Разработка урока казахского языка
Предмет: | Иностранные языки |
---|---|
Категория материала: | Конспекты |
Автор: |
Ташетова Жанар Хамитовна
|
11 сыныпқа арналған сабақ жоспары.Математикалық бағыттағы сынып.
Жаңа сабақ.
Тақырыбы:Қазақ халқының ғарышкерлері туралы.
Мақсаты қазақтың тұңғыш ғарышкерлері туралы мәлімет беру.Олардың ерлік істерін үлгі ету, оқушыларды отаншылдыққа, елін , халқын сүюге тәрбиелеу.Сабақтың түрі дәстүрлі сабақ.Сабақта мәлімет бере отырып қазақша тілдерін дамыту, сөйлеу тілдерін жетілдіру,ойын еркін жеткізуге машықтандыру,грамматикалық тапсырмаларды орындай отырып, сауаттылыққа үйрету, грамматикалық дағдыларын қалыптастыру.Ұлттық бірыңғай тестілеуге дайындық жасау.Батылдыққа, ерлікке үйрету. Тапсырмаларды орындай отырып бірлікке ынтымақтыққа, толерантты болуға үйрету.
Сабағымызды өткен сабақта алған білімдерімізді қолдана отырып өрбітеміз. Ғарышқа ұшу дегеніміз не?
Ғарышқа ұшу ұғымы әр елде әр түрлі. Халықаралық аэронавтика федерациясының бекітуі бойынша 100 км биіктікке көтерілу – космостық ұшу болып саналады. АҚШ әскери –әуе күшінің сарабы бойынша 50 мильді (80) еңсерген адам ғарышты еңсерді деген сөз. Ал Ресейде жерді кем дегенде бір айналып шықпаса, ғарышқа ұшқандық болып саналмайды. 2013 жылдың 1-қаңтарындағы дерек бойынша жерді орбитальды айналған әлем ғарышкерлерінің саны 527 адамға жеткен.Тарихта 56 ғарышкер-әйелдің аты қалды.
Ғарышқа ұшқан адамды кім не дейді?
Американың ғарыш кемесімен ұшқан адам «астронавт» деп аталады. Қытай кемесімен аттанса , «тайконавт» делінеді. Малайзия ғарышкері ұшқаннан кейін « ангкасаван» деген сөз де пайда болған. Ағылшындар астронавты да, космонавтты да қолданады.
Тип материала: | Документ Microsoft Word (docx) |
---|---|
Размер: | 17.84 Kb |
Количество скачиваний: | 9 |