Разработка Ән болып қалықтап тұрсың, Шәмші аға.

Предмет: Иностранные языки
Категория материала: Конспекты
Автор:

Ән болып қалықтап тұрсың, Шәмші аға.

Мақсаты: білімділік- оқушыларды ұлы композитор Шәмші Қалдаяқовтың өмір         жолымен таныстыру, оның орасан зор еңбектерін насихаттау, белсенділікке,  тапқырлыққа, өз бетінше көркем сөйлеуге баулу;

                 тәрбиелік- оқушыларды адамгершілікке, имандылық пен әдептілікке, ұлы адамдардың салып кеткен сара жолын ұстанып, оларды ұмытпай есте сақтауға тәрбиелеу;

                дамытушылық- оқушының жан- жақты ойлауын, ізденуін дамыту,ой өрісін кеңейту, көркем сөздермен өз тұжырымын жасай отырып сөздерді орынды қолдану дағдыларын жетілдіру;

Көрнекілігі: Шәмші Қалдаяқовтың портрет, жазылған плакаттар, үнтаспа, Шәмші Қалдаяқов жайында кітаптар.

Пәнаралық байланыс: Әдебиет, тарих, ән- күй сабағы, география, психология.

Әдеби кештің барысы

Мұғалім: Құрметті ұстаздар,қадірлі оқушылар, әнді қадір тұтатын ағайын!

Бар қазақты тамсандырған,

Таңнан таңға ән салдырған,

Өзін әнмен қарсы алдырған,

Ән өмірінде жарық жұлдыздай сәуле шашып, айрықша із қалдырған, күллі қазақ халқының ұлттық мақтанышына айналған Шәмші Қалдаяқовтың қазақ халқына сіңірген еңбегі зор.

(видео материал)

  Туған жерінің әрбір қуанышы мен шаттығына ән болып, жыр болып төгілген, шашу болып шашылған Шәмші жүрегі, Шәмші тілегі, Шәмші әуені үнемі халқымен бірге. Сағыныш пен сағымға айналған асыл ағаны ән әлемі ақ тілектің, тәтті үміттің құсына балап,бүгінгі «Ән болып қалықтап тұрсың, Шәмші аға» атты әдеби кешімізді ашық деп жариялаймыз.

  Әнұран орындалады.

Мұғалім: Шәмші 1931 жылы кеурегі мен жусаны жүз түрлі дертке шипа Қызылқұм өңіріндегі мөлдір сулы Арыс өзенінің жағасында дүниеге келеді. Әкесінің азан шақырып қойған аты Әнәпия екен, Бірақ жеңгелері есімін атамай аяғындағы кішкене қалды көріп Қалдаяқ деп атап кетсе керек. Шәмші мектепке барып, «Әліппе» ұстағанда мұғалімдер сұрағанда «Әкем аты - Қалдыаяқ» деп жауап беріпті. Сонымен Қалдыаяқов болып кетіпті. Әкесі он саусағынан өнер тамған ұста, зергер болғанымен әншілікпен әуестігі жоқ болыпты. Бұл қасиет Шәмші бойына шешесінен, нағашыларынан дарыса керек. Шәмші «Табиғи дарынымның ана сүтімен келгеніне қуанбасам ренжімеймін»  дейтін.

Мұғалім: Құдыретті композитордың алуан түрлі тақырыптағы әндерін тыңдағанда алыста қалған балалық шақ, жастық дәурен, бала махаббат, сағынышқа толы сезімдер, тәтті арман, тағысын тағылар көз алдыңнан тізіліп өтеді, қайтадан бастап өткергендей күй кешесің.

Ән: «Өмір-өзен»

(оқушының орындауында)

 

Жәмшид Шәмші атанып, композиторлық атағы шыққан кезде, анасы айықпайтын ауруға ұшырайды. Өзінің о дүниелік екенін сезген анасы Алматыдағы Шәмшіні шақыртып:                                                                         Балам, мен өмірден жас кеттім демеймін, немере сүйіп, келін көруді құдай бұйыртпады. Тағдыр солай, қайтейін! Бар тілегім, сен аман бол! Дүниеге келген әнің айтылмай жатып үзілмесін, ұзаққа кетсін, Бақытты бол, балам,- дейді.

  Ананың ақ лебізін естіген Шәмші өзін сәбидей сезінеді. Анасының ең жақын жан екенін түсінген Шәмші:

-  Ана, мен сенің басыңа кесене, ғимарат орнатам деп айта алмаймын, бірақ мен саған әннің ең асылын, ең нәзігін арнап жазамын, ол ешқашан да ұмтылмайды,- дейді. Бұл 1957 жылдың 4- қыркүйегі болатын, Шәмші өзінің сөзін 1961 жылы орындайды.

