Power Point бағдарламасында гиперсілтеме және анимация жасау

Предмет: Информатика
Категория материала: Рабочие программы
Автор:
Урок информатики для 8 класса «Power Point бағдарламасында гиперсілтеме және анимация жасау«Сабақтың тақырыбы: Power Point бағдарламасында гиперсілтеме және анимация жасау.Сабақтың мақсаты: а) Білімділік:  Гиперсілтеме және анимация  жайлы түсініктеме беру. Оқушыларға Power Point бағдарламасында гиперсілметеме және анимация жасауды үйрету.ә) Дамытушылық: 1.      Компьютердің басқа программаларын меңгерте отырып, логикалық ойлау қабілетін дамыту.2.      Өз ойын жүйелей жеткізе алуға дағдысын қалыптастыру.Оқушылардың шеберліктерін, тапқырлықтарын бақылау.б) Тәрбиелік: 1.      Компьютермен жұмыс істеу барысында ұқыптылыққа баулу.2.      Қауіпсіздік ережесіне байланысты балаларды сақтылыққа үйрету.Информатика пәніне деген оң көзқарас пен қызығушылығын арттыру.Сабақ түрі: Аралас.Сабақ әдісі: Түсіндіру, сұрақ-жауап, компьютермен жұмыс.Сабақ көрнекілігі: Презентация, электрондық оқулық, тапсырмалар.Сабақтың барысы:І. Ұйымдстыру кезеңі:а) Оқушылармен сәлемдесіп, сынып оқушыларын түгендеу.ә) Оқушылардың назарын сабаққа аудару.ІІ. Өткенді пысықтау:Үйге берілген тапсырманы тексеру. Оқушылардың жасаған мультфильмдерді интерактивті тақтадан көрсету.Төмендегі ұяшықтарда берілген сұрақтарға жауап беру.Сұрақтар:Монитор-Microsoft Power Point бағдарламасын жүктеу жолын көрсетіңіз (Пуск-Бағдарламалар-Microsoft office-Microsoft Power Point)Маус-Презентация деп нені атайды? (Презентация ұғымы өзінің толық мағынасында (лат.praesento тапсырамын немесе present – ұсыну) өзін көрсету, баяндама, жобаны, есеп беруді қорғау, жұмыс жоспарын, дайын өнім мен қызмет, енгізу нәтижесін бақылауды, сынауларды және басқа да көптеген дүниені ұсыну).Жүйелік блок-Слайд дегеніміз не? (Слайд деп көзге көрінетін күрделі объекті айтамыз. Оның құрамында тақырыптар, мәтін, кестелер, графикалық кескіндемелер, ұйымдастыру схемалары, дыбыс үзінділері, бейнеклиптер мен гиперсілтемелер кіреді). Пернетақта-Слайды демонстрациялау  үшін қандай әрекеттер орындаймыз? (Показ слайда-с текущего слайда немесе-сначала немесе F5 батырмасын шертеміз)ІІІ.Жаңа сабақты түсіндіру:Microsoft Power Point бағдарламасында гиперсілтеме және анимация жасау     Гиперсілтеме (ағыл. Hyperlink) – басқа элементке (команда, мәтін, тақырып, ескерту) сілтеме беретін гипермәтіннің бір бөлігі.     Microsoft Power Point бағдарламасында гиперсілтеме жасау үшін келесі әрекеттерді орындау керек: Вставка менюі – Гиперссылка батырмасын басамыз немесе тышқанның оң жақ батырмасын шертіп, контекстілік менюді шақырып, Гиперссылка ішкі менюін таңдаймыз.      Ашылған диалог терезесінен Местом в документе деп, кезекті өту слайдын таңдаймыз.     Гиперсілтеме жасалды.      Анимация (франц. аnimation-жандандыру) – алдын ала дайындалған графикалық файлдардың  тізбектелген көрсетілімі. Жылжу, көріну үрдістерін көрсететін графикалық қозғалыс.       Microsoft Power Point бағдарламасында анимация жасау үшін анимация жасайтын нысанды белгілейміз. Нысан ретінде мәтін, фигуралар, графикалық суреттер болуы мүмкін. Керекті нысанды белгілеп келесі әрекеттерді орындаймыз: Анимация менюі – керекті анимацияны  түрін таңдаймыз. ІV. Жаңа сабақты бекіту:     Оқушыларға тапсырма беріледі. Тапсырмалар жеке парақшаларда және интерактивті тақтада көрсетіледі.     Тапсырма: «Диффузия процесі» атты электрондық оқулық жасау.     Оқушыларға бойды сергітетін жаттығу жасату. Әуенді тыңдай отырып, мұғалімнің жасаған жаттығуларын қайталау.    Сабақта өтілген терминдерді үш тілде (қазақ – орыс – ағылшын) жазу.V. Үйге тапсырма беру:Гиперсілтеме және анимацияларды қолдана отырып, «Ғажайып жетілік» ойының жасауVI. Бағалау жұмысы:Үй тапсырмасын орындаған, сұрақтарға толық жауап берген, практикалық тапсырманы орындаған, белсенді қатысып отырған оқушыларды бағалау. т анимацияларды қолдана отырып, «Ғажайып жетілік» ойының жасауVI. Бағалау жұмысы: Үй тапсырмасын орындаған, сұрақтарға толық жауап берген, практикалық тапсырманы орындаған, белсенді қатысып отырған оқушыларды бағалау.
Тип материала: Документ Microsoft Word (docx)
Размер: 2.2 Mb
Количество скачиваний: 69
Просмотров: 282

Похожие материалы