И-10. "Visual Basic программалау тіліндегі графика"
Предмет: | Информатика |
---|---|
Категория материала: | Рабочие программы |
Автор: |
Жумабекова Мадина Оразхановна
|
Пән: информатика Сынып: 10 Сабақтың тақырыбы: «Visual Basic программалау тіліндегі графика» Сабақтың мақсаты: Visual Basic бағдарламасының графикалық объектілерімен жұмыс жасауға үйрету Сабақтың міндеттері: Білімділік: Объектілі бағдарланған программалау бойынша алған білімдерін саралау. Дамытушылық: Әр оқушының сабаққа деген ынта мен қабілетін біріктіріп, қызығушылығын арттыру. Тәрбиелілік: Туған жерге, елге деген сүйіспеншілік пен патриоттық сезімін ояту; шыдамдылыққа, ұқыптылыққа баулу. Сабақтың көрнекілігі: интербелсенді тақта, тест, практикалық тапсырма, сәйкестендіру кестесі Сабақтың құрал-жабдықтары: интерактивті тақта, постер, түрлі-түсті маркерлер, Visual Basic 6.0, компьютер, локальды желі Сабақтың түрі: практикалық сабақ Сабақтың әдіс-тәсілі: постер жасау, тест, практикалық тапсырманы орындау, Ішіне-сыртына Пәнаралық байланыс: бейнелеу, алгебра, ағылшын тілі Сабақ барысы: І.Ұйымдастыру кезеңі (1 мин) /ЖЕСО модулі/ Оқушылармен сәлемдесіп, түгендеп, олардың назарын сабаққа бұру ІІ.Үй тапсырмасы (4 мин) /АКТ модулі/ ІІІ.Білу және түсіну кезеңі. (ОЖТ модулі) (6 мин) Жаңа сабақтың тақырыбын анықтау үшін интербелсенді тақтада графикалық объектілердің суреттерін көрсету. - Бұл не? Не үшін арналған? Бұл фигуралар мен не жасауға болады? сияқты жетелеме сұрақтары арқылы жаңа сабақтың тақырыбына шығу. Оқушылар жауабы: графикалық фигуралар, сурет салу үшін, графикалық объектілермен жұмыс жасау үшін арналған. - Сабақтың тақырыбы мен мақсаты қандай деп ойлайсыздар? Оқушылар жауабы: Visual Basic-те графикалық объектілермен жұмыс жасау және үйрену Жаңа сабақты түсіну үшін оқушыларға теориялық материалдар таратылады. Оқушылар жаңа материалмен танысып, түсінгендерін постер бетіне түсіреді де, түсінгендерін талдайды.
Тип материала: | Документ Microsoft Word (doc) |
---|---|
Размер: | 9.96 Mb |
Количество скачиваний: | 11 |