Растрлық графика.

Предмет: Информатика
Категория материала: Рабочие программы
Автор:
Пән аты:   Информатика.                Сабақтың тақырыбы: Растрлық графика. Растрлық графиканы өңдеу бойынша программа интерфейсі. Сабақтың мақсаты: Білімділік: Оқушыларға Adobe Photoshop бағдарламасындағы мәтін, мәтіндік блоктар құрумен  таныстыру және оларды  өңдеу кезінде қолдануды үйрету; Дамытушылық: Оқушылардың есте сақтау қабілетін және логикалық ой - өрісін дамыту; Тәрбиелік: Оқушыларды ұқыптылыққа, белсенділікке тәрбиелеу. Сабақтың көрнекіліктері: компьютер, жұмыс дәптері. Сабақтың әдісі: түсіндіру, баяндау, сұрақ - жауап. 1. Ұйымдастыру кезеңі: оқушыларды түгендеу. 2. Үй жұмысын тексеру 3. Өткен сабақты қайталау: 1. Adobe Photoshop не үшін арналған? (Расторлық графика құру үшін және өңдеуге арналған). 2. Расторлық бейнелеу (клетка арқылы сызу) – бұл неден тұрады? (өте ұсақ элементтерден, яғни пиксельдерден тұрады. Әр пиксель бір - бірімен тәуелсіз болады). 3. Жаңа құжатты ашу: (Файл/Новый/Имя ). 4. Жаңа сабақ: Компьютерлік графиканың түрлері Жалпы компьютерлік кескндік ақпараттың негізгі екі түрі бар. Біріншісі растрлық және екіншісі векторлық. Олар бір-бірінен монитор экранында бейнелену, компьютерде кескіннің сипатталуы жағынан және қағаз бетіне басып шығарылған кезде кескіндердің қалыптасу принциптері бойынша ажыратылады. Растрлық графикада кескіндер түрлі-түсті нүктелердің жиынтығынан тұрады. Графикалық ақпараттың осындай нүктелер жиыны немесе пиксельдер түрінде ұсынылуы растрлық түрдегі ұсынылу болып табылады. Растрлық кескінді құрайтын әрбір пиксельдің өз орны мен түсі болады және әр пиксельге компьютер жадында бір ұяшық қажет. Растрлық кескіннің сапасы сол кескіннің өлшеміне (тігінен және көлденең орналасқан пиксельдердің саны) және әр пиксельді бояуға қажетті түстердің санына тәуелді болады.
Тип материала: Документ Microsoft Word (doc)
Размер: 37 Kb
Количество скачиваний: 25
Просмотров: 212

Похожие материалы