Разработка урока казахского языка "Отбасым - менің қорғаным"
Предмет: | Начальные классы |
---|---|
Категория материала: | Конспекты |
Автор: |
Абдукаримова Раушан Мекеновна
|
Сабақтың тақырыбы: Отбасым-менің қорғаным.
Сабақтың мақсаты: 1.Өтілген модульдің тақырыптары бойынша оқушылардың алған білімдерін пысықтау. Пәнге деген сүйіспеншіліктерін арттыру.
2.Ауызекі тілде сөйлету арқылы тіл байлығын дамыту,сөздік қорын кеңейту,топпен жұмыс істеу дағдыларын қалыптастыру.
3.Бейнелеу арқылы оқушыларды көркемдікке тәрбиелеу.
Сабақтың түрі:Қорытынды сабақ
Сабақтың әдісі:сұрақ-жауап,суретпен жұмыс, ойын.
Сабақтың көрнекілігі:интерактивті тақта, суреттер
Сабақтың барысы:
I .Ұйымдастыру кезеңі:(3 минут)
Оқушылар 2 топқа бөлініп отырады, амандасу, қонақтармен амандасу
- Бүгін сыныпта кезекші кім?
- Сыныпта кім жоқ?
- Оқу құралдарын тексеру (оқулық,дәптер,қалам,сөздік дәптер)
Тіл дамыту кезеңі:
Қазір қай сабақ?
Қазақ тілі сабағында қай тілде сөйлейміз?
Аптаның қай күні?
Бүгін ауа райы қандай?
Бүгінгі сабағымыз өтілген тақырыптарды қорытындылауға арналған. Алдарыңда бірнеше баспалдақтар тұр, сол баспалдақтардан өтіп «Арман шыңына» жетулерің керек.Олай болса 2 топқа бөлініп, «Арман шыңына» қол ұстасып, жолда кездескен кедергілерге шалдықпай жетулеріңе тілектеспін.
-Балалар, бір-біріңе жұмыс алдында не тілейсіңдер?
( топтар бір-біріне іске сәттілік, жетістікке жетейік деген тілектер айтады)
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру. (5 минут)
Жұмбақ жазып,жаттау.
1-саты (2 минут)
Сандарды сөйлет . Берілген сандардың нені көрсетіп тұрғанын айту.
1
Оқушылар сөздердің дұрыс жауабын тақтадағы сан ретімен іздеп табады. Сөйлем құрайды.
1-әжем 5-ағам
2-атам 6-қарындасым
3-әкем 7-қуыршағым
4-шешем
2-саты (5 минут)
« Қатесін тап» Әр топқа мәтін таратылады. Топ мүшелері мәтіннің қатесін түзейді. Екі топ алмасып тексереді. Қателер жігін арнайы параққа жазады.
Үй біздің көшесінде Абай орналасқан. Үй біздің үлкен және әдемі.Үйіміз бес қабатты. Үшінші қабатта тұрамыз біз. Үйде төрт бөлме бар. Бөлмемде менің тұр кереует шкаф орындық үстел. Бөлмем таза менің әдемі.
3-саты. (2минут)
Сергіту сәті. Мынау-менің жүрегім,
Бәрі осыдан басталған.
Мынау-басым ақылды,
Бәрі осыдан басталған.
Мынау-менің оң қолым,
Мынау-менің сол қолым,
Барлық істі басқарған.
4-саты (3 минут)
«Қыз қуу» ойыны.Бір ұл, бір қыз шығады. Қыз тек сын есімдерді,ал ұл тек зат есімдерді айтады. Екінші жұпта қыз сан есімді, ал ұл зат есімдерді айтып айтысады.
Қандай? Не? Неше? Не?
Әдемі үй Бір есік
Кең бөлме Төрт терезе
Қызыл перде Екі бөлме
Қара есік Үш кереует
Қоңыр еден Жеті гүл
5-саты (5 минут)
«Біздің үй» .
1. Лото ойыны. Әр баланың алдында билет жатыр. Сол билеттер бойынша лото ойыны ойналады.
1.Сары жапырақ
3. Құстар
5.Ата,әке
7. Ана 9.Сынып 12. Тақта 13.Мұғалім 15.Жаңбыр 17. Әже 20. Парта 25.Шкаф 27.Теледидар 30.Қоңырау
2. Енді осы ұтып алған заттарды атап, әр қалташаға жинастыру керек. Жинастырғаннан кейін топ басшылары тексеріп шығады.
3.Бір сөзді таңдап, мәтін құрастыру.
Күз
Мектеп
Отбасы
6-саты (5 минут)
1. Дыбыстар әлемі. Берілген дыбыстарды үйге дұрыс жинау.
А Т М Е К Ғ Қ Ы І Ә Ұ Ү Ң Р Д
Дауысты Дауыссыз
2. «Біліміңді шында» (Фонетикалық талдау)
І топ ІІ топ
Отбасымыз Қарындасым
7-саты (5 минут)
« Cиқырлы сандық» . Берілген сандарды таңдап,жасырынған сұрақтарға жауап беріп,тапсырмаларды орындау.
1 2 3 4 5 6 7 8 9 10
1.Сен қай ауылда тұрасың?
2.Төменгі сөздерді бір сөзбен ата.
3. Сенің отбасың кандай?
4.Отбасында неше адам бар?
5. Інің неше жаста?
6.Әкең, шешең қайда жұмыс істейді?
7.Інің балабақшаға бара ма?
8.Сызба бойынша сөйлем құра:
9.Берілген сөздерді буынға бөл.
10. Сөйлемдерді оқы, аудар.
Қорытынды
Тест
1.Қандай отбасы үлкен?
А) әке, шеше және мен.
Ә)атам, әжем, әкем,шешем және мен.
Б) атам, әжем, әкем,шешем, інім ,ағам және мен.
2.Отбасы қандай болу керек?
А)тату-тәтті.
Ә)тәртіпсіз.
Б)ұрысқақ.
3.Отбасысында кім ең үлкен ?
А)інім,қарындасым
Ә)ағам,сіңлім
Б)әжем, атам
4.Сен атаңа, әжеңе кім боласың?
А)ағасы
Ә)немересі
Б)әкесі
5.Қарындас -?
А)только у мальчиков
Ә) старшая сестра
Б)тетя
6.Менің інім- бұл ?
А)моя сестра
Ә)мой братишка
Б)мой старший брат
Бағалау. (5 минут)
Үй тапсырмасы: «Менің атам мен әжем» (2 минут)
І.Сурет салу
ІІ.Мәтін құрастыру
Қорытындылау. (3 минут)
Сонымен, балалар, «Арман шыңына» шығу оңай ма екен? Жолда қандай кедергілер болды? Кімге рақмет айтқыларың келеді?
Тип материала: | Презентация Power Point (pptx) |
---|---|
Размер: | 629.96 Kb |
Количество скачиваний: | 23 |