Разработка урока. Математика Тақырыбы: Теңге.
Предмет: | Начальные классы |
---|---|
Категория материала: | Конспекты |
Автор: |
Хамитова Баршагул Умиргалиевна
|
Балалар біз өткен сабақтарымызда қандай сандармен таныстық.Кәне кім маған 1-20 дейін тура және кері санап береді.
Жарайсыңдар балалар.
Біз бүгінгі оқу іс-әрекетімізде теңге туралы айтамыз. Яғни біздің ұлттық теңгеміз .Біз ақша туралы білу үшін зертхана бұрышына барайық.
Ал енді балалар біз қандай мемлекетте тұрамыз.
Біздің ұлттық ақшамыз қалай аталады?
Теңгеміздің шығу тарихы туралы айтайын. Ең алғаш рет 1993 ж 15 қарашадан бастап айналымға енгізілді. Мынау ең бірінші шыққан теңге түрлері, онда қазақтың атақты би, хандарының суреттері бейнеленген. Ал мынау қазір қолданып жүрген теңгеміз. Бұл ақшаларда ненің суреттері бейнеленген екен., назар аударайық.
Теңге туралы кім қандай тақпақтар біледі?
Ал енді ақша туралы мақал-мәтел білесіңдерме?
Ал енді балалар біздің үйімізге ақша қайдан келеді?Осы сұраққа жауап алу үшін мына тақтадағы суретке қарайық.
Мына балаға ат қояайық.
Мараттың әкесі құрлысшы болып жұмыс істейді.
Бұл мамандықтар адамға не үшін керек?
Жалақы дегеніміз ол не балалар?
Ия. Еңбек етпеген адамда ақша болмайды екен.
Балалар тақтадан нені көріп тұрмыз.
Кім банкаматқа әкесі мен анасымен барып көрді.
Дұрыс айтасың. Еңбекақыны банкаматтан ала аламыз. Ал көп ақша сақталатын жерді недеп айтаммыз.
Балалар еңбекақыны алған соң ,өзімізге қажетті заттарды алу үшін дүкенге барамыз.
Енді «Дүкен» ойынын ойнаймыз.
Балалар ақшаны алғаннан кейін үнемдеуіміз қажет. Үнемдеуді білмеген адам шығынға ұшырайды.
Дәптермен жұмыс
Дәптердегі тапсырмаларды ауызша орындау.
Сергіту сәті.( Би терапиясы)
Банктегі көрініс.
1-20 ға дейін тура және кері санау.
Зертханада балалар ақшаның түрлерін қарап, ұстап көріп, олардың түстерін айтып қазіргі теңге ,мен бұрынғы теңге түрлерін салыстырып білімдерін қорытындылайды.
Біз тәуелсіз Қазақстан Республикасында тұрамыз.
Теңге.
Мен, теңгемін, теңгемін
Қазақ деген елденмін
Тәуелсіздік тұғырым
Жарқын менің ғұмырым
Ақша кетуге тырысады
Есеп ұстауға тырысады.
Теңге тиыннан өссер
Жылқы құлыннан өссер
Мамандық иелерінің суреттерін көріп тұрмыз.
Айшаның анасы дәрігер.
Әділдің мамасы сатушы.
Айгүлдің анасы мұғалім.
Әр адам мамандығы бойынша еңбек етіп,жалақыларын алады.
Ол ақша.
Банкаматты.
Менің әкем жұмыстан келген соң мені өзімен бірге банкаматқа апарды. Өз еңбекақысын осы жерден алады.
Банк.
Сұраққа жауап беру.
Аяулым( депозит салымшысы)
Сәлеметсіз бе?
Мен ақшамды депозитке салайын деп едім. Оның пайдасы неде.
Айзат( банк қызметкері)
Сәлеметсіз бе? Мен түсіндірейін .Біздің депозитте сіз өз ақшаңызды үнемдеп , ертеңгі күнге жинақтап , және банктың пайызы арқылы көбейте аласыз.
Аяулым . Рахмет ,мен ендеше депозитке салайын.
Балалар ақшаны үнемдеген жөн екен.
«Кім? Қайда?, Неге?» ойыны
Шарты: Ортадағы айналатын барабан үстінде сұрақтар бар. Барабан қай сұраққа тоқтаса, сол сұраққа жауап беру керек. Ойнаймыз ба?
1.Біздің ұлттық валютамыз қалай аталады?
2. Сөз қолданысында теңгені үш тілде айтып көр.
3.1 теңгеге 1теңгені қосқанда неше теңге болады.
4. Банкте не сақталады?
5. Банкаматтан не аламыз?
Балалар бүгінгі оқу іс-әрекетінде немен таныстық?.
Теңгені қалай жұмсау керек?
Мадақтау.
Ия
Теңге.
Қазақ тілінде- ақша
Орыс тілінде- деньги
Ағылшын тілінде- money
Ақша
Еңбекақы, зейнетақы аламыз
Тип материала: | Документ Microsoft Word (docx) |
---|---|
Размер: | 16.16 Kb |
Количество скачиваний: | 7 |