынандай міндеттері бар:

-         өзін - өзі түсіну;

-         өзін - өзі реттеу;

-         қарым-қатынас жағдайында басқаларды түсіну;

-         қарым-қатынастың жаңа дағдыларын өз бойына қалыптастыру;

Психологиялық тренинг заңы тренингте ойланудың дұрыс , ішкі топтық үдерісті бақылауға мүмкіндік береді. Тренинг заңын тиімді қолдана білу тренинг әсерін арттырып, қатысушыларға көмекші тәсіл болып табылады.[4;56]

         Тренингтің негізгі заңдары:

1.     «00» заңы.

2.     Микрофон заңы.

3.     Белсенділік заңы.

4.     «Мен айтамын» заңы.

5.     Барлық топ мүшелеріне ізгі ниет білдіру заңы.

6.     Есім заңы.

7.     Сыпайылық заңы.

8.     «Қазір және осында» заңы.

9.     Құпияны сақтау заңы.

10.Өзінің қатысуын ұсыну заңы.

Жоғарыда көрсетілген тренинг заңдарының мәнін, көрінуін, қызметін қарастырып өтетін болсақ олар төмендегідей:

1.     «00» заңы. Тренингті жүргізуші мен оған барлық қатысушылар тренинг барысында немесе үзілістен кейінгі кесілген уақыттан кешікпей келуі тиіс.

2.     Микрофон заңы. Бұл заң кімнің қолында микрофон болса, сол сөйлейді қағидасын көздейді. Микрофон ретінде кез-келген ойыншық, қалам, карандаш, түрлі-түсті маркер т.б. қолдануға болады.

3.     Белсенділік заңы. «Сіз қандайда бір жаттығуға қатыспауыңызға болады. Өз ойыңызды алдын ала білдіріңіз. Бірақ та бір қатысушы болсада ойыннан шығып кетсе, ол барлық топтың жұмысына әсер етуі мүмкін екенін есте ұстаңыз».

4.     «Мен айтамын» заңы. Бұл заң тренингке қатысушылардың өз ойларын, көзқарасын білдіруді көздейді. Егер қатысушы топтың мүшелерінің барлығының көзқарасын, пікірін білуі мүмкін еместігін ескетіп, тек қана «мен ойлаймын», «мен айтамын», «мен сеземін», т.б. деп өзі үшін жауап беру қажеттігін білдіреді.

5.     Барлық топ мүшелеріне ізгі ниет білдіру заңы. Бұл заң келесі формада беріледі: «тренингке қатысушылардың барлығының өзіндік жетістігі мен кемшілігі бар. Сондықтан басқаның ерекшелігіне сабырлықпен,шыдамдылықпен қараңыз».

6.     Есім заңы. Бұл заң тренингке қатысушылар бірін- бірі танымаса немесе мүлдем тасыспаса, тренинг жүргізуші де қатысушыларды танымайтын болса қолданылады.

7.     Сыпайылық заңы. Тренингке қатысушылардың барлығын әрқайсысын өзі қалаған есіммен атап , бірінің пікіріне бірі сыйластықпен қарауды көздейді.

8.     «Қазір және осында» заңы. Тренинг барысында болып жатқан оқиғалар , сол жерде , сол уақытта болып жатқандығын, сол кезге тән екендігі және ол өткенмен  де, болашақпенде байланысты еместігін түсіндіріп, оны сыртқа шығармау қажеттігін білдіреді.

9.     Құпияны сақтау заңы. Заң бойынша тренингте айтылғандар мен болған жағдайлар тек тренинг ішінде ғана сақталады. Бұл тренингке қатысушылардың өзін қауіпсіз, еркін сезінуін қамтамыз етеді.

10.Өзінің қатысуын ұсыну заңы. Көп жағдайда қатысушылар қандайда болмасын жаттығуға қатысуға жүрексініп , жаттығуға қатысу үшін басқаларды ұсынады. Сондықтан да әрбір қатысушыға тек қана өзін ұсыну қажеттігін білдіреді. [2;18бет]

Бүгінде топта әрекет ету қабілеттілігі қажетті кәсіби және жеке қасиеттердің бірі болып табылады. Психологиялық ойындар мен жаттығулар ынтымақтастыққа тәрбиелеуге бағытталған. Топ жетекшілері бұларды әр түрлі жағдайларда: топпен өтетін тренинг пен қарым-қатынас тренингтерін, тұлғалық өсу тренингтерін мектепте, бала-бақшада және түрлі мекемелерде қолдануға болады.

     Жалпы білім беретін мектептер тәжірибесінде лекция семинар сабақтары, шығармашылық шеберлік, пікірталастық (дискуссиялық) клуб сияқты жұмыстардың жаңа формалары белсенді түрде енуде. Сонымен психологиялық тренинг дегеніміз не? Мамандар оны топтық жұмыстың белсенді әдістеріне негізделген психологиялық әсер ету деп есептейді. Бұл – тұлға дамуына, коммуникативті дағдының қалыптасуына, психологиялық көмек көрсетуге, топтаурындарды (стереотиптерді) жоюға және қатысушылардың жеке проблемеларын шешуге байланысты сұрақтар қарастырылатынын арнайы ұйымдастырылған қарым-қатынас формасы.

 

Тип материала: Документ Microsoft Word (docx)
Размер: 20.28 Kb
Количество скачиваний: 7
Просмотров: 78

Похожие материалы