Мұғалім:

Ұйқысыз түндер өтіпті таңнан нұр сауған,

Нәресте үні шекер-ау күтіп тұрса алдан.

Дүниеге мені әкелген жанды ардақтап

«Анама» әні шырқалған

Ән: «Ана туралы жыр»

(оқушының орындауында)

 

Мұғалім: «Сыған серенадасы» әнінін шығу тарихын кім баяндап береді?

 

(оқушы ортаға шығып баяндайды)

Жаздың бір күні. Бір топ сығандар гитарамен ән шырқап жүрген еді. Оны естіп тұрған, Шәмші де қызып, жігіттің қолындағы гитараны алып, бір әнді орындап береді. Бұл орындалған ән сығандарға қатты ұнап, Шәмшіні ортаға шықырып, өздерімен бірге тұруларын өтінеді. Сөйтіп екі ай бір күндей өтіп шығады. Содан кейін Шәмші сығандар ортасын ансап жүрген. Сағыныштың арқасында «Сыған серенадасы» әні өмірге келген.

Ән: «Сыған серенадасы»

(оқушының орындауында)

 

Мұғалім: Шәмші қазақтың ән мәдениетін тың сатыға көтеріп, ел көңілін серпілте жүріп замандас, сырлас ақындарды, айбынын асырады.

 

Ән: «Әнім сен едің»

(оқушының орындауында)

 

Мұғалім: Шәмші қарапайым жүріп ғажайып әндер туғызады,өліп-өшіп ізденеді, қазақ әнінің сыры мен ырғағын еуропалық биік деңгейге аспандатып үлгерді.

Шәмші дарынды ән өнерін зор биікке көтерді. Сосын ырғаққа жан бітірді. Сүйіспеншілік құштарлығын кеңейтті. Музыка әлемінің сары сахарасын соны леп желпіді. Жас та, жасамыс та елеңдесіп, құлақ құрышын қандыратын әнге желпінді. Шәмшінің әр әнге деген ықыласы Шәмші әр әніне жанын, жүрек бүлкілін, лебізін, ықыласын түгел арнады.

Ән: «Қуаныш вальсі»

(оқушының орындауында)

 

Мұғалім: Әлі күнге дейін жігіт желең,бозбалалар қызға сырларын айтса,Шәмші әнімен ақтарылады,тебіренеді,еміренеді.

Ән: «Қайықта»

(оқушының орындауында)

 

Шәмшінің әні,Шәмшінің әні,

Тандайдан кетпесбал шырын дәмі,

Сызылып деммен, жаяды желмен

Жанға айтпаған жан сырынды әлі.

Ән «Дүнген қызы»

(оқушының орындауында)

Мұғалім:

Күйіп-жанған Музаннан тас еріген,

Арулардың балқыттың әсемін ең...

Әдемі ұрпақ дүниеге келіп жатты,

Әндеріңнін әдемі әсерімен!

 

Шәмші Қалдаяқовты «Ән патшасы» етіп халқының құрметіне бөлеген, әр жүректе махаббат отын маздатқан-оның Арыстың ерке толқынындай,Каспийдің көгілдір тұнығындай сұлу да сырлы әндері еді.Енді міне,Шәмшінің өзі,Шәмші деген есімнің өзі өлмес, өшпес әнге айналып кетті.

Ән: «Арыс жағасында»

(оқушының орындауында)

 

Болар ма, сірә, осыдан артық сый деген,

Жазира жолға шыққандай әсем күйменен.

Буыны балқып, шаттықтан басы айналып,

Бақыт құшағында билеген.

Ән: «Бақыт құшағында»

(оқушының орындауында)

 

Оқушы:

Тау мен тасты еріткен,

Табиғатты еліткен

Әнің әсем, Шәмші аға!

Енді өзіндей жайсаңды,

Ән еркесі асылды

Қазақ елі таба ма?!

Аға қайтып келмейді,

Ән де жазып бермейді.

Оның асқақ әндері

Мәңгілікке өлмейді.

Мұғалім:  Шәмші аға сағынышқа айналды.

                                                               Жаса мәңгі ән жұлдызы Шәмші аға.(әдеби кеш аяқталады)

Қостанай облысы

Әулиекөл ауданы

Первомай селосы

Чернышевский орта мектебі

 

Директордық оқу-тәрбие жөніндегі орынбасары және қазақ тілі мен әдебиет пәнінің мұғалімі: Мурзабекова Келбет Бирмаганбетовна

 

Тип материала: Документ Microsoft Word (docx)
Размер: 8.96 Kb
Количество скачиваний: 6
Просмотров: 80

Похожие материалы